Дәрістің тақырыбы Оқу үдерісін ұйымдастыру. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау әдісінің ерекшеліктері


Бастауыш мектепке оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі43,57 Kb.
#109762
1   2   3   4
Байланысты:
14 лекция
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
Бастауыш мектепке оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері

Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
Оқушылардың оқу жетістіктерін әділ және шынайы бағалау жүйесі, білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып саналады.

Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды.

Қазіргі уақытта білім беру процесінің жүйелі болуы керек екеніне ешкім күмән келтірмейді, олай болмаған жағдайда оның нәтижелігі төмендейді. Оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс бағыттай отырып қана оқушылардың бірін-бірі толықтырып отыратын қайшылықсыз педагогикалық әсерге қол жеткізуге болады.

Онымен қоса, осы процесс аясындағы әр әрекет мақсатты бағытталған, яғни белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған және соған жетуге жетелейтін болуы керек.

Білім беруге қойылған талаптардың қарапайымдылығына қарамастан, оларды толықтай жүзеге асыру қиындығы жоғары объективті және субъективті себептерге келіп тіреледі. Сол арада, бірыңғай оқыту-тәрбиелеу кеңістігіндегі нақты оқу орнының аясында, білім алушы тұлға нысанда болған жағдайда қалыптастыру міндеті өте өзекті болып табылады.

Өкінішке орай, оларды шешудің отандық педагогикадағы дәстүрлі жолдары әрдайым жүзеге аса бермейді. Себебі ол қазақстандық тарихи процестерден бастау алатын жаһандық сипаттағы (ақпараттық өркениетке ауысу баспалдағы), жеке көзқарастағы маңызды өзгерістерге байланысты.

Аталмыш мәселені шешудің екі жолы бар.

Біріншіден, оқыту процесінің түпкі мақсаты мен одан шығатын міндеттерді, оны кезеңмен жүзеге асырудың стратегиясын, оның аясындағы оқушылармен арақатынастың принциптерін анықтау қажет. Бұл жергілікті билік өкілдері деңгейінде мемлекет арқылы жүзеге асырылады. Бұл процесс қоғамның сұранысына берілген жауабы, сондықтан жалпықоғамдық сипатқа ие емес.

Басқа сөзбен айтқанда, мектеп бітірген адам географиялық және әлеуметтік-стратегиялық көзқарастан нақты әлемде тұруы, ал бұл әлемдер бір-бірінен ерекшеленетіндіктен, оған көз жұмып қарау өскелең ұрпақ пен оның ата-анасының алдында мектептің абыройына нұсқан келтіру дегенді білдіреді.

Алайда, көрсетілген мақсаттар мен міндеттердің арасындағы айырмашылық ұлттық білім кеңістігінің бірлестігін бұзбас үшін қағидаттық сипатта болмауы қажет.

Екіншіден, бір пән аясында, сондай-ақ білім беру мекемесінің аясында түрлі элементтер мен сабақ беру әдістерінің арасында өзара байланыс орнауы; белгілі бір мақсаттарға жету және нақты білім міндеттерін шешу негізінде бір бірімен байланысуы; оқу процесі мекемесінің аясында әр әдістемелік құраманың орнын мақсатты анықтау.

Бұл жерде жаңа әдістемелік элементтер әзірлеу туралы емес, білім технологиясының айтылған мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қолданыстағы әдістемелерді мақсатты жинақтау туралы айтылып отыр.

Көп жылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушының нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, ал бұл бағалаудың бірқатар кемшіліктері бар:

− педагогтерге, ата-аналарға және оқушыларға түсінікті болатын білім беру жетістіктерін бағалайтын нақты өлшеулердің жоқтығы;

− педагог әр оқушының жетістігін алдын-ала айқындалған өлшеулер негізінде емес, жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне қарап бағалайды;

− оқушыларға қойылған баға оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете алмағандықтан, әр оқушының жеке білім алу траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болмауы;

− қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол оқытудың қорытынды нәтижесін әділ бағалау болып табылмайды;

− оқыту процесінде мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмағандықтан, оқушының білім алуға деген белсенділігі төмендейді.

Бағалау жүйесі және оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу білім беру процесінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бағалау жүйесі оқытудың мәселелерін диагностикалаудың және оқушы және мұғалім мен ата-ананың арасында кері байланыс жасаудың негізгі құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет