Дәрістердің толық мәтіні тақырып қазан революциясы және оның алғышарттары



бет14/17
Дата25.12.2021
өлшемі101,32 Kb.
#105335
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ð”Ó™Ñ€Ñ–Ñ Ñ‚ÐµÑ€ жинағы

Бекіту сұрақтары:


  1. 50-жылдардың басындағы елдегі ауыл-село экономикасы қандай дәрежеде болды.

  2. Тың және тыңайған жерлерді игеру Қазақстанда қалай жүзеге асты.

  3. Қазақстанда МТС-ді қайта құру және техниканы колхоздарға сатудағы нәтижелер.


ТАҚЫРЫП 12. ҚАЗАҚСТАНДА 50-ЖЫЛДАРДЫҢ ОРТАСЫ 60-ЖЫЛДАРДАҒЫ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛ


  1. Жеке адамға табынушылықтың зардаптарымен күрес.

  2. Волюнтаризм мен субъективизмнің көріністері.

  3. Хрущевтің Қазақстанды сынақ алаңы етіп пайдалануы.


Сталин қайтыс болғаннан кейін 50-ші жылдардың орта шенінен бастап жеке адамға табынушылықтың зардаптарын жоюға, социалистік заңдылықты қалпына келтіруге бағытталған бірсыпыра шаралар іске асырылды. 1956ж. ақпан айында өткен партияның ХХ сьезі Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптап, оның зардаптарын жою, партия тұрмысының нормаларын қалпына келтіру, ішкі партиялық демократияны өрістету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды құптады. Жылымық жылдары деген атпен тарихқа енген 50 жылдардың екінші жартысынан былайғы кезеңде көптеген игі іс атқарылды. Басшылықтың ұжымдық принципі енгізіліп, әміршіл-әкәмшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Ұлт мәселесіндегі бұрмалаушылықтар түзетіле бастады. Ұлттық республикалардың құқығы кеңейтілді. 50-жылдардың екінші жартысынан бастап бүкіл елімізде, оның ішінде Қазақстанда іске асырылған экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық шаралар нәтижесінде дамудың көптеген көкжиектері ашыла бастады. Бірақ ол мүмкіндіктер толығымен орындалмай қалды. Оған кінәлі Н.С. Хрущев бастаған басшылықтың қызметіндегі субъективтік әдістер болды. Экономиканы басқару ісі ойдан шығарылған әрекеттердің ырқына түсіп кетті. Сол кездегі басшылықтың валюнтаристік идеяларымен әрекеттері қоғамның берекесін кетіре бастады. Өркөкірек жалған уәделер мен негізсіз болжамдар сөз бен істің арасын алшақтата түсті. 1960-1964жж. қоғамдық саясаттың ерекше белгісі, оның қайшылығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері, экономикалық дамудың белгілі бір табыстары және қияли, утопиялық жоспарлар, ішкі партиялық және қоғамдық өмірді демократияландыруға қадамдар жасау және Хрущевтің өзінің жеке басына табынудың күрт күшеюі сияқты қайшылықтар көрініс берді. Партияның ХХІІ сьезінде КОКП-ң жаңа Бағдарламасы туралы айта келіп, Хрущев: «Бұл коммунизмнің материалдық-техникалық базасын салу бағдарламасы, бұрынғылардан оның өзгешелігі – ол 20 жылға есептелген, шынайы бағдарлама» деп мәлімдеді. Бұл кезеңнің соңында коммунизмнің базасы жасалып бітеді, сөйтіп кеңес адамдарының қазіргі ұрпағы коммунизм тұсында өмір сүретін болады. Осынау сөздер ондаған миллион кеңес адамдарын шабыттандырып, оларды жан қиярлықпен еңбек етуге шақырды. Хрущев бүгінгі қиындықтар – уақытша қиындықтар, 20 жылдан кейін кеңес адамдарын тек жақсы өмір ғана емес, коммунизмнің басталуы күтіп тұр деп дәмелендірді. 60-жылдардың басында өнеркәсіппен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесінің кемшіліктері бірден-бірге айқындала бастады. Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне әкелді. Ауыл шаруашылығы өндірісін ойдағыдай дамытудың орасан зор мүмкіндіктері дұрыс пайдаланылмады. Республикада қоғамдық және жеке мүдделерді ұштастыру, колхоз, совхоз еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға деген материалдық ынталалағы принципінің бұзылуына жол берілді. Жоспарлауда, ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруда елеулі кемшіліктер болды. Таза жер көлемінің азайтылуы тың жерлердегі егіншілікті жүргізу жүйесіне зиянын тигізді, егіс алқаптарының қалыптасқан құрылымы бұзылды. Осының салдарынан Қазақстанда астық өндіру төмендеп кетті. Жетіжылдықтың алғашқы үш (1962-1964) жылында қарқынға айтарлықтай үстеме беруге мүмкіндік туғызған халық шаруашылық кеңестері енді кейбір жағымсыз жақтарында көрсете бастады. Жариялылықтың, сынның болмауы, КОКП Бағдарламасының және Хрущевтік реформаның адресіне айтылған сын-ескертпелер үшін коммунистерді, жеке азаматтарды қудалау елдің еңсесін түсіріп жіберді. Хрущевтің айтуымен республика басшылығыныңаударыс-төңкерісі жиіледі. Көп жыл Қазақстан партия ұйымының басшысы болып келген Ж.Шаяхметов орнынан алынды. Шаяхметовтың орнына П.К. Пономоренко (12.1954-7.1955), оны ауыстырған Л.И. Брежнев (7.1955-3.1956), одан кейін И.Д. Яковлев (3.1956-12.1957), одан кейін Н.И. Беляев(12.1957-12.1960), оны ауыстырған Д.А. Қунаев(12.1960-12.1962), одан кейін Хрущевтің ұнатуымен болған И.Ю. Юсупов (12.1962-12.1964) республикада партия басшылығының қалыптасып жұмыс істеуіне ықпал жасай алмады. Юсуповтан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің біріншісі хатшысы болған Д.А. Қонаев 80-жылдардың аяғына дейін істеп, республиканың экономикасы мен мәдениетін өркендетуге елеулі үлес қосты. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы етіп пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді сынақтап өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік жүргізу, жүгері егу т.б. тәжірибелер Қазақстан шаруашылығында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қалалардың аттары өзгертілді. Сөйтіп Ақмола –Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы- Орал облысы болды. Оған Қазақстанда қарсы келетін адам болған жоқ. Қазақ зиялыларының жағымпаз, жарамсыздықтарын шешуші буындарға орналастырып, олар арқылы қазақ халқын мәңгүрттендіріп орыстың патшаларының отарландыру саясатын санасыздықпен жандандырған ол қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруды армандады. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Сөйтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірістік жоспарлау мен ынталандыру жүйесін түбегейлі жақсарту қажеттігі пісіп жетіліп келе жатты. Қалаптасқан жағдайды түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шұғыл шараларды алған КОКП Орталық Комитетінің Қазан (1964ж.) Пленумы болды. Пленум Н.С. Хрущевті КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Советінің иіндеттерінен босатылды. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И. Брежневті сайлады, ал Кеңес өкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кеңесі А.Н. Косыгинді тағайындады. 1964-65 жж. Қазақстанда халық шаруашылығы Кеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық, одақтық-республикалық министрліктерінен кәсіпорындар бірлестіктері құрылды. Осы кезеңдерде ауыл шаруашылығының пайдасына ұлттық табысты қайта бөлу, селоның әлеуметтік мәселелерін неғұрлым дұрыс шешу, ауыл шаруашылық өніміне сатып алу бағаларын арттыру жөнінде шаралар алына бастады. Бұл реформаның маңызды элементі ауыл шаруашылығын басқарудың әкімшілік әдістерінен демократиялық әдістерге көшудің қажеттігін, сондай-ақ шаруашылық есепті кеңінен негіздеу болды. Жеке, қосалқы шаруашылықты жоюға байланысты өткен жылдардағы асыра сілтеушіліктер айыпталды. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы өндірісін едәуір жандандырды. Халықты азық-түлікпен жабдықтауды жақсартуға игі әсерін тигізді. Өнеркәсіп салаларында жаңа техниканы енгізу үшін әрбір кәсіпорында жоспарлар жасалды. Ірі кәсіпорындары мен құрылыстарда техникалық прогресте жәрдемдесу жөніндегі арнаулы комиссиялар құрылды. Сегізінші бесжылдықта жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа тәртібі бойынша Қазақстан ондаған өнеркәсіп орындары, соның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент заводы, Алматының Жетісу аяқ киім фабрикасы, Семей шұға комбинаты және басқалары жұмыс істей бастады. 1966ж. бұл кәсіпорындар өнім өткізу жоспарларын асыра орындап, жоспардан тыс көп пайда тапты. 1966-67 жж. жаңа жүйе бойынша жұмыс істеуге республикада негізінен неғұрлым ірі және пайдасы көп кәсіпорындар көшірілді. 1967ж. аяғына таман 193 кәсіпорын, яғни республика кәсіпорындары жалпы санының 10 проценті жаңа жүйе бойынша жұмыс істеді. 1968-69 жж. 13 министрлік пен ведомстволар өз кәсіпорындарын шаруашылықты жүргізудің жаңа жүйесіне көшуді аяқтады. Бесжылдықтың аяғында республикада жоспарлау мен материалдық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша 1467 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 80 проценттен астамы жұмыс істеді. Жаңаша жұмыс істеген кәсіпорындар материалдық ынталандыру қорына қаржы аударуды арттырып, осы арқылы әрбір қызметкерлердің өз кәсіпорнының сапалық көрсеткіштерін жақсартуға деген мүдделілігін күшейтті. Шаруашылық реформасы өнеркәсіптің, құрылыс пен көліктің тез қарқынмен дамуына жағдай жасап, бесжылдықтың тапсырмаларын орындауға елеулі рөл атқарды. Сөйтіп, сегізінші бесжылдық Қазақстанның өндіргіш күштерінің қауырт дамыған кезеңі болды. Ұлттық табыс 41 процент, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 55 процент артты. Өнеркәсіптің салалық құрылымында және территориялық орналастырылуында сапалық өзгерістер болды. Жаңа өнеркәсіп аудандары одан әрі нығайып дамыды, пайдалы қазбалардың жаңа кен орындары игеріліп, шаруашылық айналымға тартылды, өндірістік қорлар жоспарлы түрде ұлғайтылып, жаңартылып отырды. Бесжылдықтың аяғына таман 445 ірі кәсіпорын мен цех қатарға қосылып, жүздеген зауыттар мен фабрикалар қайта құрылды. Техникалық прогресс ең алдымен өнеркәсіптің, энергетика, түсті және қара металлургия, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі секілді салаларында ілгері басты. Қазақстанда астық және мал шаруашылығы бағытындағы совхоздардың саны сегізінші бесжылдықта 1521-ден 1625-ке дейін көбейді. Бұған қоса республикада 1970 ж. аяғында ғылыми- зерттеу институттарының жанында 88 тәжірибелік, эксперименттік, оқу және басқа совхоздар, сондай-ақ мал семіртетін 104 совхоз болды. Олардың шаруашылық есепке көшіуі етек алды. 1967-70 жж. ішінде Қазақстанның 586 совхозы толық шаруашылық есепке көшті. Сегізінші бесжылдық жылдарында республика совхоздарының күрделі қаржысы 4,2 млрд. сомға жуық өсті. Бесжылдық жылдарында республика совхоздарында 1 миллион ірі қара малға, 635 мың шошқаға, 8,5 миллион қойға арналған және 700 мыңға жуық құс өсіретін қоралар салынды. Бірақ өнеркәсіпте әсіресе ауыл шаруашылығында басталған реформа аяқталмай қалды. Оның басты себебі қолданылған шаралардың тиімділігі айтарлықтай болмады. Соның нәтижесінде бұл саладан жоспарлағандай қайтарым,күткендегідей өсім алынбады. Бүкілодақтық халық санағының мәліметтері бойынша 1970ж. 15 қаңтарда республикада 13 миллион адам, олардың 51-пайызы қалаларда, селолық жерде 49-пайызы тұрды. Орыстар халықтың 42,4-пайызын, қазақтар 32,6-пайызын,украйндар 72-пайызын ұстады. Басқа жақтан халықтардың көптеп келіуіне байланысты республикада қазақ халқының жалпы саны едәуір азайып кетті. Сегізінші бесжылдық жылдарында Қазақстанның ұлттық табысы 63 процент, жан басына шаққанда 48 процент, айлық орташа жалақы 25 процентке артты. Қалада да, селода да қызметкерлердің төмен және орташа ақы төленетін категорияларының жалақысын арттыру жүзеге асырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет