Дәрістердің толық МӘтіні тақырыбы: КӘсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары дәрісте қарастырылатын сұрақтар: Кәсіпкерліктің мәні. «Бизнес» және «кәсіпкерлік»



бет2/34
Дата03.11.2022
өлшемі396,5 Kb.
#156314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 6-15-1

Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді:
1. Өндірісті қорлармен қамтамасыз ету. Оған өндірістік факторлар:

  • ғимарат, құрылыс,

  • құрал-жабдық,

  • аспаптар,

  • жер,

  • шикізат-материалдар,

  • отын,

  • жұмыс күші,

  • ақпарат және т.б. жатады.

2. Кәсіпорынның экономикалық, және техникалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету:

  • ғылыми-техникалық прогресс;

  • өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;

  • кадрлардың біліктілігін жетілдіру;

  • инновация мен инвестиция.

3. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметтерінің коммерциялық саласын қалыптастыру факторлары: тиімді коммерциялық және жабдықтау
кызметтері.
Кәсіпорының қызметінің негізгі факторлары:
1. Жер. Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады. Табиғи байлықтар «орны толатын» және «орны толмайтын» болып бөлінеді.
2. Жұмыс күші - ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың тәжірибелік және интеллектуальды құрамы.
3. Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі, тиісті қызмет көрсетіледі.
4. Кәсіпкерлік - меншікке негізделген, несиеге алынған жене басқа да мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет.
Капитал - тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.
Кәсіпкер - жеке тұлға, ол:

  • өндірістік-шаруашылық;

  • көтерме сауда;

  • инновация;

  • кеңестер беру;

  • коммерциялық делдалдар;

  • бағалы қағаз операциялары жөне тағы да басқа сияқты заңмен тыйым салынбаған кез-келген қызмет түрлерімен айналысуына құқылы.

Инновация - жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапалық жағынак жетілдіруге багытталған күрделі құбылыс. Ол үш кезеңді камтиды:

  • зерттеуді бастаудан өңдірісте алғаш рет игеруге дейін;

  • алғашқы игеруден бастап бұйымды тұтынушылардың қажеті қанағаттандыру мақсатында тиісті мөлшерде өндіруге дейін

  • одан соң бұйымды тұтынушы пайдаланады, күтеді, кәдесіне жаратады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет