ТҮСІНІКТІ
НАҚТЫЛАУ
|
Бағалау – объектінің құндылықтарын, кемшіліктерін, маңыздылығын және басқа да сипаттамаларын белгілі бір критерийлер мен стандарттар негізінде анықтау үдерісі.
|
Жинақтау – алғашында бөлінген ұғымдарды біртұтас біріктіру үдерісі..
|
Талдау – біртұтас объектіні жақсылап зерттеу немесе оның мән-мағынасын түсініп-білу мақсатында ұсақ құрамдас бөліктерге бөлу үдерісі.
|
Қолдану – жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада қолдану.
|
Түсіну – негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту арқылы деректер мен идеяларды түсінгенін көрсету.
|
Білу – деректерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өтілген материалдың есте сақталғанын растау.
|
ҚР МЖМББС қолданылатын таксономиялық тәсіл оқу мақсаттары ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес бағалау критерийлерін құрастыруға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінде бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша төменгі деңгейдегі дағдылар: білу және түсіну; қолдану; ал, жоғары деңгейдегі дағдылар: талдау, жинақтау және бағалау.
Критериалды бағалаудың теориялық бағытының бірі - сөйлеу әрекетінің теориясы
И.А.Зимняя «Тілдік пәндерді оқыту сөйлеу әрекеттерінің толық сипаттарын меңгеріп, өз бетінше қалыптастыру тұрғысынан жүзеге асырылуы қажеттігін атап көрсетеді. Сөйлеу әрекеттерінің түрлері мынадай дағдыларды қамтиды: ақпаратты еске түсіру дағдысы ретіндегі айтылым мен жазылым,сондай-ақ, ақпаратты қабылдауға бағытталған дағды ретіндегі тыңдалым мен оқылым.
Бағалау критерийлері аясында тілдік пәндер үшін ұсынылған сөйлеу әрекеттері дағдылары бойынша ҚР МЖМБС-нда күтілетін нәтижелерге сәйкес білім алушылардың не істей алатыны, коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері қандай мақсатта тексерілуі қажет екендігі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |