Дәрістердің толық мәтіні тақырып қазан революциясы және оның алғышарттары



бет13/17
Дата25.12.2021
өлшемі101,32 Kb.
#105335
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ð”Ó™Ñ€Ñ–Ñ Ñ‚ÐµÑ€ жинағы

Бекіту сұрақтары:


  1. 50-ші жылдары елдегі қоғамдық-саяси ақуал қандай жағдайда болды.

  2. Қазақстанның 50-ші жылдардағы экономикалық және мәдени саласы қандай өзгерістерге ұшырады.

  3. Саясат пен идеология саласындағы жаңа көзқарастар, бағыттар.


ТАҚЫРЫП 11. 50-ШІ ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕС
1. 50-ші жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіптегі өндірістердің ұлғаюы.

2. Алтыншы бесжылдық кезіндегі жасалған іс-шаралар.



3. 50-ші жылдардың екінші жартысындағы Қазақстандағы шаруашылық-ұйымдастыру шаралардың іске асырылуы.
50-ші жылдарда әлемдегі жалпы қоғамдық жағдайларға байланысты, кейбір демократиялық өзгерістердің ықпалы мен Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытуға және одақтас республикалардың шаруашылық, саяси-мәдени құрылыс саласындағы құқтарын кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Республикалардың бюджет құқтары едәуір кеңейтілді. 1956ж. бастапық бюджеттерге қаржы көбірек бөліне бастады. Қазақстан бюджетінің шығыс көлемі 1953-1960жж. 7 еседен аса ұлғайды: 434,9 млн. сомнан 3 млрд. 53 млн. сомға дейін жетті. 1954-1956жж. одақтық министрліктерден республика қарамағында 144 ірі кәсіпорны берілді. Мұның нәтижесінде одақтық-республикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі екі еседен артық ұлғайды. Түсті металлургия, металлургия мен химия өнекәсібі кәсіпорындарын салу, байланыс, қала және село құрылысы, геология және жер қойнауындағы қорларды қорғау және басқа одақтық-республикалық болып қайта құрылды. Су шаруашылығы министрлігі қалпына келтірілді. Қазақстан үкіметі шаруашылықтың ерекшеліктерін, жұмыс көлемін және өркендеу келешегін ескеретін болды. Одақтас республикалар жалпы одақтық сипаттағы мәселелерді шешуге бұрынғыдан гөрі белсене қатыса бастады. Одақтас республикалардың экономикалық және мәдени өркендеуіне байланысты ұсыныстарын талқылау үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі әр республиканың өкілдігі болатын Экономикалық комиссия құрды. Жергілікті Кеңестердің шаруашылық және мәдени құрылыс істерінде, оның ішінде халыққа білім беру, сауда, халыққа коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы құқтары кеңейтілді. Кеңестерге жергілікті өнеркәсіп өндірісін жоспарлау және олардың өнімін бөлу, тұрғын үй салуды ұйымдастыру, қаржы бюджет мәселелерін шешуде үлкен міндеттер жүктелді. Жоғарғы Кеңестің тұрақты комиссияларының белсенділігі өсті. Олардың саны 3-тен 8-ге дейін жетті. Өнеркәсіп және транспорт, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру сауда және қоғамдық тамақтандыру, халыққа білім беру және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиялар құрылды. Бұндай өзгерістер мемлекет басына Н.С. Хрущев келуімен байланысты болды, 1953ж. Сталин қайтыс болғаннан кейін билікке ие болған ол партия органдарымен ұйымдарының шаруашылыққа жұмысқа, басқару ісіне араласуына тоқтау салып, олардың қоғамдық істердегі рөлін біраз әлсіретті.Одақтас республикалардың құқтарын кеңейту, кеңестердің шаруашылық ұйымдастыру рөлі мен жауапкершілігін арттыру олардың елдегі әлеуметтік –экономикалық ахуалды жақсартуға қосатын үлесін біраз арттырды. Бұл кезде халық шаруашылығының басты саласы өнеркәсіпті дамытуға ерекше назар аударылды. Соның нәтижесінде бесінші бесжылдық (1951-1955жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынып, пайдалануға берілді. 3218 миллион сомның негіәзгі қорлары іске қосылды, мұның өзі бұдан бұрынғы бесжылдықтағыдан 2,5 есе көп еді. Бұл жылдары республикада Өскемен қорғасын зауыты мен оттегі станциясы, Зыряновск қорғасын комбинатының байыту фабрикасы, Балқаш шаңсорғыш фабрикасы пайдалануға берілді. Жезқазғанда бес қуатты шахта және байыту фабрикасы іске қосылды. Ал алтыншы бесжылдық кезінде республикада ірі пайдалы кен орындарының игерілуіне байланысты бесжылдық жоспарда ауыр өнеркәсіптің, әсіресе электр энергиясымен отынды көп қажет ететін салалары үшін кәсіпорындар жүйесін жасау, қара және түсті металлургияның жаңа кәсіпорындарын, электр станцияларын салу, өнеркәсіптің басқа салаларын одан әрі өркендету міндеті қойылды. Бұл міндеттерді іске асыру барысында республиканың көптеген өндіріс орталықтарында ірі индустриялық кәсіпорындар салынды. Павлодар алюминий, ферросплав және комбаин зауыттарын, прокат жабдықтары машина жасау зауытын, Жамбылда химия зауытын, Семей мен Шымкентте жаңа цемент зауыттарын салу қолға алынды. Қарағанды метталлургия зауытында екі домна пеші мен табақ қаңылтыр станы әзірлену және пайдалану іске асырыла басталды. 50-ші жылдардың екінші жартысында Қазақстанда бүкіл еліміздегі сияқты өнеркәсіпте ғылыми-техникалық прогреске бетбұрыс жасалды. Өндіріс жүйесін электрлендіру, комплексті механикаландыру және автоматтандыру, мол өнімді жаңа станоктарды, машиналар мен аппараттарды енгізу, өндіріс технологиясын жетілдіру қарқынын арттыруға айрықша көңіл бөлінді. 50-ші жылдардың екінші жартысы өндіріс техникасы мен технологиясының одан әрі жедел дамыған кезі болды. Кен рудалары кәсіпорындарына өзі тиеп, өзі алып барып түсіріп беретін, елімізде жасалған жоғарғы өнімді механикалық жүйелер мен бұрғылау машиналары өндіріске енгізілді, мұның өзі руда өндіруді түгелдей дерлік механикаландыруға мүмкіндік берді. Көлік саласында көптеген техникалық жаңалықтар енді. Паровоздардың орнына сұйық отынмен жүретін локомотивтер келді. Тұңғыш тепловоздар 1957ж. Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Алтыншы бесжылдықта Қазақстан жұмысшыларының жаңашылдықпен өнертапқыштыққа деген ынта-ықыластары артты. 1947ж. онымен 22,7 мың, 1958ж. –30 мың, ал 1960ж. 50 мыңға жуық адам шұғылданды. 1960ж. түскен ұсыныстардың саны 74 мыңнан асты. Олардың 50,8 мыңы өндіріске енгізіліп, 38,8 млн. солм қаржы үнемделді. 1957ж. еліміз бойынша, соның ішінде Қазақстанда да бірқатар шаруашылық-ұйымдастыру шаралары іске асырылды. Өнеркәсіп пен құрылысты басқару экономикалық әкімшілік аудандары негізінде территориялық принцип бойынша ұйымдастырылды. Олардың әрқайсысында халық шаруашылығы кеңестері құрылды. 50-ші жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл-село экономикасының даму дәрежесі едәуір төмендеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау бағасының арзан болуы азық-түлікті көп өндіруге ынталандырмады, колхоздардың шығынын өтей алмады. Ауыл шаруашылық өндірісінің артта қалуының бір себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктермен байланысты болды. Село экономикасын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылды. Дәнді дақылдардың шығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған жылдардың өзінде республика не бәрі 100-150 млн. пұт ғана тауарлы астық өндірді. Ал республикада әсіресе оның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында егіске жарамды ұлан-ғайыр құнарлы жерлер пайдаланылмай бос жатты. Қазақстан ауыл шаруашылығындағы мұндай жағдай осы аса маңызды сала бойынша бүкіл еліміздегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жөнінде КОКП Орталық Комитетінің 1953ж. қыркүйекте өткен Пленумында барынша айқын айтылды. Ірі-ірі әлеуметтік-экономикалық шаралар белгіленді. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары- ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбек пен мал шаруашылығы өнімдері өндірудің арттыруға материалдық ынталылығы принципін қалпына келтіру, колхоздарды, МТС-тер мен совхоздардың ауыл шаруашылығының білікті маман, механизатор кадрларымен нығайту, ауыл шаруашылық процестерін механикаландыру дәрежесін көтеру , село экономикасына жұмсалатын күрделі қаржыны көбейту, ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлауда колхоздар мен совхоздардың құқтары мен ынта –ықыласын арттыру болды.

1954ж. КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумдарында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарды тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңінен қатыстырылды. Мұнда қысқа мерзімде тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35 миллион гектарға дейін жеткізіліп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Тың өңіріне жүздеген мың қоныстанушылар келіп, оларды қарсы алу, орналастыруға республика партия және кеңес органдарының күрделі де ауыр міндеттерді шешуіне тура келді. Қазақстанға Ресей мен Украина, Белорусияның және басқа да одақтас республикалардың тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде (1954-1956 жж.) 640 мың адам келді, бұлардың ішінде 391,5 мың ауыл шаруашылық механизаторлары, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлері т.б. болды. 50-жылдардың аяғына қарай Қазақстанның ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық негізі едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар 169 мың трактор, 98 мың комбаин, 73 мың жүк машинасын және т.б. ауыл шаруашылық техникасын алды. 1954-60жж. республикада тың игерудің жалпы көлемі 106 млн. тоннаға жетті. Қазақстан осы жылдары мемлекетке 63,4 млн. тонна астық тапсырды. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Тың игеру барысында көптеген қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп кәсіпорындары көптеп салынды. Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге ілгерілетті. Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге зардаптары мен көлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда, басқа елдерден көшіп келгендердің саны қазақтардан асып түсті. Жергілікті жерлерде ұлттық мектептер жабылып қазақ балалары ілгерілендірілген мектеп-интернаттарында оқытыла бастады. Ол жерлерде көбінесе орыс тілінде жүргізілді. Мұның өзі бір жағынан қазақ жастарының өз ұлтының тілінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп, мәңгүрттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Жер-су аттары орыс тіліне көшірілді. Тың игеру мал шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Мал жайылысы, шабындық жерлер азайып кеміді, әсіресе түйе, жылқы түлігі орны толмайтын шығынға ұшырады. Бір жылқы ұстағаннан гөрі бір тауық ұстаған артық деп есептелінді. Тың игеру қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жүргізілді. Мұның өзі әр гектарға шаққанда өнімді аз алуға соқтырды. Бұл жерлерде өндірілген астықтың түсер бағасы өте қымбат болды. 50-жылдардың басында колхоздарды күштеп ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Осы жылдарда біраз колхоздар, олардың ішінде Қазақстан колхоздары да ірі экономикалық жағынан қуатты және техникалық жағынан жақсы жарақтанған шаруашылықтарға айналды. 50-жылдардың екінші жартысында МТС-тер жойылып, олардың қарамағында болып келген ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға сатылды. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) мен оның бөлімшесі құрылды. МТС-ң бір бөлігі совхоздар мен ауыл шаруашылығын механикаландыру училищелеріне берілді, енді бір бөлігі колхоздарға сатылды. МТС-ді тарату колхоздар экономикасын нашарлатты. Олар МТС-дан ескі техникаларды жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр болды. Бұл, әсіресе, әлсіз колхоздарды үлкен қиындықтарға душар етті. МТС-дің орнына машина-жөндеу станциялары құрылып кейін олар “Казсельхозтехника” өндірістік-техникалық және жабдықтау бірлестіктерімен алмастырылды. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық-техникалық жағдайы құлдырай түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет