Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде


Элементтер Түйінді идеялар



бет11/50
Дата07.10.2024
өлшемі4,69 Mb.
#205764
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
УМКД2

Элементтер



Түйінді идеялар

Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме

Оқу бағдарламасын меңгеру, бағалау критерийлерін бақылау, өлшеуге қатысты берілген оқу мақсаттарына жеткенін айғақтайтын нақты нәтижелер арқылы бағаланады.

Кері дизайн

Кері дизайн технологиясында оқу үдерісінің жобалануы: Оқу бағдарламасы → Бағалау жүйесі → Оқу және оқыту үдерісі

Әлеуметтік-конструктивистік
білім беру теориясы

Оқушы пассивті бағаланушыдан бағалау үдерісінің белсенді «жасаушысына/құрылысшысына» айналады; «нені», «қалай» және «неліктен» бағаланатынын түсінеді. Бұл оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланыстың сапасының, оқушының өзін-өзі реттеуі мен өзіндік жауапкершілігінің артуына ықпал етеді.

Оқу мақсаттарының таксономиясы

Оқу мақсаттары ойлау дағдыларының алты деңгейімен сипатталады: білу және түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау

Сөйлеу әрекетінің теориясы

Тілдік пәндер бойынша бағалау критерийлері 4 тілдік дағдыларды сипаттайды: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым

Жақын арадағы даму аймағы

Мұғалім мен құрдастарының қолдау көрсетуі арқылы оқушының дамуына қолайлы орта орнатылады

Скаффолдинг теориясы

Оқушыларды қадамдық қолдау және әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдану

Қалыптастырушы бағалаудың теориясы

Бағалаудың негізін үш сұрақ құрайды: «Білім алушылар оқудың қай сатысында тұр?», «өз оқуында олар қайда ұмтылады?» «соған жету үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?»

Білімді толық меңгеру теориясы

Оқушының оқу жетістігі деңгейіндегі айырмашылықты үш фактор арқылы түсіндіреді: Білім алушылардың бастапқы білімін бақылау және оқу үдерісін олардың қажеттілігіне сай бейімдеу; мүмкін болатын сәтсіздіктерге берілмеу үшін алдын-ала қолдау көрсету арқылы оқушыны ынталандыру; жеке қолдау көрсету және марапаттау

Критериалды бағалаудың теориялық аспектілері  құзыреттілік тәсілдемесіне негізделеді. Құзыреттілік тәсілдемесі оқу нәтижелерін бағалау білім алудың белгілі сатысында білім алушылардың «жыл басында» қол жеткізген білімдерінің деңгейлерін талдауға негізделеді.


Күтілетін нәтижелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМББС) және оқу бағдарламасын толық меңгерудің қорытындысы бойынша туындайтын білім алушылардың тәжірибесінен және қабілетінен, дағдысынан, білімі мен білігінен көрінеді.
Экономикалқ ынтымақтастық ұйымы одан әрі (ЭЫДҰ, 2003) баяндамасында құзыреттіліктің үш санатын атап көрсетеді:
 құралдарды интерактивті қолдану: сөйлеу, символдар мен мәтіндер; білім мен ақпарат; технологиялар;
 әркелкі топтарда әрекет ету: басқалармен жақсы қарым-қатынаста болу қабілеті, командамен жұмыс жасау және ынтымақтастық, шиеленісті шеше білу және басқар;.
 өз бетінше әрекет ету: көріністі жан-жақты көре білу және әрекет ету қабілеті, жеке жобалар, өмірлік жоспарларды қалыптастыру, жүзеге асыру, қажеттіліктер мен нормаларды, қызығушылықтарды, құқықты сақтап қалу, қорғау.
Білім берудегі құзыреттілік тәсілдемесі адамның іс-әрекетке дайындығын, өмірге қажетті құзыреттіліктерді алу жолымен әлеуметтік ортада қызмет етуін анықтайды.
Білім берудің нәтижесін ұсынатын деңгейдің бірі  функционалдық сауаттылық болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған функционалдық сауаттылықты дамытуға жалпы бағыттылық, ондағы мақсаттың бірі жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру. Еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту болып табылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет