Дәрістердің толық мәтіні тақырып қазан революциясы және оның алғышарттары



бет7/17
Дата25.12.2021
өлшемі101,32 Kb.
#105335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Ð”Ó™Ñ€Ñ–Ñ Ñ‚ÐµÑ€ жинағы

Бекіту сұрақтары:


  1. Ауыл шаруашылығын кеңестендіру қарсаңында Қазақстандағы жағдай қандай еді.

  2. Қазақстандағы күштеп кеңестендірудің сабақтары қандай.

  3. Ауыл шаруашылығын кеңестендіру саясатына шаруалар қарсылығының ауқымы мен сипаты қандай болды.


ТАҚЫРЫП 5. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ ДАМУЫ


  1. Индустрияландыру: сипаты, қарқыны, ауқымы.

  2. Индустрияландыру кезіндегі елдегі экономикалық жағдай.

  3. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.

  4. Жұмысшы табының социалистік индустрияландыруды жүзеге асыруда атқарған қызметі.

Елде халық шаруашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейін партияның ХІY-шы сьезінің шешімдері мен нұсқауларына сәйкес елді индустрияландыру бағыты іске асырыла бастады. Индустрияландыру өндіріс құрал-жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт, фабрикаларды жаппай салумен тығыз байланыста болды. Мұндай кәсіпорындар бұрынғы КСРО-ң шығыс аудандарында, оның ішінде Қазақстанда көптеп бой көтерді. Олардың салынуы артта қалған шет аймақтарды өндірісі, өнеркәсібі дамыған орталық аудандармен теңестіру ұранымен жүргізілді. Бұндай мақсаттың қойылуына Қазақстанда бай шикізаттың болуы да әсер етті. Бұл өлкеде темірдің, көмірдің, түсті металдың, мұнайдың мол қоры болды. Осы қорды игеру мүдделері бұл жерлерде көптеген жаңа өндіріс орындары мен құрылыстарын салуға қалтқы болды.

Индустрияландыру Қазақстан еңбекшілерінің өмірлік мүдделеріне қайшы келген жоқ. Оның дамуы біріншіден, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуына, екіншіден, жұмысшылардың өндірістік-техникалық дәрежесін көтеруге, үшіншіден, Қазақстанның өнеркәсіптік деңгейін бекітуге, сол арқылы көлік шаруашылығын және басқа да салаларды жаңа техникалық негізде қайта құруға, сөйтіп халықтың материалдық жағдайын, әл-ауқатын жақсартуға көмектесуге тиісті болды.

Қазақстанның индустриялық дамуына бағыт ұстауына байланысты бұл мәселеге ұлы державалық шовинистік және жергілікті ұлтшылдық психология мен пиғылдардың да бой көрсеткенін айта кету керек. Республикада өркендету саясаты іске аспайды, өйткені артта қалған көшпелі халық индустрияның дамуына шыдай алмайды деген шовинистік көзқарастар және дамудың феодалдық сатысынан социализмге өту мүмкін емес, көшпелі қазақ халқының ұлттық ерекшелігі, ал индустрияландыру осы ұлттық ерекшелікті бұзады деген пайымдаулар да айтылды. Өлкеде өз алдына томаға-тұйық, шаруашылық құру теориясын ұсынушылар болды. Қазақстанда өндірістік күштерін өрге бастыруда, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының зор маңызы болды. 1927ж. басталған бұл құрылысқа мемлекет тарапынан 200 млн. сом қаржы жұмсалып, оны тез аяқталу үшін істелген шаралардың нәтижесінде ол мерзімінен 17 ай бұрын 1930ж. 25 сәуірде іске қосылды. Оның құрылысын жүргізуге бұл тұста РКФСР Халкомы Төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов, темір жол инженері М.Тынышпаев т.с. елеулі үлес қосты. Сол жылдарда республикада түсті металл өндіру қарқыны едәуір күшейді. Риддер полиметалл, Қарсақбай мыс қорыту комбинаттары іске қосылып, жаңа техникамен жарақтанды. Балқаш мыс қорыту зауыты, Текелі полиметал комбинаттары, Өскемен мырыш зауыты салына бастады. Сөйтіп соғысқа дейінгі бесжылдықтарда түсті металл кәсіпорындарының негізгі өндіріс қоры 27 есе артып, респубика ірі өнеркәсібі негізгі өндіріс қорының 40 процентін құрады.

Республика көмір өнеркәсібінің, әсіресе Қарағанды көмір алқабының зор маңызы болды. Ол Кеңестер Одағының үшінші көмір ошағы деп аталды. Республика мұнай өнеркәсібі алғашқы үш бесжылдықта бүкіл елдегі мұнай өнімінің бестен бірін беріп, үшінші орынға шықты. Сөйтіп түсті металл, көмір мұнай өнеркәсіп салалары Қазақстан ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгенін көрсетті. Сонымен қатар химия, энергетика, метал өңдеу сияқты өнеркәсіп салалары да өркендей түсті.

Республика кен-химия өнеркәсібінің тұңғышы - Ақтөбе химия комбинаты салынды. Шымкент химия-фармацевтік зауыты, Аралсульфат комбинаты іске қосылып, Теміртау синтетикалық каучук зауыты, Қаратау химия комбинаты салына бастады. Көптеген электр станциялалары жұмыс істеп, соғыс алдында Ертіс өзенінің бойынан Өскемен су электр станциясы, Қарағанды бу электр станциясын салу қолға алынды.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтере бастады. Олардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, Гурьев балық-консерві, Алматы жеміс консерві комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықорғандағы қант зауыттары сияқты кәсіпорындар іске қосылды.

Соғысқа дейін республикада мыңдаған шақырым жаңа жол салынды. 600-ден астам өнеркәсіп орындары іске қосылды. Индустрияландыру барысында Қазақстан индустриялы-аграрлы елге алынды. Өнеркәсіп өнімінің халық шаруашылығындағы үлес салмағы 60 проценттен асты. Қазақстан өнеркәсібін өркендетуге 1928-1940жж. 4,6 млрд. сом күрделі қаржы жұмсалды.

1940ж. Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысынан көбі қазақ жұмысшылары болды. Республикада көптеген инженер-техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты. Индустрияландыру барысында өндірісте екпінділер, еңбек озаттары, шаруашылық есеп бригадалары, стахановшылыр қозғалысы өріс алды. Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. Олар салық төлеу, заемға жазылу, қолда бар қаржыларын қымбат заттарын индустрияландыру қорына өткізу арқылы өнеркәсіптің дамуына ат салысты. Шаруалар астық, мал шаруашылығы өнімдерінің басым көпшілігін мемлекетке өткізу арқылы индустрияландыру ісін барынша қолдады. Бұл мәселеде наразылық білдірушілер шықса, олар ұсталып, айдалып, аластатылып отырды. Бұндай қуғындалғандардың негізгі бөлігі ауқатты шаруалар болды. 1927-1928жж. Ауқатты кулак шаруашылықтары шаруалар қожалықтарына есептелген ауыл шаруашылығы салығының бүкіл сомасының 33 процентін төледі, ал мал өсіретін 0,6 процентін ірі шаруашылықтар мал өсіретін аудандар бойынша есептелген салықты бүкіл сомасының 25 процентін төледі. 1928-1929жж. салық төлеу жылы 1927-1928жж. салыстырғанда салық ауыртпалығы 98,8 процент артты. Күштеудің бұндай әдістері ауқатты шаруалардың наразылығын туғызды.

Дегенмен, индустрияландырудың елді экономикалық артта қалушылықтан шығаратынына жалпы халық сенді. Сондықтан да еселеген күш-жігермен еңбек етті. Өндірістегі, еңбектегі белсенділік бұрын-соңды болып көрмеген жоғары дәрежеде дамып, индустрияландыру ісінің табыстарына қалтқы болды деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет