Дәрістердің толық мәтіні тақырып қазан революциясы және оның алғышарттары


Қазақстандағы “әскери коммунизм саясаты”



бет3/17
Дата25.12.2021
өлшемі101,32 Kb.
#105335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ð”Ó™Ñ€Ñ–Ñ Ñ‚ÐµÑ€ жинағы

Қазақстандағы “әскери коммунизм саясаты”.

Қазақстанның азамат соғысына араласуы және оның территориясындағы әскери қимылдар: Қазақстанның оңтүстігінде,солтүстік-шығысында Кеңес өкіметінің құлатылуы. Жетісу, Орал, Ақтөбе, Түркістан майдандарының құрылуы. Азамат соғысы жылдарында қоғамның әскери, саяси жіктелуі. “Ақ” және “Қызыл” террор. Жергілікті жерлердегі “ақтар” мен “қызылдардың” идеологиясы, саясаты. Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуы алғашқы күндерден бастап құлатылған таптардың қарулы қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды. Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917ж. қарашасында Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты. Ал 1917ж. қарашасында революцияға қарсы ошақ Оралда құрылды. Партизан қозғалысының аса ірі ошағы – Қостанай уезі болды. Ол Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында кең қанат жайды. Павлодар, Өскемен, Бұқтырма мен Зайзан уездерінде, әсіресе Зырян, Қатон Қарағай, Шыңғыстау болыстарында партизандар қозғалысы елдің едәуір бөлігін қамтыды. Черкас қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдың “Тау қырандары” отрядтарының қозғалысы сияқты оқиғалар Қазақстандағы азамат соғысы тарихында айтарлықтай орын алады. 22 жәнә 25-ші Чапаев дивизияларының ерен ерлігі, Орал мен Орынборды қаһармандықпен қорғау –тарихи атақ –даңққа бөленді. Азамат соғысы жағдайында Қызыл Армияны құру ісі де ойдағыдай жүзеге асырылды. Орыстармен бірге Қызыл Армия қатарына қазақ еңбекшілері де бара бастады. 1919 ж. Степан Разин атындағы бірінші Орынбор казак полкі ұйымдастырылды. 1919 ж. сәуірі мен шілдесі арасында Орал қаласын қорғауға қазақ эскадроны қатысты. Ол кейін бірінші Кеңестік үлгілі қазақ полкі болып қайта құрылды.



Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне орай 1918 жылдың жазында азамат соғысы кең көлемде жайылып кетеді. Олардың ең басты күші Чехославак корпусы болды. Ол революцияға дейін Австро-Венгрияның тұтқын солдаттары – чехтар мен словактар қатарынан құрылған болатын. 1918ж. мамыр айында Антанта империалистері чехославак корпусын бүлік шығаруға айдап салды. Бүлікшілер Сібірдің, Оралдың, Орта Еділ бойының және солтүстік-шығыс Қазақстанның бірқатар қалаларын басып алды. Орта Азия мен Қазақстандағы азамат соғысы жалпы Ресейдегі азамат соғысының құрамдас және ажырағысыз бөлігіне айналды. Бүлікті пайдаланған атаман Дутов 1918ж. маусымда Орынборды басып алып, Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Ақ гвардиялық “Сібір үкіметін” ресми түрде таныған Алашорда үкіметі атаман Дутовпен бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы шықты. 1918ж. 29 наурызға қараған түні Орал облыстық Кеңесін тас-талқан еткен ақ казактар қаланы басып алды.Ақ казактарға қарсы күресу үшін сәуір айында “Ерекше армия” құрылды. Сол жылдың жазында осы армияның әскерлері Оралды азат етуге екі рет әрекет жасады, бірақ жаудың күші басым болғандықтан қаланы алудың сәті түспеді. Колчактың Жетісуды да басып алу қатері төнді. 1918ж. қараша айында “Сібір армиясының” 2-ші Жеке Дала корпусы “Ташкентті басып алуды түпті міндеті етіп ”, Жетісу бағытында операция бастады. 1918ж. аяғында Жетісу майданынан атаман Анненковтың дивизиясы және басқа да әскер бөлімдері жіберілді. Солтүстік Жетісуда табан тірескен ұрыстар өріс алды. Азамат соғысының басталуы жағдайында Кеңестер әскери құрылысқа Түркістан мен Қазақстанның жергілікті халқын тартты. “Мұсылман ” бөлімдері деп аталған әскер бөлімдері құрылды. Ұлттық әскер бөлімдерін құру бастапқыда ерікті жүргізілді. 1920ж. Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды.Әскер бөлімдерін құру процесінде Дала өлкесінің төтенше комиссары Ә. Жангелдин, Торғай уезінің әскери комиссары А. Иманов, қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б. Қаратаев, сондай-ақ әскери бөлімшелердін командирлері және комиссарлары Т.Әлиев, С.Арғыншиев, Б. Алманов, Ж.Жәнікешев, М.Масанчи, А.Розыбакиев және басқалар халық арасында үлкен ұйымдастыру және тәрбие жұмысын жүргізді. Қазақстан территориясында өріс алған майдандардағы соғыс қимылдары ең алдымен Шығыс майдандағы соғыс операцияларымен тығыз байланысты болды. Ә.Жангелдин Қазақстанның Ақтөбе облысында елеулі рөл атқарды. Сөйтіп Ақтөбе майданына оқ-дәрі жеткізіп берді. 1918ж. қараша айында Шығыс майдандағы Қызыл Армия бөлімдері Орынборда орнығып алған атаман Дутовтың және Орал ақ казактарының әскерлеріне қарсы шабуылды өрістете түсті. Қазақстандағы Колчакшы әскерлерді талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді. Оңтүстік тобының қолбасшысы болып М.В. Фрунзе тағайындалды. Оңтүстік тобының әскерлері колчакшыларға күйрете соққы беріп, 1919ж. маусымда Уфаны азат етті. Осыдан кейін Орал қорғанысшыларына деру көмек көрсетіліп, қаланы азат етуге 25 - Чапаев дивизиясын аттандырды. 1919ж. жазында Шығыс майдан әскерлері Колчак қолын Оралдан асыра қуып тастады. 1920ж. 5 қаңтарда Түркістан майданының әскерлері Атырауды алды. 1919ж. аяғында Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды. 1920 жылдың наурызында азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы майданы –Солтүстік Жетісу майданы жойылды.

Кенес өкіметінің ауқымды эксперименті –“әскери коммунизм” саясаты соғыстың, күйретушілік, экономикалық дағдарыстың нәтежесі болды, іс жүзінде бүкіл өнеркәсіпті мемлекет қолына алуды, азық-түлік салғыртын, карточкалық жабдықтау жүйесін, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін, еңбекке бір мөлшерде ақы төлеуді енгізу болды. Азамат соғысы қазақ халқына, Қазақстанның көп ұлтты еңбекшілеріне сансыз көп қайғы-қасірет әкелді. Демографиялық жағдайды келеңсіз өзгерістер болды. Мал саны күрт азайды. Ауыл және село тұрғындары материалдық жоқшылыққа ұшырады. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттің құрылуы және оның қызметі. Революциялық комитеттерден Кеңестерге өту. Түркістан ісі жөніндегі БОАК мен РСФСР КХК комиссияларының қызметі. 1920ж. 26 тамыздағы Кеңес үкіметінің “Қырғыз (Қазақ) Автономиясы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” декреті. В.И. Ленин Қазақ Кеңестік мемлекеттілігін дайындау және құру туралы. ҚАКСР кеңестерінің құрылтай сьездері “Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы” және оның мазмұны. Қазақстандағы “ әскери коммунизм саясаты ”. “Әскери коммунизм”- большевиктердің тұңғыш рет “тауарсыз утопияны” жүзеге асыру әрекеті, национализациялау, еңбек міндеткерлігі, азық-түлік салғырты. Таптық террордың күшеюі. 1921-1922 жж. аштық. Апат аймағы. Шаруалардың қарсыласу қозғалыстары. Өлкедегі кеңестерге қарсы көтерілістер. Қызыл Армияның ақгвардияшылармен күрестегі табыстары, алаш полктарындағы толқулар мен көтерілістер, жігіттердің алаш милициясы қатарынан қашуы алашордашылар қатарының бөлінуін тездетті. 1919 жылдың наурызында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Алаш Ордаға амнистия (кешірім) жариялағаннан кейін және Алаш Орда басшыларының бірі А.Байтұрсынов пен оның жақтастарының үлкен бір тобының кеңес өкіметі жағына шығуына байланысты бұл процесс тоқтатуға болмайтын сипат алды. Қазақстан жерін ақгвардияшылардан босатуға сай, Кеңес өкіметі де қайта қалпына келтірілді. 1919ж. 10 шілдесінде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жарлығы бойынша Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитет (Ревком) құрылды.Қазревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтайды, қазақ мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтайлық сьезін шақыруға жағдай жасау оның басты міндеті болды.

1919ж. 10 шілдеде В.И. Ленин Қырғыз ( Қазақ ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің ең жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылды. Декретте оның мақсаттары мен міндеттері: контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу,өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау, Қазақстанда кеңестердің құрылтай сьезін әзірлеу деп белгіленді. Қазревкомның органы “Ұшқын” газеті шығарылды. Қазревком қазақ жерлерін біріктіру жөніндегі жұмыстар жүргізді. 1920 ж. 26 тамызда Кеңес үкіметі сол кезде кеңестік автономия негізінде құрылған тұңғыш федерациялық, мемлекет болған РКФСР құрамында “Автономиялы Қырғыз ( Қазақ ) Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” декрет шығарды. 1920 ж. 4-12 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай сьезі шақырылды. Онда Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқықтарының Декларациясын қабылдады. Ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін ҚазАССР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешевті басшы етіп, Орталық Атқару Комитетін (ОАК) және В. Радус-Зенковичті басшы етіп Халық Комиссарлар Кеңесін (ХКК) сайлады.

Партияның X-шы сьезі (1921 ж. наурыз ) азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы, жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады. Оның мәнісі саяси-иделогиялық салада-қатаң бір партиялық режим, өзгеше ойлау мен өзгеше әрекет етудің қандайын болса да тұншықтырып отыру: экономикада -әкімшілік рыноктық шаруашылық жүйесі болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет