Дәрістердің толық мәтіні тақырып қазан революциясы және оның алғышарттары



бет12/17
Дата25.12.2021
өлшемі101,32 Kb.
#105335
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ð”Ó™Ñ€Ñ–Ñ Ñ‚ÐµÑ€ жинағы

Бекіту сұрақтары:
1. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан еңбекшілерінің қосқан үлесі.

2. Соғыс жылдарында қандай өнеркәсіптер іске қосылып, майданға өз үлесін тигізді.



  1. Ұлы Отан соғысына қанша Қазақстандықтар өз үлесін тигізді.

  2. Қазақстанның қандай жерлерінде майдан үшін іс-шаралар жүргізілді.

  3. Соғысқа қатысқан қанша жауынгерлер Кеңес Одағының Батыры атағын алды.


ТАҚЫРЫП 10. ҚАЗАҚСТАН СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА


  1. Соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдары

  2. Соғыстан кейінгі бес жылдық жоспардың жүзеге асырылуы

  3. Қазақ халқының мәдениетін қалпына келтіру, құрылыс материалдары өндіруінің артуы

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа оралды. Экономиканы бейімдеп, қайта құру еңбекшілердің қоғамдық-саяси белсенділігі жағдайына жүргізілді. 1945ж. қазанда Алматыда Республиканың 25 жылдығына арналған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің мерекелік сессиясы болып, оған туысқан республикалардың, Мәскеу мен Ленинградтың делегациялары, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының озаттары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты. Осы мерекеге орай 5304 адам ордендер мен медальдермен наградталды.

1946ж. 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсуі белгіленді.

Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, жеңіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы Одақ бойынша үшінші орында болды. Мұнда күрделі кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940ж. салыстырғанда 40 процент өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды. Бесжылдық қорытындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940ж. салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5, мұнай-1,5, газ 1,9, электр қуатын өндіру 4,1 есе артты.

Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1950ж. қаңтарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге қысқарды.

Ауыл шаруашылығы материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50683 трактор, 16 мыңнанастам комбаин, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. Бұлардың басым көпшілігі ескі, моральдық жағынан да тозып, ескірген техника болатын. Ауыл-селода механизаторлар қатары өсіп, МТС қызметкерлерінің жыл сайынғы орташа саны 10 мың адамға көбейді.

1948ж. республикада жаппай электрлендіру жорығы басталды. Төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Егіс көлемі 1 млн. гектардан аса ұлғайды. 1950ж. астықтың жалпы түсімі 47 654 центнерге жетіп, сөйтіп соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89 пайыз асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Ауыл шаруашылығын өркендетуде қиыншылықтар да болды. 1946ж. қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардаптарын шекті. Колхоздардың меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбек күнге өнім бөлінбеді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікке ұстады. Олардың саяси құқықтары аяқ-асты етіліп, тұрған жерлерінен кетуге тиым салынды. Колхоздарда, совхоздарда өндірілген астықтың тұқымдық қордан басқасы мемлекетке дайындық қорына алынды. Мұндай ауыл-селода ауыр жағдайды өзгерту мәселесіне 50 –жылдардың орта шеніне дейін көңіл бөлінген жоқ. Өнеркәсіпті қалпына келтіру ауыл-селоны қанау есебінен іске асты.

Осы жылдары республика жазушыларының шығармалары көбінесе Ұлы Отан соғысына арнап жазылды. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, Ә.Нұрпейісовтың “Курландиясы” т.б. Еңбек тақырыбына жазылған С.Мұқановтың “Сырдария”, Ғ.Мұстафиннің “Миллионер”, Ғ.Слановтың “Кең өріс” сияқты шығармаларда колхозшы шаруалардың өмірі бейнеленеді.

Сол сияқты осы жылдары М.Әуезовтың “Абай жолы”, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” шығармалары жарық көрді. Музыка мәдениеті өрлеу жолында болды. М.Төлебаевтың “Біржан-Сара”, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абай”, Е.Брусиловскийдің “Дударай” т.б. “Біржан Сара” операсына КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді.

1946ж. республикада Ғылым Академиясы құрылып, оның президенті болып көрнекті ғалым, академик Қ.И. Сәтпаев сайланды. Осы жылдарда Қарағанды, Семей медицина институттары, Өскемен педагогикалық, Семей малдәрігерлік-зоотехникалық институттары ашылды. Жалпыға бірдей білім беру туралы Заңы одан әрі жүзеге асты. 1952ж. аяғына Қазақстанда жалпы білім беретін 9 мыңдай мектеп , 125 техникум мен арнаулы оқу орны болды. Құрылыс материалдарын өндіру артты. Республикада цемент өндірілетін болды. Теміржолда тепловоз енгізіліп, тас жолдар жүйесі ұзарды. Әуе, өзен-су жолдары дамыды. Жұмысшы тобы сан жағынан артты.



Соғыстан кейінгі бесжылдықтың тапсырмалары мерзімінен бұрын орындалды. Оның басты себебі соғысты жеңіспен аяқтаған Кеңес елі адамдарының еңбектегі шабыт-жігері мен өрлеуі болды. Соның арқасында халық шаруашылығы мен мәдениеттің барлық саласындаелеулі іргелілеушілік болды. Бірақ, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің күш алуы, қырғи-қабақ теке тірестің басталуы ауыл шаруашылығын барынша дамытуға мүмкіндік бермеді. Соғыстан кейінгі жылдарда елдегі қоғамдық-саяси ақуал жұрттың ой-пікіріне қатаң бақылау орнату, коммунистік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша ойлау мен бітіспес күрес жүргізу, демократияны барынша шектеумен сипатталды. Халықты қатал тәртіппен ауыздықтап ұстау үшін сәл ғана тәртіп бұзу ауыр жазаланып отырды. Соғыс жылдарында немістерде тұтқында болғандар түрмеге қамалып лагерлерге жіберілді. Елде тыңшылық жұмыс күшейтілді. 1946ж. 26 тамызда немістердің пайдасына жаппай сатқындық жасағаны үшін шешендерді, ингуштерді, қырым татарларын жер аудару, Шешен-Ингуш автономиялық республикасын жойып, Қырым татарлар республикасын Қырым облысына айналдыру жөнінде жарғы жарияланды. Шын мәнісінде шешендер, ингуштер, қырым татарлары, сондай-ақ қалмақтар, қарашайлар, балкарлар, Еділ бойындағы немістерді қоныстарынан неміс басқыншыларымен байланысқаны үшін соғыс жүріп жатқан кезде, 1944ж. күштеп көшірілген болатын. Л.Берия қорғаныс комитетіне, Сталинге берген баяндау хатында: Бұл жұмысты жүргізуге НКВД, НКГБ Смерштен 19 мың оперативтік қызметкерлермен 100 мыңға дейін офицер, жауынгерлер қатысты... үш операцияның барысында СССР-дің шығыс аудандарына 650 мың шешен, ингуш, қалмақ, қарашайлар жер аударылды - деп жазды, 1944ж. 7 наурызда. Бұл шаралар Сталинге орыс емес ұлттарды қорқытып, оларды ноқталап ұстау үшін керек болды. Сталин 1922ж. Одақ құруға әзірлік жүргізіліп жатқан кезде Ресей Кеңес Федеративтік республикасын құрып, оған Закавказьедегі, Орта Азиядағы ұлттардың, Украина, Белоруссияның Ресейге автономия болып кіруі керек деп ұсыныс түсірді. Орыстардың сан жағынан басымдылығын, жер аумағының үлкендігін пір тұтқан Сталин оны елдегі халықтардан жоғары қойып, басқа ұлттарды оған тәуелді ету мақсатынан танған жоқ. Сөйтіп, соғыс біткеннен кейінгі алғашқы күндерден бастап орыстарды айрықша дәріптеуге кірісті. 1945ж. 24 мамырда Жеңіс салтанатында сөйлеген сөзінде ол орыс халқы үшін тост көтеріп: Орыс халқы жеңісте жетекші күш болып, шешуші рөл атқарды. Ол айқын ақылы, табандылығы мен шыдамдылығы арқасында Кеңестер Одағындағы барлық ұлттардың ішіндегі ең бір еңбегі көп, жұрт мойындайтын көсем болу құқына лайық болып отырған ұлт – деп көрсетті. Сталиннің орыс халқы жөніндегі салтанатты жиында айтқандарынан кейін тарихтағы орыс халқының рөлін қайта қарауға бағытталған белсенді жұмыс қызу жүргізілді. Тарихшыларға адамзатты дамытуға орыс халқының қосқан тарихи үлесінің прогрессивтік жақтарын баса көрсетуге тапсырма берілді. Халықтардың, оның ішінде қазақтың Қорқыт Ата, Алпамыс, Ер сайын, Шора батыр, қырғыздың Манас сияқты эпостарын айтуға тиым салынды. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы Кавказ халқының бостандығы жолындағы күрестің жетекшісі Шамил ағылшын шпионы деп жарияланды. Ал Кенесары Қасымұлы өз басының ханы үшін хан болуды көксеген адам деп танылып, ол бастаған қозғалыстың халықтық сипаты жоққа шығарылды. 1950ж. 26 желтоқсанда Правда газетінде Қазақстан тарихының мәселелері марксистік-лениндік тұрғыдан жазылсын деген мақала жариялап, қазақтың көрнекті тарихшысы Е.Бекмахановқа Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында деген еңбегінде буржуазияшыл-ұлтшылдық қате жіберді- деген айып тақты. Бекмахановпен бірге республиканың көптеген қоғамтанушы ғалымдары Бек Сүлейменов, Есмағамбет Исмайлов, Қасым Жұмалиев тағы басқалары қудалауға түсіп Қазақстаннан тысқары қалаларға жер аударылды. Ұлт саясатындағы жүгенсіздік, жеке адамның, коллективтік шығармашылдық жаңашылығына тұсау салу 1946ж. бастап кең өріс алды. 1947ж. барлық партия ұйымдарында қаралып, зиялы қауымның көптеген өкілдері қудалауға алынды. Осындай сынға ұшырап, қуғынға түскен Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. Ал қазақтың көрнекті сазгері Ахмет Жұбановқа эстетикалық тәрбие беруде талғамсыздық көрсетті деп айып тағылды. Қазақстан партия ұйымы жергілікті жерлерде оларға ұқсас адамдарды табуға ұқсас болды. Осы бағытта дәйекті жұмыс жүргізілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан өнім алу күрт төмендеді. Ауыспалы егіс жүйесінің тәтрібі бұзылып егістік жерлердің құнарлылығы кеміді. Саясат пен идеология саласындағы жаңа көзқарас, бағыттар екі қоғамдық жүйедегі капиталистік және социолистік елдердің қарым-қатынасын да мықтап шиеленістірді. Олардың арасында күш көрсету саясаты күшейді. Мұның өзі онсызда жеткіліксіз қаржы қорынан орасан зор қаражатты соғыс шығынына жұмсауға мәжбүр етті. Халық шаруашылығын дамытуға, халықтың әл-ауқат күйін, әлеуметтік жағдайын көтеруге кері әсерін тигізді. Сөйтіп, елдегі саяси-қоғамдық ақуалда дағдарысқа апаратын жағдайлар қалыптасып белең ала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет