Дәрістің тақырыбы Оқу үдерісін ұйымдастыру. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау әдісінің ерекшеліктері



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі43,57 Kb.
#109762
1   2   3   4
Байланысты:
14 лекция

Критериалды бағалау:

  • оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады;

  • оқушы бойындағы үрейленуді басады;

  • мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға айналады.

Осылайша, критериалды бағалау оқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулығын сақтау артықшылығына ие.

Білім беру жүйесінің дамуында критериалды бағалаудың орны ерекше. Себебі ол мектептегі білім беру кеңістігінің біріктірілген факторы, оқытудың мәселелерін диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады, сонымен қатар оқыту процесінің негізінде жатқан принциптерді қамтиды.

Критериалды бағалау деп тек бағалау барысы мен баға қойылуы тиіс сәттер деп түсінбеу керек, ол жалпы мұғалімнің, оқушының және ата-анананың арасындағы, болмаса оқушының өзі анықтайтын, оқыту процесінің табыстылығын анықтау бойынша бақылау-өлшем байланысын орнататын механизм.

Жалпы алғанда, бағалау және өзін-өзі бағалау жүйесі - білім беру процесінің өз-өзін қадағалап отыратын, ерекше маңызға ие нақты механизмі.

Отандық мектептердің көбінде дәстүрлі бағалау жүйесі, яғни 4 балдық жүйе сақталып келеді: 2 («қанағаттандырылмаған»), 3 («қанағаттандырылған»), 4 («жақсы»), 5 («өте жақсы»).

Теориялық түрде 1 деген балл да бар, бірақ ол қолданысқа ие емес. Енді журналға 5 балдық жүйе бойынша қойылатын сандардың нені білдіретінін анықтап көрейік. Егер ойлап қарасақ, жауабы былай да белгілі – бәрі немесе ештеңе. Мұғалім оларды журналға қою барысында бірқатар ұстанымдарға сүйенеді. Нәтижесінде әр балл оқушылардың деңгейінің біріктірілген:

а) белгілі бір өлшемі;

ә) жалпы сыныптағы;

б) бұрынғы көрсеткіші болады. Бұл факторлар бойынша қойылған бағаны тек мұғаліммен әңгіме барысында, әрине егер ол қандай жағдайда қойылғанын ұмытпаған жағдайда анықтауға болады.

Әрине, әр бағада бұл көрсеткіштер көрініс табады (мысалы, алгебра пәні бойынша орындалған тапсырмалардың саны мен сапасына қарай бағалау кезінде, бірінші орынға өлшемдерді салыстыру шығады), ал негізгі бағалау факторы дерек-дәлел-ойларды, өзіңдікін немес өзгенікін, мазмұндау болған жағдайда, ол дәл солай.

Баға әрдайым субъективті. Бірақ көптеген мектептердегі қазіргі жағдайға қарағанда оның субъектілігі күмән туғызады.

Бұлай бағалау түбегейлі мұғалім билігінің құралы. Соған сәйкес мұғалім әрдайым ақиқатқа сай келе бермейтін, талассыз бедел иесі, шындықты тасымалдаушы.

Әсіресе бұл мәселе өзінің (өзгенің) ойын суреттеу, мазмұндау немесе дәлелдеуге құрылған, нақты дұрыс немесе дұрыс емес шешілген мысалдар арқылы бағалай алмайтын пәндерге келгенде өзекті болып отыр.

Бес балдық бағалау көрсеткіші басқа да нормативті бағалау түрлері сияқты нақтылығы жоқ қолайсыз құрал екеніне күмән жоқ. Алайда бағалау жүйесін оны көпқырлы ете отырып жетілдіруге болады.

Алдымен бүгінгі бағалау жүйесінің атқаратын қызметтерін анықтап көрейік:





  1. Нормативті қызмет, біріншіден, оның оқу табыстылығына және оқу орнын бітіруіне сәйкес мемлекеттік өлшеммен бекітілген нақты білім алушының жетістіктерін тіркейді. Екіншіден, жеке оқушының, мектеп сыныптарының үлгерімін, олардың дайындық деңгейлері мен мұғалім жүмысының сапасын әкімшілік бақылау.

  2. Ақпараттық-диагностикалық қызмет, оқыту процесіне барлық қатысушылардың арасындағы мазмұндық байланыстардың, оқушылардың мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық рефлексиясының негізгі сәттерін қамтиды. Бағалау білім беру процесіндегі нақты сыныптарда жағдайдың дұрыстығы, жеке оқушылардың амандығын ойлауға мүмкіндік береді.

  3. Ынталандыру қызметі, оқушылар қызметін ынталандырумен байланысты, бұл қосымша анықтауларды қажет етпейді.

Бағалау жүйесіне қойылатын талаптар. Жоғарыда аталып кеткен қызметтерге сүйене отырып, бағалау жүйесі шешімін табуға жағдай жасайтын мәселелерді анықтауға тырысайық:





  • Бағалау жүйесі оқу әдістемесінің қай түрі тиімді меңгерілгенін, қай практикалық дағды қалыптастырғанын, басқаша айтқанда, нақты талаптар минимумымен оқушының жеткен жетістігін салыстыруға мүмкіндік туғызуы керек.

  • Екіншіден, бағалау жүйесі әр оқушының жалпы дайындық деңгейінің өзгеруін, танымдық қызметтің әр саласында оның жеткен жетістіктерін тіркеп отыруы қажет (ақпаратты меңгеруі, ақпаратты өңдеу, өз ойы мен ойындағы образдарды шығармашылықпен көрсету және т.б.). Бұл білім алу жолындағы жетістіктер мен сәтсіздіктердің нақты суретін алуға мүмкіндік тудырады.

Сонымен қоса, аталмыш ақпаратты тіркеу стандартқа сай, мұғалімнен көп уақытты талап етпеуі, яғни вербалды болмауы керек. Оны жүзеге асыруға жұмсалған уақыт жекелеген оқушылармен жасалатын жұмыстарға ғана арналуы мүмкін деген сипатқа ие болуы мүмкін.





  • Үшіншіден, бағаларды қою механизмінің өзінде ондағы ақпаратты сәйкес талдау мүмкіндігінің болуы, бағалау жүйесі ағымдағы және қорытынды бағаларды қоюда, сонымен қатар мақсатқа жетудегі бағаларды қою нақты болуы шарт. Әйтпесе, бағалаудың ақпаратты-диагностикалау қызметінен ынталандыру қызметі басымдық алып кетеді.

  • Төртіншіден, бағалау жүйесінде оқушылардың өз жетістіктерін бағалау барысында өзін-өзі көтермелеу және дамыту, сонымен қатар оқыту процесі барысында болып жатқан әрекеттерген рефлексия жасау механизмі болуы. Өзін-өзі бағалап отырған оқушы мұғалімнің бағалауымен келген нәтиже мен өзін бағалау барысында жеткен нәтижені салыстыруға мүмкіндігі болуы шарт. Әрине бағалау жүйесінің мінсіздігі өзін-өзі бағалауға итермелейтін фактор болып отырғаны анық, алайда бұл қойылып отырған міндеттердің бірі ғана.

  • Бесіншіден, бағалау жүйесі әрдайым мұғалімнің, оқушының, ата-аналардың, сынып жетекшісінің, сонымен қатар мектептің әкімшілік және педагогикалық ұжымының арасындағы байланыстың орнауын ескеріп отыруы керек. Бұл байланыссыз оқу процесін құрудың жүйелік әдісін, оны толық қамтамасыз ету мүмкін болмайды.

  • Алтыншыдан, оқушыға бірыңғай білім беру кеңістігі тақырыбын жалғасыта отырып, бағалау жүйесінің мектептегі нақты бір сынып үшін бірыңғай сәйкес болуын атап кету шарт.

Басқаша айтқанда, әртүрлі сабақта әртүрлі қағидаттарға негізделеген бағалау жүйесінің тиімді болуы мүмкін емес. Бағалау жүйесіндегі қағидаттық сипаттардың түрлілігі жас ерекшеліктеріне сай оқушылар тобының арасында ғана мүмкін.





  • Жетіншіден, бағалау жүйесі оқушылардың психикасына ұқыптылықпен қарауға, олады жаралайтын жағдайлардан аулақ болуды көздеуі керек.

Бұған қол жеткізудің негізгі жолы – оқу процесіне қатысушылардың барлығының санасына бағалау жүйесіне сәтті білім алудың, кері байланыс алуды жүзеге асырудың құралы ретінде қарауды сіңдіру.

Аталған ережелер бағалау жүйесінің сұлбасын құрастыруға, оның қызмет етуінің жалпы аясын анықтауға, және оған қоса жетістік критерийі қызметін атқарып, әр білім беру жүйесінің нақтылы жүзеге асуына жол береді.

Көрсетілген талаптарды кезеңмен жүзеге асыру бағалау жүйесінің қызметтік маңызын, оның ақпараттық-диагностикалық қызметінің маңызын жоғарылатып, нормативтік қызметінің мазмұнын өзгертіп, ынталандыру қызметінің механизмін түбегейлі өзгертуге қол жеткізеді.

Стандарттарды әзірлеу барысында бірқатар ғылыми және әдістемелік мәселелері анықталды. Бұл тек қазіргі қоғамдағы тәрбие мәселесіне ғана қатысты емес, сонымен қатар оқушылардың білімін бағалауға қатысты.

Стандарттың негізгі қызметінің бірі бағалаудың объективтілігін жоғарылату.

Бұл қызметті жүзеге асыру қазіргі оқыту нәтижелерінің сапасын бақылау және бағалау жүйесін түбегейлі өзгертумен байланысты. Стандарт қоғамдағы білім алудың келесі кезеңіне өтіп, білімін жалғастыруға мүмкіндік беретін оқыту деңгейін анықтайды.

Осы деңгей әр оқушының жеткен жетістіктерінің оқыту нәтижелерін бағалауға критериалды-мақсатты тәсілінің негізі ретінде көрсетіледі.

Критериалды-мақсатты тәсілді және дихотомикалық бағалау жүйесін қолдану жетістікті бағалаудың стандарт талаптарына сай объективтілігінің және нақтылығының деңгейін жоғарылатады.

Қазіргі кезде ел мектептерінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау қолданысқа ие, себебі бұл тәсіл барлық процеске қатысушыларға оқу материалының игерілу деңгейін түсініп, кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Кері байланыс қаншалықты мазмұны терең болса, соншалықты оған әсері сындарлы бола түспек.

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критериалды бағалау – бұл тәсіл, оның аясында бағалаудың және өзін-өзі бағалаудың түрлі тәсілдері, түрлері және әдістері қолданылады.

Критериалды бағалау кезінде:


  • оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады;

  • оқушы бойындағы үрейленуді басады;

  • мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға айналады.

Осылайша, критериалды бағалау оқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулығын сақтау артықшылығына ие.

Критериалды бағалау мұғалімдерге арналған қағидаттық ұстанымдарды тұспалдайды:


  1. баға арқылы оқушының өзі емес жасаған жұмысы ғана бағаланады;

  2. оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырылады;

  3. нақты тапсырмалардың түрлілігі және жақсы орындалған тапсырманың анық және дұрыс сипаттамасының болуы;

  4. оқушыларға өлшемдер алдын ала айтылады;

  5. оқушы өзінің жетістік деңгейін өзі анықтап, өзін бағалай алатындай баға коюдың нақты алгоритмі әзірленуі керек. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмыстарын рефлексиялауды көздейді. Рефлексия оқушының тұлғалық дамуының, оқушы ретінде дамуының қажетті құраушысының міндетті шарты болып табылады;

  6. өзін-өзі бағалауға ауысуға талпыну мақсатында, бағалау процесіне оқушыларды қатыстыру;

  7. нені оқытты соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийлері – оқу мақсатының нақты көрінісі;

  8. пән бойынша жалпы оқу мақсаттары аталмыш пән бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлері болып табылады және оқушылардың жеке жұмыстары барысында анықталған нәтижелерін жалпылауға мүмкіндік туғызады.

Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:

- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

- оқушы жұмысы алдын-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады;

- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі;

- оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

Критериалды бағалау:

Мұғалімдерге:

1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

3. Білім беру сапасын арттыруға;

4. Оқытудың сапасын жақсартуға;

5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;

6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға:

1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әректінің типтерін қолдануға;

2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.

Ата- аналарға:

1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы обьективті дәлелдер алуға;

2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

3. Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;



5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет