Бағалау таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру.
Кесте - 5. Бағалау деңгейінің сипаттамасы
Бағалау деңгейі
|
- Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді;
|
- Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
|
- Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
|
- Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
|
Кесте - 7. Блум таксономиясы деңгейлеріне сәйкес сұрақтар құрастыру үлгісі
Ойлау деңгейі
|
Сұрақтар үлгілері
|
Білу
|
Не? Кім? Қашан?
|
Түсіну
|
Не …. үлгісі болып табылады? … не тұспалданады? … басқаша қалай түсіндіруге болады? … бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?
|
Қолдану
|
Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?
|
Талдау
|
Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі?
|
Жинақтау
|
Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?
|
Бағалау
|
Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?
|
Бастауыш сыныптың «Ана тілі» пәніндегі «Әке мен бала» тақырыбына байланысты Блум таксономиясына құрастырылған сұрақтар мен тапсырмаларға көз жеткізуге болады.
Кесте - 8. Блум таксономиясына құрастырылған сұрақтар мен тапсырмалар
Ойлау деңгейі
|
Сұрақтар
|
Оқушы жауабы
|
Білу
|
Әке мен бала әңгімесінің авторы кім?
|
Ы. Алтынсарин
|
Түсіну
|
Аталмыш әңгімедегі әкенің әрекетін қалай түсінесіздер?
|
Әкесі тағаны жерден еңкейіп алды
|
Қолдану
|
Әкесі ескі тағаны іске қалай пайдаланды?
|
3 теңгеге сатып, шие сатып алды. Ескі затты іске асырды.
|
Талдау
|
Әңгімедегі әке мен баланың байланысы бір-бірімен үйлесе ме?
|
Әке ақылшы, еңбекқор.
Бала еріншек, жалқау.
|
Жинақтау
|
Әкесі баласын қалай тәрбиеледі?
|
Бір еңкейіп алудың орнына 10 рет еңкейіп алды.
|
Бағалау
|
Ерінген екі істер дегенді қалай түсінесіңдер?
|
Аз ғана қанағат етпеген, көптен құр қалады,
|
Блум таксономиясы (қолданылатын етістіктер) кесте әр деңгейдің, сондай-ақ, мұғалімнің және оқушының тарапынан біліктілігіне сәйкес жүзеге асыратын әрекеттердің спецификациясын сипаттайды.
Кесте - 9. Блум таксономиясы бойынша қолданылатын етістіктер
Деңгейі
|
Анықтамасы
|
Мұғалім не істейді?
|
Оқушы не істейді?
|
Оқушы талабына қарай қандай түйінді сөздер қолданылады?
|
Білу
|
Ақпаратты анықтау және іріктеу
|
Айтады, көрсетеді,
бағыттай-ды
|
Қабылдайдыесінде сақтайды, таниды
|
Атап өтіңіз, есте сақтаңыз, атаңыз
|
Түсіну
|
Ұсынылған ақпаратты түсіну; мәселелерді өз сөзімен тұжырым
дау
|
Салыстырады қарсы шығады, көрсетеді
|
Түсіндіреді
қайта жасайды, көрсетеді
|
Талқылаңыз, анықтаңыз, әңгімелеңіз
|
Қол-
дану
|
Жаңа жағдайдағы түсінікті қолдану
|
Қадағалай-ды, көмектеседі, сынайды
|
Мәселелерді шешеді, білімін көрсетеді
|
Қолданыңыз, есептеңіз, өзгертіңіз, таңдаңыз, жіктеңіз, аяқтаңыз, көрсетіңіз, табыңыз, сахналаңыз, әрекет етіңіз, зерттеңіз, эксперимент жүргізіңіз, суреттермен спаттаңыз, түсіндіріңіз, түрлендіріңіз, пайдаланыңыз, жаттығыңыз, сәйкестендіріңіз, жоспарлаңыз, таныстырыңыз, нобайын жасаңыз, шешіңіз, қолданыңыз
|
Анализ
|
Ақпараттар
ды қатысты бөлімдерге бөлу
|
Бағыттайды, зерттейді, ақпараттандырады
|
Бөлімдерге бөледі, талқылайды, ашып көрсетеді
|
Талдаңыз, бағалаңыз, топтастырыңыз, есептеңіз, тиянақтаңыз, жіктеңіз, салыстырыңыз, байланыстырыңыз, қарсы қойыңыз, сынға алыңыз, талқылаңыз, саралаңыз, ерекшелеңіз, бөліңіз, зерттеңіз, эксперимент жүргізіңіз, түсіндіріңіз, жасаңыз, реттеңіз, күмән келтіріңіз, сәйкестендіріңіз, таңдаңыз, бөлшектеңіз, тексеріңіз
|
Синтез
|
Ақпараттар
ды құрастыру
|
Жинақтай
ды, бағалайды, пайымдай
ды
|
Жинақтайды, тұжырымдайды, жоспарлайды
|
Топтастырыңыз, жинақтаңыз, құрастырыңыз, қосыңыз, құраңыз, жұмыс жасаңыз, тұжырымдаңыз, жинақтаңыз, біріктіріңіз, ойлап табыңыз, түрлендіріңіз, ұйымдастырыңыз, жоспарлаңыз, дайындаңыз, ұсыныңыз, қайта топтастырыңыз, қайта жазыңыз, құрыңыз, ауыстырыңыз
|
Баға-лау
|
Критерий-
лер негізінде бағалау
|
Нақтылайды, жібереді, теңестіреді
|
Пікірлеседі, бағалайды, таңдайды
|
Дәлеледеңіз, таңдаңыз, салыстырыңыз, қорытынды жасаңыз, сендіріңіз, шешіңіз, негіздеңіз, түсіндіріңіз, өлшеңіз, болжаңыз, бейімдеңіз, қайта ұсыныңыз, бөліп көрсетіңіз, есептеңіз, қолдаңыз, тексеріңіз, бағалаңыз
|
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.
Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.
Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |