Дәрістің тақырыбы: ЖЕКЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ. ГРАМ ОҢ КОККТАР (СТАФИЛОКОККТАР, СТРЕПТОКОККТАР). м.ғ.к., доцент Ахметова Сәуле Балтабайқызы
Жеке микробиология - адамдардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштары болып есептелетін патогенді микроорганизмдерді зерттейді.
Micrococcaceae туыстас кокктар
Грам оң кокктарға стафилококктар және стрептококктар жатады. Олар адамдардың іріңді-қабыну ауруларының негізгі қоздырғыштары. Олардың негізгі ерекшеліктері:
Формалары сфера тәрізді;
Грам бойынша грам оң боялады;
Спора түзбейді, қозғалмайды.
Стафилококктар - Micrococcaceae тұқымдасына Staphylococcus туысына жатады. Алғашқы өкілін Кох және Пастер бөліп алған, адамдардың іріңді ошағынан Розенбах бөліп алған.
Шығу тарихы
1878 жылы – алғашқы рет стафилококктар табылды (Кох).
1880 жылы – іріңді фурункуладан стафилококктар бөліп алынды (Пастер).
1881 жылы – “стафилококк” атауы ұсынылды (Огстон).
1884 жылы – стафилококктардың қасиеттері толық зерттелді (Розенбах).
Стафилококктық инфекция – терінің, көздің, құлақтың, мұрын-жұтқыншақтың; урогенитальды, асқорыту жүйесінің және т.б. органдардың іріңді-қабынуларымен сипатталатын асқынған ауру.
Грам оң кокктар, таза дақылдан жасалған жұғында «жүзім тәрізді орналасқан»
Стафилококктар
Стафилококктар
В мазке-отпечатке ткани(1),мазке из гноя (2)располагаются поодиночке, попарно, короткими цепочками
1
2
Стафилококктар
Байқалу формалары Жергілікті Жүйелік Таралған Фурункул, карбункул жәнә т.б. Септикопиемия Урогенитальды және т.б. жүйелердің қабынуы S. аureus