Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет14/50
Дата07.10.2024
өлшемі4,69 Mb.
#205764
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
Байланысты:
УМКД2

Агенттер

Білім алушы оқуда
неге талпынады?

Білім алушы
оқытудың қай
сатысында?

Білім алушы
қойылған мақсатқа
қалай жетеді?

Мұғалім

- Бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижелерді түсіндіру.
- Бағалау критерийлерін, күтілетін нәтиже-лердіжалпы түсінуін қалыптастыру.
- Бағалау критерийле-рін, күтілетін нәтиже-лерді жалпы түсінуін қалыптастыру.

- Оқушылардың түсінгенін айғақтау ретінде қызмет ететін тиімді сынып ішіндегіпікірталасты, басқа
оқу міндеттерін қалыптастыру

Оқушыларды
алға ұмтылуға
ынталандыратын кері байланыс беру

Құрдас

- Оқушыларды өзара оқыту ресурстары,
құралдары ретінде қолдану



Оқушы

- Оқушылардың өз білімдерін өздері
«жасаушылар/құрушылар» ретінде қалыптасуы

Мәліметтер қалыптастырушы бағалаудың бес негізгі стратегиялардан тұратынын көрсетеді:


→ Бағалау критерийлері мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру;
→ Білім алушылардың түсінгені туралы дәлелді көрсететін сыныптағы өзара әрекет пен тиімді тәсілді қалыптастыру;
→ Білім алушыларды нәтижеге жетуге ынталандыратын кері байланыс беру;
→ Білім алушыларды өзара оқу ресурстары, дереккөздері ретінде қатыстыру;
→ Білім алушыларды өз білімдерін өздері «жасаушылар/құрушылар» ретінде қалыптастыру.
Келесі аспектісі білімді толық меңгеру теориясы
Б.Блумның білімді толық меңгеру теориясы (Learning for mastery, 1970) жақсы оқитын білім алушы мен нашар оқитын білім алушы нәтижелерінде 90% айырмашылық болатынын түсіндіретін негізгі үш факторды анықтайды.
Бірінші фактор білім алушылардың жаңа тапсырмаларды шешуді меңгеріп, оқу үдерісіне бейімдей алатын түрлі білімі мен қабілеттерін диагностикалауды болжайды. Бұл нәтижелердің қорытынды айырмашылығын 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Екінші фактор болашақта оқуды ынталандыруға ерекше әсер ететін, алғашқы келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған эмоционалдық қолдау көрсетуді болжайды. Нәтижесінде жетістік қорытындысының айырмашылығын 25%-ға дейін қысқарту мүмкін болады.
Үшінші фактор оқу ортасы мен уақытты есепке ала отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде жеке қолдау мен марапаттауды ұсынады. Осылайша, қорытынды нәтиженің 25% ерекшелігі қысқаруы мүмкін.
Білімді толық меңгеру теориясы жиынтық бағалау кезінде балдарды есептеу әдістемесі мен баға қою механизмін анықтаудың негізі болып табылады. Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудағы балдардың түрлі әсер етуі тоқсанның соңына дейінгі қорытынды бағаны жақсартуға мүмкіндік береді. Тоқсан барысында білім алушылар алғашқы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық жұмыста төмен балл алса, онда қорытынды нәтижені жақсарту мүмкіндігі сақталады.
Оқу мақсаттарының таксономиясы
Оқу мақсаттары білім алушылардың ілгерілеуін көрсету үшін тиімді пайдаланылуы мүмкін. Критериалды бағалау жүйесінде оқу мақсаттары ерекше маңызды, олар критерийлерді анық, жеңіл, түсінікті формада құрастыруға мүмкіндік береді. Әр оқу бағдарламасында оқу мақсаттары білім алушылардың пәнді меңгеруін дамытуы қажет білімі мен дағдыларын анықтайды.
ҚР МЖМББС күтілетін нәтижелерді анықтау, осы дамытуды ақпараттандыру үшін оқу бағдарламасындағы негізгі бағыт болып табылатын Б.Блумның (1956) таксономиясы қолданылады.
Оқу мақсаттарының таксономиясы (Блум, Кратволь, 1956) ойлау дағдыларының алты деңгейін болжайды:








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет