Оқушылар шешуші мезеттерді түсіндіреді Мұғалім оқушыларға сабақтың басында олардың сабақ соңында сабақтың шешуші мезеттерін түсіндіруге тиіс екенін айтады. Алдын-ала қоюға болатын екі сұрақты мысалға келтіреміз:
1) «Пифагор теоремасы дегеніміз не және оны қай кезде қолдануға және қолданбауға болады?»
2) «Үшбұрыштың белгісіз жағын табу үшін теореманы қалай пайдалануға болады?» немесе «Кромвельді кім және неліктен қолдады?», «Кромвельдің қандай мақсаттары болды және біз олар туралы қайдан білеміз?»
Содан соң сабақ белгіленген екі шешуші мезетті оқыту мақсатында жалғасады. Түсіндіру сабақ соңында бес минуттан он минутқа дейін уақыт алады.
– оқушылар жұпқа бөлінеді және мынандай тапсырма ұсынылады: «терезеге жақын отырғандар, бірінші сұраққа жауап беріңіздер»;
– оқушылар бір минут ішінде бір-біріне не айтатыны туралы ойланады;
– олар бір-біріне шешуші мезеттерді түсіндіреді және тыңдаушы екі оқушы да әңгімесін аяқтаған соң ғана жауапты қалай жақсартуға болатынын айта алады;
– сосын мұғалім жауап үлгілерін ұсынып, жұптардан «нені аңғармадыңыздар немесе неден қателестіңіздер?» деп сұрайды. Осыдан соң жұптар алдымен өздерінің қателерін, содан соң бір-бірінің қателерін түзетіп талқылау жүргізеді;
– мұғалім оқушылардан келесі сабақтың басында қайтадан өзара түсіндіруге әзірленуді өтіне алады. Бұл тапсырманың міндеті алғашқы өзара түсінісу барысында анықталған әлсіз тұстарды бекіту болып табылады.
Оқушылар немесе олардың мұғалімдері бұл әдісті механикалық жадыны жақсартатын «жаттап алу» тәсілдерінің бірі ретінде қарастыру қаупі бар. Дегенмен де, оның мақсаты шешуші мезеттер, материал құрылымы және оның мағынасының тиісті дәрежеде түсінікті болуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан шешуші мезеттердің неліктен шешуші болып табылатынына назар аударту және ақпарат құрылымының мәнін атап көрсету керек. Сондай-ақ, неліктен және «не» оқылатынына назар аудару қажет.
Аталған стратегия, кем дегенде, оқушының жетістіктерін арттыратын кейбір «мүлтіксіз оқыту» сапаларына ие.
Оқушылар өздерінің сұрақтарға берген жауаптарын түсіндіреді. Бұл әдіс жоғарыда айтылғанның ықшамдалған нұсқасы болып табылады. Ол оқушылардың сұрақтар мен жауаптарға ынталануы, сондай-ақ оқушылардың сұрақтарға толық тартылуы үшін қажетті «күту уақытын» ұсынатындықтан пайдалы.
– Мұғалім не болатынын оқушылардың білуі үшін мынадай үрдісті түсіндіреді.
– Ойлануға жетелейтін арнайы сұрақ береді, не қағазда орындау үшін шағын тапсырма немесе осыған ұқсас нәрсе береді.
Белгілі бір уақыт ішінде жалғыздан, оқушылар өз бетінше жұмыс жасауға тиіс.
– Оқушылар бір-біріне өз жауаптарын түсіндіреді. Серіктесі өзінің түсіндіруін аяқтаған кезде ғана, оның жауабын талдауға немесе түсінік беруге болады. Екі жауап та берілген кезде, оларды салыстыруға және талқылауға болады.
– Мұғалім сұрақтың дұрыс жауабын береді және оқушылардан оны қаншалықты түсінгендерін талқылауды және өздерінде кездескен толық түсінбеушілікті оқып үйренуді өтінеді.
Бұл Каррол әзірлеген және зерттеген жоғарыда көрсетілгеннің нұсқасы. Ол қарапайым әдіске қарағанда, неғұрлым көп кезеңнің пайдаланылуына қарамастан, бұл әдістің оқушыларға дағдыларды тезірек үйренуге және азырақ қателер жасауға мүмкіндік беретінін байқады (тек қана 1 және 6 кезеңдер пайдаланылатын жағдайда).
– Қалыпты тәсілмен тақтада «дауыстап ойланып» және түсіндіре отырып, мұғалім «бұны қалай жасау керектігін» көрсетеді. Мысалы, белгісіз бұрышты анықтау үшін тангенстерді қалай пайдалану керек, дәйекшелерді қалай пайдалану керек, сценарийден ауруды қалай күту керектігі туралы жоспарды қалай құру керек және т.с.с.
– Оқушылар жұптары бойынша бөлінеді, өздерінің достарымен болуы міндетті емес.
– Мұғалім жауап үлгілері толық өңделген сұрақтардың екі тізбесін дайындайды. Әрбір тізбеде мұғалім көрсеткен сұрақтармен өте ұқсас әртүрлі типтегі сұрақтардың белгілі бір санынан тұрады. Әр жұп сұрақтардың бір тізбесін алады. Әрбір оқушы келесі кезеңде бір сұрақтар тізбесімен жұмыс жасайды.
– Оқушылар өз бетінше келесі кезеңге дайындала отырып, бір-бірден жауап үлгілерін зерделейді (мысалы, 5 минут бойы)
– Әр оқушы өз серіктесіне не жасалғандығын және неліктен жасалғандығын, жұмыс әдістері мен стилінің неліктен дұрыс болып табылатындығын көрсете отырып, өз жауаптар үлгісінің тізбесін түсіндіреді.
– Содан соң оқушылар қалыпты тәсілмен өз бетінше тапсырмаларды орындау үшін жұмыс істейді.