Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз – білім беру менеджерінің қызметіне тән маңызды талаптар мен ережелердің жиынтығы, басқарудың объективті заңдылықтарының көрінісі және жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа негізделген біртұтас педагогикалық процесс.
Білім беру менеджері қызметінің принциптері:
- менеджменттің педагогикалық бағыттау приципі;
- менеджердің диагностикалық қызметінің нақтылығы мен мақсаттылық принципі;
- қызметтік мақсатқа лайықтылық принципі;
- басқару процесінің пәрменділік принципі;
- басқару қызметін өзара бөлісу принципі;
- және т.б.
Педагогикалық менеджмент әдістерін шартты түрде мына төрт топқа бөліп қарастыруға болады:
- психо-педагогикалық әсер ету әдісі;
- әкімшілік басқару әдісі;
- экономикалық әдістер;
- қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі.
3 Педагогикалық теоретиктер мен практиктердің педагогикалық лексикасында әр қилы контексте «жүйе» (оқыту, тәрбиелеу жүйесі, әдістер, тәсілдер жүйесі және т.б.) ұғымы қолданылады. Жүйе – жалпы қызмет ету және бірізділік басқару мақсатында біріктірілген және тұтас құбылыс тәрізді ортамен өзара әрекеттесетін бір-бірімен нақты қасиеттері бойынша өзара байланысты ерекшеленген элементтер.
Жүйе – жалпы қызмет ету мақсатымен және басқару бірізділігімен біріктірілген, ортамен өзара әрекеттесетін біртұтас құбылыс ретінде болатын нақты қасиеттері негізінде ерекшеленген өзара байланысты элементтер.
Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде қолданылатын, бір-бірімен өзара байланысты элементтер жиынтығы.
Жалпы менеджердің педагогикалық жүйенің тиімділігін арттырудағы рөлі аса маңызды. Менеджер қызметінде жетістіктерге жету жолдары келесілер:
- көп жағдайда өзін басқара алмауы;
- жеке құндылықтарды жайып жіберу;
- жеке мақсаттарын жете түсінбеу;
- өзін-өзі дамытуды тоқтату;
- шығармашылық мүмкіндіктердің жетімсіздігі;
- басшылық дағдысының жетімсіздігі және т.б.
Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамга жоғары білімді, рухани-адамгершілігі мол, ӛздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымактастыққа кабілетгі, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам кажет. Бҧған жету ҥшін баскаруды дамытуға бағытталған жаңа модел керек. Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту болыа табылады. Менеджмент ұғымы — бұл адамдардың ынтымақтастығы, бҧл адамдардың карым-қатынас әдісі. Осы жерде өзін-өзі ҥйымдастыру, ӛзін-ӛзі дамыту ҥрдісі ретінде педагогикалык менеджменттің ықпалын көруге болады. Ол ушін педагогикалык менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын атуға болады.
1. Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.
2. Адамдарға тҧлға ретінде қарау қағидасы.
3. Ынтымактастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа кӛшу.
4. Ҥздіксіз кәсіптік білімін кӛтеру. Мҧғалімге ықпал жасау кағидасы.
5. Мҧғалім жҧмысын бағалау қағидасы, Бұл қағидалар педагогикалык менеджментте бірқатар накты талаптар қояды. Олар мына тӛмендегілер: - адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқы мен мумкіндіктерін мойындау;
- адамга сену, оның өзін-өзі тануы жәнв мумкіндіктерін ашып көрсету үшін жагдай жасау;
- өзара құрмет негізінде сенім ауанын қалыптастыру;
- бастамашылдықты, шыгармашылық бейімділікті, ұжымда өз арнын таба білуді қалыптастыру;
- жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.
- Адамға қҧрмет және сенім - басқарудағы ізгілікгің ең жоғары кӛрінісі.
- Адамдарға тҧлға ретінде қарау кағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ҧжымның әр мҥшесін жай ғана қызметкер, мҧғалім деп емес, оны бҥкіл кызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тҧлға деп карастырған жӛн. Мҧғалім де баланы онын ҥлгірімі тҥрғысынан ғана окушы деп карамай, тҧлға ретінде қарастыруы шарт. Тіпті, оны баланың бойындағы барлык нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығуы, қоршаған ортасы, тҧрмысы, т.б.
Педагогикалық менеджменттің ынтымақтасу кағидасы, яғни, баскарудан қарым-қатынасқа кӛшуде мынандай қағидалар туындайды:
—мҧгалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және мектептің қоғамдык, ӛміріне араласу қажеттілігін ҧғыну жағдайын жасау;
—мҧғалімнің жеке қасиеттерін білу әрі ескеру және олардың оқушыларга деген ізгілікті қатынастарын, қҧзыреттіліктерін, бастамашылықтары мен жауапкершіліктерін бағалау;
—мектеп басшысы мен педагогикалық ҧжымның бірлескен қызметінің негізгі қағидасы - адамгершиік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалык мақсатқа лайық жҧмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мҧқият назар аудару, талдау,сараптау, сонан соң шешім қабылдау.
Ең бастысы, менеджердің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі - педагогтерді бірікгіре, жҧмылдыра білу. Барлык қағидалардың мәні - мҧғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау, ӛз әрекетіне сенімділігін ояту. Ол ҥшін мҧғалімдердіц кәсіби ӛсуіне мҥмкіндік жасау, семинар, конференция, педагогикалық оқу-байқауларға қатысуға мҥмкіндік беру керек. Осындай жанашылдык ықпал ҥздіксіз ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзін-ӛзі жетілдіру кажетгілігін талап етеді. Д.Карнегидің басқара білудің (әлеуметтік-психологиялық болып табылатын) 10 ережесін үнемі назарда үстау қажет. 1.Сҧхбаттасқан адамдардын ерекшелігін ыкыласпен мойындаңыз және мақтаудан бастаңыз. 2. Кемшілікті жанама тҥрде кӛрсетіңіз. Тура сынау пайда келтірмейді.
3.Алдымен ӛз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сҧхбаттасушыны сынаңыз.
4.Әнгімелесушіге бҧйрық беруден бҧрын сҧрақ койыңыз.
5.Адамға ӛз жетістіктерін қорғауға мҥмкіндік беріңіз
6.Мақтауға сараң болмаңыз.
7.Адамның ҥмітін ақтау және сақтау ҥшін мҥмкіндік туғызыңыз.
8. Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай тҥзетуге болатындай, ол қиындык келтірмейтіндей ҥміт туғызыныз. 9. Ӛз қалауынша, адам қызығушылыкпен орындайтын кҥйге қол жеткізіңіз. 10. Адамның ӛз бейнесін сақтауға мҥмкіндік беріңіз. Д.Карнегидің ҧсынып отырған ережесі қарауындағы адамға сыйластыкпен карауға ҥйретеді. Менеджменттік басқару әдісінде жеке тҧлғаға сенімділікпен карау негізі қаланған.
Менеджменттің басты мақсаты — жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын ҥлкен кҥш.
Осы менеджменттік басқару арқылы педагогикалык қызметтің сапалы нәтижесі ҥшін атқарылған жҧмыстың жемісін кӛруге болады. Басқарудың педагогикалық менеджмент негіздерін меңгере отырып кез келген деңгейдегі педагогтердің біліктілігін кӛтерудегі негізгі міндет — әдістемелік сауаттылыкты меңгере алуы (ағартушылық, құзырлылық, зерттеушілік мәдениеті). Педагогикалық менеджмент мектеп басшысы мен мҧғалімдердің қҧзырлылык пен белсенділігін және ӛзін дамыту ҥшін жағдай туғызудағы дамыту-шылыкты басқару болып табылады.
№2.ДӘРІС. ТАҚЫРЫБЫ: Менеджменттің маңызы, кәсіби білім беру жуйесіндегі ролі мен орыны.
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
Менеджменттің мәні және оның түрлері
Баскару буындарының қызмет мазмұны
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент», ұғымдары тез енді.Менеджмент сөзін қазақша дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады.Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінің әрқашанда дәл бере брмеиді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. «Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түпкі төркіні гректің «манус», яғни «қол,көш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, аттізгінін ұстау, меңгеру шеберлігің білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тіліңдегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік білдіреді: а) адамдармен қарым-қатынас жасау үлгісі, әдісі; ә) билік және басқару өнері; б) шеберліктің ерекше түрі әкімшілік дағды; в) басқару органы, әкімшілік бөлігі. (1) «Менеджмент негіздері» курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегідей анықтама берілген: «Менеджмент-бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылдық ресурстарды ұтыды пайдалану процесі» (11). Э.А.Уткин «Курс менеджмента» еңбегіңде менеджментті былайша түсіңдіреді: Менеджмент- бұл нарық жағдайындағы кәсіпорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджменттің әлеуметтік- экономикалық механизімнің түрлі принциптерін мен қызметтерің, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.(72) А.А.Рудгиннің менеджмент тҥсінігінің неғҧрлым қысқаша сипаттамасы қолданылады. Оның пікірінше, менеджмент- бұл әрі өнер, әрі ғылым.(66) Менеджмент- бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің құралдарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай сипаттаманы Вачугов Д.Д, жетекшілік еткен ғалымдар тобы «Основы менеджмента» деген кітапта береді.(75) Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталды. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетің менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады: Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
1. Мемлекттік менеджмент. Кӛп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жҥргізуді жҥзеге асыру.
2. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің еркше тҥрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және соларға жетекшілік ету.
3. Құрама одақтық (ассосиациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді , мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетің ұйымдастырып, басшылық ету қажет.
4. Бизнес- менеджмент. Үкіметтіктіктен және мемлекеттіктен ӛзгеше келетің менджменттің ерекше түрі.
5. Мемлекеттегі меншіктік менеджмент. Бизнес- менеджменттің арнайы тҥрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мҧнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой –пікірлерде ықпал етеді.
Волфьганг Хайер өзінің «Еуропада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп жазды : «Менеджмент – бҧл жұмысты істеп тұрған комерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез-келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бҥкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын тек басшылар(3).
Бұл жерде барлық баскару буындарының қызмет мазмұнын анықтау, олардың қызметіндегі ӛзара әрекетті (әрекеттестікті), үйлесімділікті ұйымдастыру, олардың арасында субординациялық, координациялық және кері байланыс қатынастарын орнату айрыкша мәнге ие. Мектеп басшысының міндеті - барлық басқару органдарының ыкпал ету аймағын дәл аныктау, оларға белгілі бір өкілеттіктер (кұкыктар) беру жэне оларға жҥктелген міндеттерді орындау әдістемесі бойынша тұракты түрде нұсқаулар беріп отыру, олардың кызметін ынталандыруды және координациялауды камтамасыз ету, педагогикалык процеске қатысушылардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын, мінез-кұлык мотивтерін дұрыс бағалау және ұжым мҥшелерінің вертикаль бойынша да. горизонталь бойынша да ықпалды қарым-қатынасына кол жеткізу болып табылады. Директордың орынбасарлары оку жҧмысы бойынша, тәрбие жұмысы бойынша, оку-өндірістік жұмысы бойынша/ кәсіптік мектеп үшін/, бейімді оқыту бойынша, инновация бойынша, оку үрдісін реттеу немесе ұйымдастыру мәселелері бойынша, экономика және кәсіпкерлік жұмысы бойынша шаруашылық жҧмысы бойынша; Окушылардын кызығушылыктары бойынша әртҥрлі топ жетекшілері Конференция, мектеп кеңесі, педагогикалык кеңес, директор жанындағы кенес, үйлестіру кенесі. экономикалык кеңес, эксперттік кеңес, аттестаттау комиссиясы емтихан комиссиясы Ата-аналар комитетінің жиналыстары, ҥйлестіру кеңесі Окушылар комитетінің жиналыстары, үйлестіру кеңесі Мұгалімдер кеңесі, үйлестіру кенесі Бірлестік, кафедра, мектепшілік топтар мәжілістері, үйлестіру кеңесі Функциалды кызмет жетекшілері жанындағы кеңестер, үйлестіру кеңесі Әдістемелік ғылыми-әдістемелік кеңес, директордың орынбасары жанындағы кенес, ҥйлестіру кенесі Психологиялык білім беру кафедрасы,Эстетикалык білім беру кафедрасы,Политехникалык білім беру кафедрасы,Гуманитарлык білім беру кафедрасы,Бастауыш білім беру кафедрасы. .
№3.ДӘРІС. ТАҚЫРЫБЫ: .Менеджменттің теориясының және тәжірибесінің дамуы.
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1.Менеджмент ғылым ретінде пайда болуы және даму тарихы.
2.Қазақстанда менеджмент теориясы мен тәжірибесінің даму тарихы
Менджмент ғылым ретінде 19 ғасырдың аяғымен 20 ғасырдың басында пайда болып, ӛзінің дамуында бірнеше кезеңді бастан кешірді.Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм» ағыммен байланысты екені айтылады. Алғаш рет ғылыми менджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерок Тейлор /1859-1915/. Ол ӛңдірісті ғылым басқаруға болады деген пікір айтты.Кезінде ғажайып жаналық болған бҧл қҧбылысты кеиін ӛзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді.Ф.Тейлор кәсіп орынды басқару ісін ӛнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасау болатының» нысан етті.Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ҧйымдастыруды қамтамассыз етті.Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд(1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919), т б ӛздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты. Классик ҥлгідегі «әкімшілік» мектептің ӛкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни,А. К.Райли басқарудың әмбебап принциптерің ойластырды.Сондай мектептің негізің салушы франсуз ғалымы Анри Файоль(1841-1925)практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынадай қорытындыға келді-«басқару-кәсіпорынның мҥмкіңдіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу» . Ол сонда-ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылыми жолымен ҧйымдастыру принциптерің қолдану мҥмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті. Бихевористік «мінез-қҧлық» мектебі 20 ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқың белең алды. Бҧл бағыт психология мен социология ғылымдарың басқару жҥйесінде қолданумен айналысты. Бҧл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі – Элтон Мейо (1880-1949)болды.Осы ілім формалдық емес басқаруды ҧйымдастыру міндеттерің , еңбек ӛңімділігін ӛсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ҧсынды-«қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, ӛңдіріс салаларымен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды.Американдық зерттеушілер де Мери Паркер Фоллет (1868-1933), Абрахам Маслоу (1908-1970) бихевористік (мінез-қҧлық) мектептің ӛкілдері болып табылады. Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқарудың математикамен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сӛйтіп «басқару ғылымы немесе сандық ықпал»мектебі ӛмірге келді.Бҧл мектептің негізгі ӛкілдері-американдық ғалымдар С. Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х Райфа. 20-шы ғасырдың 60-шы жылдарында менеджментте жана бағыт қалыптасты.Ол «ситуациялық әдіс» деп аталды .Әр тҥрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ҧйымдық-басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасу жағдаймен байланыстыруды талап етеді.Ӛзінің зерттеуіне бҧл мектеп кәсіпорын, ҧйымның жҧмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағдайда жҧмыс атқаруын ескереді.Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан, мҥмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі алынады. Басқару теорисы мектептерінің пада болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады. Мысалы, басқару теориясының «классикалық мектебі» мыналардың әсерінең қалыптасты-« ҧйымдар санының ӛсуі, тауар мен қызмет кӛрсету нарығының ӛсуі, бірінші дҥниежҥзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриалды революцияның басталуы. Бихевиористік (мінез-қҧлық) мектебі пайда болуы кәсіподақтың ӛсуі әсерімен тҥсіндіріледі, дайындығы жақсы менджрлерге сҧраным екіншідҥниежҥлік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты. «Басқару ғылымы» мектебінің дамуы корпорация, концерн, концерн-конгломераттар кӛлемі ӛсуі әсерімен, «қырғи-қабақ соғыс», ӛңдірістің қҧлдырауымен тҥсіндіріледі. «Ситуациялық тәсіл»мектебінің пайда болуы экономика мҥмкіндіктерінің ҧлғаюы әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық , бақталастық, жоғары технологиялық ӛнімнің ӛмірге келуі, азаматтық қҧқық кҥресінің ӛсуі, жоғарғы биліктілікті талап ететінмамандықтардың ӛсуімен байланыстырылады. Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында кӛптеген елдерде басқару моделінің ӛзіндік ҧлттық ерекшелігі пайда болды.Қазіргі кезде басқарудың- американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.
2.Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының даму тарихы Қазақстанда басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады.Жҥздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді.Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды.Мемлекетті басқару жӛніңде бідің еліміздің дамуының әрқилы кезеніңдегі әр тҥрлі міндеттер ӛткенімізге ҥлкен әсер етті және бҥгінгі кҥні де Қазақстанның басқару ойының қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.
10-12 ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылдардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды.Ол жҧлдыздармен басқа табиғи қҧбылыстырға қарай отырып, мемлекеттің, шахарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған кӛріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді.Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік қҧрылыс және басшыға талап қою туралы идеялары ерекше қызығушылық тудырып отыр.Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидің ғылыми мҧраларыңтерең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жҧмыстарын жҥргізуде. Тәуке хан (1860-1715) әмірлік қҧрған дәуірде неғҧрлым прогресивті мемлекет және рухани қайраткерлер Тӛле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1682-1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жӛніңдегі ӛз пікірлерін мазмҧндады, мҧнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен қҧқық нормалары бекітілген. «Жеті-жарғы»-бҧл әкімшілік, азаматтық және қылмыстық қҧқықтардың нормаларын мазмҧндаған қҧжат яғни қазақтардың заңдармен қарапайым қҧқық нормаларының алғашқы жазба жинағы болып табылады. «Жеті жарғыға» сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды.Басқару халықтық жиналыс-қҧрылтай арқылы сҧлтандардың және ру басшыларының қатысуымен жҥзеге асырылды. Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолг және қайтақҧрушы Әбілқайыр хан (1693-1748) болды. Олжеке хандық қҧрып , Қазақстанның далалық аудандарының ауқымды тереториясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ҧстап тҧрды.Алайда, Әбілхайыр хандығы орталықтанған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ҧлыстарға бӛлінді. 18 ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жҥйесінің дамуында Қазақстанның териториялық иеліктерін қалпына келтірген кӛрнекті мемлекет қайраткері Абылай хан (1711-11781) маңызды роль атқарды.Ӛзінің оңжылдық басқару кезеніңде ол мемлекетте біраз ӛзгерістерді жҥзеге асырды. 19-ғасырда Қазақстанның кӛрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым ағартушы Ш.Уалиханов(1835-1865) маңызды орын алды.Ол орыс ағартушыларымен ревалюцияшыл демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады.Сонымен бірге патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық-мәдени артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жену ҥшін кҥресті, қазақтардың отырықшылықпен егін шаруашылығына кӛшуін насихаттады.Ш.Уалиханов ағарту ісімен жеке реформалардың рольін асыра бағалай отырып,басқару облысындағы ҥкімет шаралары кӛшпенді ауылдар ӛмірінің қайта қҧрылуына ықпал етуі мҥмкін деп жорамалдады.Ш.Уалихановтың мемлекетті басқару жӛніңде ҧсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы-демократтары Ы.Алтынсарин(1841-1889)мен Абай Қҧнанбаев(1845-1904) әрі қарай дамытты. 20-ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары ӛкілдерінің шоғырымен ерекшеленеді.Олар-Ә. Жангелдин, Ә.Бӛкейханов,М.Тынышбаев,М.Шоқаев, Л.Мирзоян, О.Исаев, Ҧ.Қҧлымбетов, С.Мендешев, Н.Нҧрмақов, Т.Рҧсқҧлов,Ғ.Тоқжанов, О.Жандосов, Т.Жҥргенов,С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансҥгіров және т.б.Торғай облысында-Ә.Бӛкейханов, Жетісуда-М.Тынышбаев, Тҥркістанда-М.Шоқаев қазақ халқының ӛкілдері уақытша ҥкіметтің комиссарлары болып тағайындалды.Бірақ олар отарлаушы басқару жҥйесінің шенеуніктері болып табылғандықтан жергілікті қазақ тҧрғындарының мәселелерін толық шеше алмады. Қазіргі заманғы менджменттің қалыптасу тарихы мен дамуын 20-ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап қараса болады.Алғашқы қазақ инженер-менджері, ӛңдірісті ҧйымдастырушысы Қ.И.Сатбаев(1889-1964) болды. Ол бірінші болып кеңшілердің еңбек ӛңімділігі мен адамдардың еңбекке деген мотивация мәселелердің, жҧмысшылардың, кәсіподақтардың кәсіпорындармен және Балқаш пен Жезқазғанның тау-кен байыту комбинаттарында еңбек процестерімен байланысты сҧрақтарын шешті.Оның басқару стильіне тән ең маңызды ерекшелік, ол зерттелетің нақтылы материалдарды терең ғылыми жҥйелеу мен жалпылау болатын.Бҧл жерде нағыз білгірдің әдеттен тыс басқару ойы кӛрінеді.
Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына кӛрнекті ғалым , қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д.А.Қонаев (1912-1993)ерен ҥлес қосты.Олқырық жылдан астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің бірінші басшысы болды.Д.А.Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған кезенде респблика бҧрынғы КСРО-ның ірі агро-ӛнеркәсіптік аймақтарына айналды.Мҧнда елдегі тҥсті металлургияның негізгі базасы орналасты, ауқымды жылу-энергетикалық кешен әрекет етті, мҧнай ӛңдірудің ҥлкен потенциалы болды. 20-шы ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару ситуасиясы айтарлықтай ӛзгерді.Нарықтық жҥйе басқарудың әкімшілік-бҧйрықтық әдістерін ауыстырды.Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестікпен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды.Қазақстанда мемлекеттік кадр Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылы 19наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылды «Мемлекет жаңа жҧмыс орындарын ашады, адамның ӛз қаблет мҥмкіндіктерін кӛрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының ӛсуіне қамқорлық кӛрсетеді». Қазақстанның Бҥкіл дҥниежҥзілік Сауда Ҧйымына еңу қарсаныңда біз басқару шешімдері салаларындағы ғаламшарлық бәсеке алдында тҧрамыз.Президент мемлекеттік қызметкерлерге мына принциптерді басшылыққа алу қажет деп есптейді: а) халық берген биліктің қызығына тҥспей, оған иелік ете білу керек; ә) ӛзін ҥшін пайданы кӛздемей , ӛзің қызмет ететін қоғамның игілігі туралы ойлау қажет; б) «мемлекеттік қызметкер қалай тҧрып жатырсың?» деген сҧрақтан қорықпай ӛмір сҥруі керек; в) адамдардың сенімін жоғалтпайтындай етіп басқару керек. г) лауазымға істі кәсіби тҥрде жҥргізе алатындарды ҧсыну керек. Қазіргі жағдайда біздің еліміздің тҧрақты дамуының басымды бағыты Қазақстан экономикасында қазіргі менджментті қолданужӛніңде теориялық тҧжырымдама жасақтау болып табылады. Менеджменттің қоғамдық мәнділігі біздің 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары сезілді.Қазақстанның жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан яғни нарықтық экономикаға кӛшу сәтінен бастап оқытылады.Мемлекетте дҥниежҥзілік білім стандартына жауап беретін менеджмент сала бойынша мамандар дайындау жӛнінде жҧмыс басталды. Қазіргі кезде білім беру мен кадрларды кәсіби дайындау мемлекеттің экономикалық старатегиясының қҧрамды элементтері болып табылады. Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық профессор К.Ғ.Ахметовтың «Менеджмент негіздері» (1993) ж. Кітабы болып есептелінеді.Біздің пікірімізше , ол қазақстандық менеджмент мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады.Біздің отандастарымыздың арасынан «Менеджмент негіздері» (1994ж) . «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» (2001ж). Жҧмыстарының авторы К.Б.Бердалиевтыда атауға болады.Осы еңбектерінде ол қазақстандық кәсіпорындарды басқару ерекшелліктерін мазмҧндады. Қазақстандық кадр менеджменттінің мәселелерін алғаш рет Қарағандылық ғалым Каренов Р.С. зерттеді.Одан басқа «Ӛңдірістік менеджмент» (1996ж), «Иновациялық менеджмент»(1997ж), деген еңбектері бар.Ол «Кадрлық менеджмент» атты еңбектерінде нарықтық экономикалық жағдайындағы кадрлармен жҧмыс жҥргізудің отаңдық тәжірибесін қорытты және біздің еліміздің кәсіпорындарында позитивті шетел тәжірибесін пайдалану жӛнінде кейбір пікірлерін ҧсынды.Қазақстандық кәсіпорындар тҧрғысынан ӛңдірістік менджменттің теориялық аспектілері Ә.Ә.Әбдірешовтың «Кәсіпорынның ӛндірістік менеджменті (2001ж)кітабында келтірілген. Оның еңбегінде стратегияны, жоспарлауды, еңбекті басқаруды дамытудың әдістемелік ҧсыныстары кӛрсетілген. Нарықтық конюньктура жағдайында қаржы менджерінің рольі айтарлықтай ӛсті. Қаржы менеджменттініңде мәселелері де Қазақстанның ғалымдарының еңбектерінде кӛрініс табуда. Осылайша Қазақстандық менеджменттің теориялық сонымен қатар қолданбалы аспектілері зерттелініп жатыр және арықарай зерттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджменттің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда ҥлкен роль атқарады.
№ 4.ДӘРІС.
ТАҚЫРЫБЫ: Басқарудың қазіргі заманғы теориялары.
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1.Қазіргі заманғы басқару теориялары
2.Бүгінгі мектеп басқару менеджментіндегі педагогикалық мәселелер
1 Басқару әдіснамасы арқылы мектеп басқарудың заманға сай бағыт-бағдарын, дүниетанымдық жаңа ұстанымын қалыптастыру білім беруді ұйымдастырудың өзекті мәселелерінің бірі. Басқару теориясының өзгеруі мектеп басқарудың негізгі салаларында қалыптасқан ұғымдар мен түсініктердің жаңаруын көздейді. Бүгінгі басқару теориясында "басқару философиясы", "басқару социологиясы", "басқару экономикасы" деген жаңа ұғымдар пайда болды. Педагогика ғылымында басқару ұғымын білдіретін "қарым-қатынас педагогикасы" қалыптасты (Б.С.Гершунский, Ю.А. Конаржевский).
Менеджментті мектепке ендіру дәстүрлі мектеп басқарудан өзінің жаңа мазмұнына сай ерекшеленеді, ол бұрынғы басқару философиясындағы "басқару арқылы ықпал ету" түсінігі орынына "өзара қарым-қатынас арқылы басқару", "рефлексиялық басқару" түсініктері енгізілуін көздейді. Көптеген зерттеулерде (Ю.А.Конаржевский, В.А.Сластенин, Т.Б.Баймолдаев, т.б.) педагогика саласына батыстық басқару теориясында қолданылып жүрген "менеджмент" ұғымын ендіру арқылы басқару тиімділігін кеңінен қарастыруды ұсынылады. Ағылшын тілінде "management" сөзінің бірнеше баламалары бар. Олар - басқару өнері, әкімшілік дағдылары, адаммен қарым-қатынастық қабілет, әкімшілік ету әдістемелері т.б.
Неміс ғалымдары В.Зигерт пен Л.Ланг "Менеджмент белгілі міндеттерді орындау үшін адамгершіліктік, тиімділік және үнемділік жолдары арқылы адамдарды басқару" деп көрсетеді. Ал, А.В.Попов өз еңбегінде "менеджмент - адам әрекеттеріне ықпал ететін және түрлі мақсаттарға сай ресурстарды қолдануда өзгерістер әкелетін әлеуметтік және технологиялық үрдіс және белгілі бір міндеттерді тиімді орындау үшін адамдар мен материалдық ресурстардың үйлесімді қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, іске асыру және бақылау"- деп түсіндіреді. Кейбір еңбектерде "менеджмент - өндірістің тиімділігі мен өкілділігін күшейту мақсатында басқаруда пайдаланылатын философияның, стратегиялардың, ұстанымдардың әдіс-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы" делінген.
Ю.А.Конаржевский басқаруға арналған осы көзқарастарға талдау жасай отырып, "педагогикалық менеджмент" идеясын қарастырады және оның негізі ретінде белгілі американдық ғалым П.Друкердің басқару теориясын есептейді. Осы теорияларға сәйкес мектеп басқаруда менеджменттің адам
айналасына шоғырланған, оларды бірлескен әрекеттерге тартуға, қолдау
көрсетуге бағытталған мазмұнын басшылыққа алынады. Өйткені,
өркениетті заман талабына сай бүгінгі басқару мазмұны, оның тиімділігі
адамға бағытталған әлеуметтік тұрғыдан сипатталады, менеджмент ұғымы басқару теорияларына сәйкес қызметтік басқарумен қатар сан қырлы ұйымдастырушылық-технологиялық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік салаларды басқаруды да терең қамтитындығы байқалады.
Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан алғанда менеджменттің субъектілігі "субъектінің өзіндік өмір сүру ұстанымы" ретінде түсіндіріледі, мақсат қою, жоспарлау, оқу әрекеттері өзіндік бақылаудың саналы қызметі ретінде көрсетіледі, сол арқылы басқару төмендегі әрекеттерде жүзеге асырылады:
тұлғаның өзіндік құндылығын анықтау, өз бетіндік әрекетін ұйымдастыру;
тұлғаның жеке мәнді танымы негізінде білім беруді ұйымдастыру;
әр түрлі пәндер бойынша ұйымдастыру шараларында тұлғаның дербес
және шығармашылық әрекетін ұйымдастыру;
мектептегі білім беруді тұлғалық бағдарлы басқару мазмұны оған
қатысушылардың көзқарасын өзгерте алады.
2 Бүгінгі мектеп басқарудағы менеджмент педагогикалық проблемаларды шешудің жаңа жолдарын енгізуге, педагогикалық үрдісті жаңғырту аркылы жаңа нәтижелер алуға бағытталғандықтан мазмұны жөнінде демократиялық болып табылады. Ғалымдар демократиялық қоғам мектептерінде төмендегі құндылықтардың болуы қажет деп есептейді: белсенді қарым-қатынас - оқушылардың және мұғалімдердің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
ынтымақтастық - оқушылар мен мұғалімдердің өзара бірлескен әрекеттерге тартылуы, өзара қарым-қатынас пен бірігіп еңбек етуі;
индивидтік (дербестіқ) - әр оқушының және мұғалімнің жеке ерекшеліктерін дамытуы, көрсете алуымен қатар, әр индивидтің қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
өзіндік тәртіп - бойындағы тәрбиелілік, өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену, дамыту;
шыдамдылық (толеранттық) әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір бірінің пікірі мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау;
еркіндік - оқушылар мен мұғалімдерге өз мүмкіндіктерін бағалай отырып, тапсырмаларды таңдауда орындау жолдарын белгілеуде еркіндік пен жауапкершілік беру.
Басқару жүйесінің кұрамындағы бөліктер өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып жаңа өзгерістерге түсе алады. Ол төмендегілерді қамтиды:
басқарудың мақсаты мен мазмұны;
педагогикалық үрдістің технологиясы, әдістері мен құралдары;
оқыту мен тәрбие беру әрекеттерінің формасы;
басқару жүйесі;
Сонымен қатар менеджмент тұрғысынан басқаруда мынадай жағдайлар ескерілуі тиіс:
басқару технологиясындағы инновациялық үрдіс кездейсоқтық емес, белгілі бір күтілетін нәтижеге бағытталады;
инновациялар білім беруді тиімді басқару үшін енгізіледі;
жаңа түзілімдер ішкі мүмкіндіктерді жаңа тұрғыдан қарастыру
негізінде жаңа жетістікке жету мақсатын қояды.
ЮНЕСКО XXI ғасырда білім саласында дүниежүзілік деңгейде бірлікте өмір сүру, білімді меңгеру, еңбек етуге үйрену сияқты білім құндылығының негізін құрайтын мәселелерге ерекше көңіл бөліп, осы бағыттағы білім жүйесінің инновациялық, демократиялық және гуманистік қадамдарын жоғары бағалайды. Адам баласына дүниенің біртұтас бейнесін қабылдай алуға мүмкіндік туғызу, оларды ең әуелі өзінің ішкі әлемін түсінуге, өзгелер үшін түсінікті болуға жағдай жасау білім берудің басты міндеті болып табылады. Сондықтан оқыту жүйесі белгілі бір білімдік қорды жинақтауға емес, адамгершілік, гуманитарлық көзқарастарды қалыптастыруға бағытталады.
№ 5.ДӘРІС.
ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп басқарудағы демократиялық және гуманистік (адамгершілік) бағыттар
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ
1 Менеджменттің демократиялық және адам тұлғасына бағдарлылық идеясы
2 Ұлттық мектептер және ізгіліктік басқару теориялары.
Қазіргі кезде менеджмент негізінде мектепті басқаруды инновациялық жетілдіру - әлемдегі өркениеттің дамуының бір бөлігі болып табылады. Менеджменттің демократиялық және адам тұлғасына бағдарлылық идеясын қолдаушылар (Ю.А.Конаржевский, А.М.Моисеев, В.С.Лазарев, т.б.) оның мазмұнына төмендегідей сипаттама береді.
Менеджменттің негізгі тетіктері: адамды құрметтеу, адамға сенім, оқушы мен мұғалімнің дамуына бағытталған тұтастық көзқарас, білім беру үрдісіне қатысушыларды табысқа жетелейтін жағдайлар туғызу. Менеджмент жүйелілігінің сипаттамасы: басқарудың біртұтас жалпы жүйесі үшін де, оның жеке бөліктері үшін де үйлесімділік пен ынталылықты қамтамасыз етеді және осы сипаттардың өзара қарым-қатынаста, түрлі шешімдер қабылдау барысында сақталуына мүмкіндік береді.
Менеджменттегі нәтиже мен үрдіс: басқару соңғы нәтижені де, ұйымдастыру үрдісі мен мазмұнын да маңызды деп есептеледі, яғни тек нәтиженің орындалуы ғана емес, оған жетудің жолдары да құндылык ретінде тең қарастырылады;
Менеджменттегі біртұтастық: біртұтастық кұрылым жалпы баскаруда ғана емес, мұғалімнің және оқушының өз әрекеттерін белсенді ұйымдастыра алуына да негіз бола алады, соның нәтижесінде танымдық ынталандыруға қол жеткізіледі.
Менеджмент негізінде басқарудың жаңа сипаты - адам тұлғасына бағытталғандық - оның жүзеге асырылуы тек басқару мазмұнына дәстүрлі көзқарасты өзгертумен қатар тұлғаға бағытталған басқару қызметінің ерекшеліктерін айқындап алуды қажет етеді.
Ұлттық мектептер және ізгіліктік басқару теориялары.
Демократиялық және гуманистік бағыттар - ұлттық мектептің негізін құрайтын құндылықтар. Оларда халықтың өзіне тән табиғаты, рухани-адамгершілік дамуының үлгілері, бүгінгі өркениетті үрдістер жинақталуда. Сондықтан, ұлттық мектептің жаңа сипаты ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық тәрбиемен ұштастыру арқылы байытылады. Өйткені, ұлттық сипат генотип пен мәдениеттен түзіледі және адамның табиғаттан, өмір мен білімнен алатын рухани нәрін кұрайды. Бүгінгі ұлттық мектеп адамзаттык мәдениет пен этномәдениеттің өзара бірлігінде, жаңашыл бағытта бола отырып, әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда үнемі жетілдіріліп отыратыны сөзсіз.
Қазақтың ұлттық мектебінің педагогикалық, психологиялық және ізгіліктік негізі халықтық тәлім-тәрбиеден, белгілі ақын жырауларының дүниетанымдық көзқарастарынан бастау алып Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсариннің, Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық ой-пікірлерінен жалғасын табады. Олар адамның адам болып қалыптасып, рухани ішкі қуаты кемелденуі, оның өзіндік мұраттарына жете алуы әркімнің өз мүмкіндігіне байланысты екенін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дәлелдеген.
Бастауыш мектеп меңгерушілеріне арналған нұсқау хатының мазмұны
Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарасын айқын көрсетеді.
¥лттық мектептің ізгілікті болуы туралы ой-пікірлер А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектерінен жалғасын тапты. Ахмет Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, бастауыш білім алуына көп күш жұмсады. Ол 1913 жылы жазған "Оқу жайы" мақаласында "Бүл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін - мектеп", -деп, ұлт болашағы үшін білім алудың маңыздылығын көрсетеді.
Ж.Аймауытов қазақ мектептеріндегі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру үшін мұғалімнің ұйымдастырушылық шеберлігі жоғары болуы тиіс және ол профессионалдық еркіндікке ие болу керек" деп білім алуды күнделікті өмір тәжірибесімен ұштастыра білудің қажеттігін, мектепте оқушы тұлғасын тәрбиелейтін мұғалімнің шеберлігі мен адами көзқарастарының жоғары деңгейде болуын міндетті деп санаған.
¥лт болашағын мектептен қалыптастыру мәселесін қарастыруда Мағжан Жұмабаевтың орны ерекше. Оның 1922 жылы Орынборда, 1923 жылы Ташкентте жарық көрген "Педагогика" оқулығындағы мұғалім, оқушы туралы ізгілікті ойлары бүгінгі ұлттық мектеп үшін аса құнды.
Қазіргі педагогикалық, психологиялық зерттеулерде тұлғаны дамытудың ізгіліктік гуманистік тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған ұлттық мектептің мазмұны талдануда. Өйткені, қазақ ұлт мектебі тәуелсіз Қазақстанда ғана өз атына лайық мәртебе алуда, өйткені, ол ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын еліміздегі ең негізгі тірек - тұғырлық оқу мен тәрбие мекемесі, ал мектепті басқару қызметіне жаңа деңгейдегі талаптарды қою - оның дамуының басты шарты.
№ 6.ДӘРІС. ТАҚЫРЫБЫ: Басқару қызметтерін жіктеу
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1. Басқарудың функциональды жүйесі
2. Менеджерлер еңбегінің мазмұны
3. Басқару қызметінің басты қағидалары
Көптеген ғалымдар басқарудың функциональды жүйесіне:
1.Болжау.
2.Жоспарлау.
3. Шешім қабылдау.
4 Ұйымдастыру
5 Бақылау.
6 Есепке алуды жатқызады. Білім беру мекемелерінде негізге алынып жүрген Ю.К.Бабанскийдің, П .Т. Фроловтың, В.А.Сластениннің оқу қҧралдарында кӛрініс алатын басқару қызметінің жҥйесі
1.Жоспарлау;
2 Ҧйымдастыру;
3 Ынталандыру;
4 Бақылау;
5. Нәтижелерін талдау; Басқару қызметі жҥйесінің циклограммасы: Педагогикалық талдау (П Т ) Мақсат қою және жоспарлау (МҚЖ) Ҧйымдастыру (Ҧ) Бақылау (Б) Реттеу (Р) Коррекциялау (К) Мектеп басшысы ең алдымен, басқару процесін емес, керісінше. соңғы нәтижені бақылауы тиіс. Немесе, басшы мектеп пен мҧғалімнін жҧмысын кӛрсеткен нәтиже бойынша тексеруіне болады: мҧндағы максат - тексерілуші объектінін тәжірибесін анықтау және жетілдіру. Мҧндай жағдайда мектеп басшысының баскару жҧмысының тиімділігі мектеп баскарудағы жҧмыс сапасының денгейін арттыруымен және оқушыны тҧлға ретінде калыптастырудағы маныздылығымен ерекшеленеді. «Басшылық жасау - бұл да басқару, бірақ адамның адамды басқаруы», - деп Э.И Моносзон ӛте орынды айткан. Байкап қарасақ, педагогикалық басшылық жасау педагогикалык ҥрдісте адамдар арасындағы ҧзақ қарым-қатынасты негізге алады. Педагогикалык басшылык жасаудың ерекшелігі де осында, ол әлеуметтік қызмет болып анықталған оқыту мен тәрбиелеуді іске асыратын адамдардың іс-әрекетіне бағытталады. Басшылық жасау - педагогикалык талдау, -жобалау, -ҧйымдастыру, -реттеу. -есепке алу және бақылау сияқты басқару кызметінің бір саласы. Баскару жалпы білім беретін мектептегі сияқты кез келген динамикалық жҥйеге тән. Мектепті баскару- ол тек мектеп әкімшілігінің іс-әрекеті емес, ол мектеп кҧрылымын байланыстыру тәсілі, оның тҧтастығы және ортамен ӛзара карым-катынасының сипаттамасы, Баскарудың осы, ішкі және сырткы байланыстары мен қарым-катынастары мектептің интеграциялық жҥйесінің тууына себепші болады. . «Басшылық жасау» ҧғымы директордың адамдарға (орынбасарларына, мҧғалімдерге, косымша қызметкерлерге) тікелей әсер ету ерекшелігін бейнелейді. Осылайша ықпал ету жолымен ол оқу-тәрбие және баска процестерді және біртҧтастықта қҧрылатын мектеп жҧмысына жетекшілік етеді. Бҧл директор кызметінін бірінші блогы-ӛзіндік басқаруды қҧрайды. Директор кызметінің екінші блогы - педагогикалық блок. Ӛткен жылдардағы алдынғы катарлы педагогтар директордың жҧмысы ӛзінің педагогикалык ерекшелігімен айкындалуы тиіс, оньң басқарушылық ықпал жасауы баскару объектісінде де (мҧғалімдер мен окушылар), кызмет жасау аясында да (мектеп) ерекше сипатта болуы керек деп санаған. В.А. Сухомлинский: «Жаксы директор - ӛзі оқытып жҥрген балалар ҥшін де, қол астындағы кызметкерлер ҥшін де, ең алдымен, жақсы ҧйымдастырушы, тәрбиеші және дидакт», - деп ескерткен. Директор қызметінің үшінші блогы - карым-катынастык (коммуникативтілік) блок. Баскарудың әлеуметтік - педагогикалық әдісі, оның: окытушылар ҧжымын топтастыру. қоғамдык кӛзкарасты калыптастыру, тҧлғааралық карым-катынас тиімділігін. канағаттылык сезімін тудыру, ҧжым мҥшелерінің шығармашылык белсенділігін кӛтеру сиякты компоненттерін бӛліп кӛрсетеді. Директордың ӛз карауындағы кызметкерлерімен. ата-аналармен карым-катынасы басқару жҧмысының маңызды жагын кӛрсетеді, ал бҥл болса директордың іс-әрекетінде кӛрсетілген қарым-катынас блогының дҧрыстығын дәлелдейді. Тӛртінші блок - зерттеушілік блок. Бҧл директор жҧмысынын, әсіресе, соңгы жылдардағы жҧмысында анык кӛрініс алады Педагогикалык блок басшылык жасауды,. зерттеушілікгі. карым-катынасты кажет етеді және оларды оңтайлы ҧйымдастыру аркылы жҥзеге асады. Ұйымдастыру, біріншіден, мекгептегі барлык сатыларды баскару субъектілерін тҥтел камтиды, екіншіден, педагогикалық ҧжымның барлых мҥшелерінің әрекеттестігіне. Ынтымактастығына, ғылыми-шыгармашылык ізденіске, бірлесе баскаруға, ӛзін-ӛзі баскаруына жағдай жасайды, ҥшіншіден сенімділікке, демократиялық, ізгіліктік, гумандык процеске негіздейді. Ҧйымдастырудың нәтижелі болуы директордын басқару әдістерін тиімді пайдалана білуіне байланысты (ҧйымдастырушылык-әкімшілік, экономикалық, педагогикалық, әлеуметтік-психологиялык т.б.}. Басқару ңызметі мынадай қағидаларды: -басқарудыц жариялылъқ қағидасын (оку орнының алдына қойған мақсатына жетуі ҥшін барлык ҧжымды камтуды кӛздейді); баскарудың экономикалъқ қағидасын (баскару шешімдерін жҥзеге асыру, кабылданған шешімге және олардың тепе-теңдігіне байланысты каржы ресурстарының шығынын аныктайды және қаржыландырудың кӛздерін іздестіреді); -оңтайлы инновациялық қагидасын (стандарттык баскару мәселелеріне жаңа колайлы жағдайды іздестіреді, оқушылардың шығармашылық белсенділігін калыптастырады әлеуметтік қағидасын (ҧжымнын элеуметтік мәселесін шешуге бағытталады): -басқарушының құзырлық қағидасын (баскарушының кәсібилік жағынан барлык деңгейдегі басшыларға қойылатын талаптың бірте-бірте ӛсуін пайымдайды) тірекетеді және нақты функционалдык жүйе арқылы жүзеге асады -Максат қою мен оқу-тәрбйе процесін жоспарлауды жетілдіру педагогикалык жҥйенің ҥнемі даму, козғалыс жағдайында болу кажеттігінен туындайды. Бҥгінгі мектеп басшыларына тән ортақ кемшілік олар. кӛбінесе, «Неге қол жеткізу керек?» деген сҥрақтың мәнін ашудан бҧрын «Калай қол жеткізу керек?» деген сҥраққа жауап беруге асығады, яғни максатты тҧжырымдап алмай, тікелей міндеттерді белгілеуге кіріседі. Мҧндай әдіс, әрине, тиімді болмайды, бҧл арада басқару циклі жоспарлау қызметінен кӛрініс табатын максат коюдан және міндеттерді анықтаудан басталады.
Егер бҥгінге деиінгі жоспарлау мектеп ҧжымы қьізметіне берілген кешенді талдау негізінде жҧмысты корытындыласа, содан соң алдыңғы баскару цикліне баға беріп, еңбек ҧжымы кызметінің накты максаты мен міндеттерін және оларға қол жеткізу кҧралдарын аныктаса, соңғы уакытта ол шешім қабылдаумен байланыстырылады. В.А.Сластениннін сӛзімен айтқанда, мектеп басқарудағы жоспарлау зерттелетін кҧбылысты педагогикалық талдау нәтижелерімен бағдарланған максаттын аракатынасы негізінде шешім кабылдау болып саналады. Баскару кызметі жҥйесінің ҧйымдастыру кезеңінің мазмҧны мҧғалімдер мен окушылар, педагогикалық ҧжым, ата-аналар және жҧртшылык арасындағы ӛзара катынасының сипатымен аныкталады. Іскер. ӛзара қарым-катынастық сенімге қҧрылған дербес ҧйымдар мен оқушылар ҧжымынын кӛптеген шығармашылық бірлестіктерін қҧруға, оларға мектептің барлық окушыларын тартуға, олардың шығармашылык кабілетін дамытуда барлык мҥмкіндіктерді пайдалануға жағдай жасайды.
№7 ДӘРІС.
ТАҚЫРЫБЫ: Білім беру жүйесінгі басқару еңбегінің үрдісі
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1 Басқарушылық кадрлар қойылатын талаптар
2 Жетекшінің іскерлігі мен оның атқаратын қызметтері
Америка Құрама Штаты (АҚШ): басқарушылық білімнің басты міндеті технологиялық лидерлікті қамтамасыз ету.
АҚШ жоғары білім беру жүйесінде менеджерлерді даярлаумен айналыса бастаған ең бірінші капиталистік ел болып табылады. Ол білім беру саласына мамандарды даярлау ісінде ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстың үлкен тәжірбиесін жинап үлгерді. АҚШ-та менеджерлерді даярлаумен айналысатын алуан түрлі оқу мекемелер саны өте көп. Солардың ішәнде америкалық ассоциациялар, бизнес мектептері, менеджмент орталықтары, кеңес ұйымдары ерекше орынды алады. Жоғары және орта звенодағы менеджер кадрларын даярлаудың көлемі жөнінен ең үлкен ұлттық оқу орталықтары, жетекші университеттер негізінде жүздеген арнайы факультеттер мен арнайы курстар - басқарушы кадрларды интенсивті, мақсатты және кәсіби түрде дайындайды.
Басқарушылық кадрларға қойылатын талаптарды, оларды дайындаудың ұйымдастырылуы мен мазмұнын білімнің әлеуметтік сферасфндағы өзгерістер анықтайды. Сондықтан да басқарушы мамандарды оқыту сапасын арттыруға, университеттер мен колледждерді жетілдіруге аса көп мән беріледі.
АҚШ-тың кез келген ұйымында менеджердің дипломынсыз ешкімде басқарушы қызметін армандай да алмайды (жоғары білімі болса) да.
Білім менеджерлерін сапалы даярлаудың бірден бір жолы талапкерлерді мұқият іріктеу болып табылады. Мектеп қабырғасынан-ақ Америкалық басқарушылар ассоцицасиясы жоғары сынып оқушыларына менеджмент саласында 2-3 апталық арнайы демалыс және оқу лагерьлерін ұйымдастырады. Ойын- сауық іс- шараларымен қоса менеджменттен сабақтар жүргізіледі. Бұл сабақтарды шынайы менеджерлер мен зейнеткерлер өткізеді. Олар балаларды басқарудың ғылыми бастамалары мен практикасымен таныстырады. Лагерьлер ақылы болғанмен шығының басым бөлігін ассоциация көтереді. Бұл мектеп кезінде оқушылардың басқарушылық қабілеттерін ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Басқарудың америкалық моделінің өзіндік орны бар. Мұнда басқарушылық жеке адамдарға бағытталады. Яғни, жұмысты қабілеттеріне қарай бөледі. Әрбір адам жетістіктеріне қарай бағаланады және марапатталады. Жеке пікірлерге мән беріле отырып, ортақ шешім қабылдайды. Ал, жапондық модельде топ, команда болып жұмыс жасауға алға қойылған, топтың немесе команданың ұсынысы, шешімі қабылданады.
Америкалық модельді жүзеге асыруда Гарвардтық мектептің тәжірбиесі мол.
Гарвардтық мектептің негізін салушылар, басқару деген-ерекше кәсіп және оны медицина немесе юриспруденцияға үйреткендей үйрету керек деген тұжырымға негізделеді.
Гарвардтық бизнес мектебінде дәстүрлі сабақтар бөлу жоқ, яғни сабақтар дәріс және семинарға бөлмейді. Дәрісшінің тыңдаушыларымен қарым-қатынасы тыңдаушылардың белсенді менеджерлерді даярлаудың оқу үрдісіндегі оқыту нақты жағдаятты талдаудан тұрады. Мұндағы мақсат мәселенің тек шешу жолын анықтау ғана емес, сонымен қатар тыңдаушыларды өз позициясын қорғауға, дәлелдеуге үйрету. Гарвардтық мектептегі оқу үдерісінің негізі-нақты жағдаят.
Мектептегі практикалық басқару іс-әрекетінің бағыттары құндылығы жағынан бірдей емес. Мектептің негізі әлеуметтік міндеттеріне сәйкес,ол өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады, осыған байланысты, басқарудың барлық бағыттарының ішінде оқу-тәрбие жүйесін басқару бірінші орынға ие. Осылаша, педагогикалық басқару- практикалық іс-әрекет, ол-тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. Педагогикалық басқару теориясы- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі,ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.
Білімнің бұл саласынығ міндеттері- педагогикалық басқаруды зерттеу, оның теориялық және практикалық мәселелерін жете зерттеу, оны жетілдірудің ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар, педагогикалық басқару мектептің барлық жұмысымен қатар басқа жұмыстардың түрлерін жоққа шығармайды. Білім беруді басқару теориясы ағарту саласындағы ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына негізделеді.
Қазақстан Республикасында беделді азаматты тәрбиелеу мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл үдеріс педагогикалық басқарудың ең манызды мәселесіне айналуда.
Қазіргі жағдацларда қазақстандық мектептің жаңа моделін жасау жүріп жатқан кезде өткеннің және қазіргі уақыттың жаңашыл педагогтарының тәжірбиесін арнайы зерттеу керек. Мәселен, олардың тәжірбиесіндегі жаңа білімнің мазмұны қандай (сапасы,деңгейі), педагогиканың әртүрлі саласы мен ғылыми тұтас педагогикалық ғылым үшін педагог жаңашылдарының қосар үлесі қандай деген сияқты. Педагогика әдіснамасының, дидактиканың, тәрбие теориясының, педагогикалық психологияның, жеке әдістемелердің жаңашылдық тәжірбиелердің жаңашылдық тәжірбиелердің басты назарында болуы керектігін анықтау қажет.
Базалық басқарушылық білім алу проблемасы қазақстандық ғалым- педагогтардың(Г.А.Уманов, Н.Д. Хмель, А.П.Сейтешов, Н.А.Лебедова,А.А.Семченко, т.б.) ғылыми зерттеулері мен мақалаларында бірнеше рет қозғалған. Аталғандардың көпшілігі мектеп директоры қызметінің мазмұнын терең талдаған, оның (директордың) тұлғасына қажетті кәсіби білім біліктікке қойылатын талаптар жүйесі жасалды, біліктілікті көтеру институтында қайта дайындау курстарындағы тәжірбие сипатталды.
Басқару ісін дұрыс атқару үшін басқарушы өзің-өзі басқара алу қажет. Бұл туралы Қытай данышпаны Лао-Цзы "Басқаны басқара білген адам мықты, ал өзін-өзі басқарған мықтырақ" деген екен.
Қазақстан Республикасында беделді азаматты тәрбиелеу мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл үдеріс педагогикалық басқарудың ең манызды мәселесіне айналып отыр.
Басқарудың қызметтерін тек дидиактикалық тұрғыдағы аспектілермен шектеген қате болар еді. Білім беру мектептеріндегі педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелік жүйесі де басқаруға келеді.
Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-арекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтік басқарудан өзінің объектілерімен (оқушылар, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа білім беру бөлімшелері,т.б), олардың заңдылықтарымен ерекшеленеді. М.М.Поташик былай дейді: "Басқару- мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін барлық субъектілердің мақсатты іс-әрекеті". Бұл анықтама маңызды екі нәрсеге назар аудартады: біріншіден, кез келген басқарудың мақсатты іс-әрекеті болып табылады; екіншіден, ол басқалардан өзінің міндеттерімен ерекшеленеді.
К.Д. Ушинский былай деп жазған: "Егер қаржы немесе әкімшілік әлемде олардың идеяларының орындаушыларға ұнайтын-ұнамайтынын ескермей, ұйғарыммен, жарлықпен қызмет етуге болатын болса, қоғамдық тәрбие беру әлемінде ашық айтылып, ашық қабылданған пікірден басқа идеяны жүзеге асырудан басқа амалы жоқ". М.И.Кондаков: "Мектеп жұмысын басқару өндірістік және қоғамдық өмірдің басқа салаларын басқарудан айтарлықтай ерекше, өйткені мұнда күштерді орналастыру мен үйлестіру, байланыс пен өзара тәуелділік жүйесін жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие үдерістерінің барлық жақтарына бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету мәселелері басты мәнге ие болады",-дейді.
2 Басқару әрбір адамның жұмысымен үйлестірілуі тиіс. Жұмыс үдерісі жанжалсыз, кикілжіңсіз өткені дұрыс. Басқарушының үйлесімділігі басқарушылардың қажеттігін қамтамасыз ететіндей болғаны дұрыс. Жұмыс жасау барысында ғана үйлесімділік сақталады,жұмыс тоқтаса үйлесімдік те жоқ. Демек, үйлесімділік жұмыс үдерісінің барометрі іспеттес. Үйлесімділік, соңғы мақсат емес, басқарудың оңтайлы атмосферасын сақтауға қажетті құрал болып табылады. Үнемі жылы отбасылық жұмыс атмосферасын сақтауға тырысу керек. Жапондықтарда корпоративтік философияның негізін "киосей", яғни барлығының игілігі үшін өмір сүру және жұмыс жасау құрайды. Осы ұғымнан "Кейретсу" құралған, ол бірнеше бір-біріне бағынышты компаниялардың одағы. Жапонияда қазіргі таңда алты түрі белгілі: dai-ichi Kanqyo; Fuyo (Fuji); Mitsubishi; Mitsui: Sanwa: Sumitomo.
Батыстық қоғамда басқарудың кілттік философиясы нәтиже бойынша басқару болып табылады. Барлық сала өзара бәсекелестікте. Бәсекеге қабілетті болу үшін өте жақсы нәтижеге жетуге талпыныс жасалады. Нәтиже: "Барлық күшті салу"; "нәтижені көрсету"барысында көрініс табады, бұл тәртіп үлгісіне (модель поведения) бағытталған басқару түрі болып табылады. Тәртіп үлгісі-жұмыс этикасы және адамгершілік. Ол-үдеріс. Сапамен басқару- үдерістерді басқару болып табылады. Ол құрылымына қарай төрт компоненттен тұрады.
Басқарудың төрт компоненті:
Сапа "толықтай дефектінің болмауы" деп түсіндіріледі. ол міндетті талап, Жапон басшыларының талабы бойынша, егер тұлға сапаға бағытталмаса, ұжымның мүшесі болып та есепке алынбайды. Бұл елде сапа басты құндылық болып табылады.
Топтық қоғамдастықта энтузиазм адамдарға командалық рухты ұстап тұруға қажетті энергия күші ретінде саналады. бұл ортақ мақсатқа жету барысындағы өзара түсіністік, қайырымдылық, басқалар үшін қобалжу.
Мысалға Жапон елінде адам бір нәрсені іске асырамын дегенімен оған энтузиазммен қарамаса, команда мүшесі бола алмайды.Яғни, білімге құштарлық; білімі мен қабілетімен бөлісу; іс-әрекетке көшу. Басқару ұраны: "Әңгіме айту жеткілікті, іске көшелік!"
Дүние жүзі бойынша 80-ші жылдары дамуда жапондықтар чемпион атанған. Даму барысында, табыс өзін күттірмейді. Дәл сол уақытта табысқа жету көзделмейді, ұзақ уақыт бойы табыс алып келу көзделуі тиіс. Өнім алу үшін оны ұзақ мерзім күтіп, баптау керек.Яғни, жақсы маман шығару да мерзімге, оған салған күшке байланысты.
Отбасылық, тығыз байланыс:
Топтың,ұжымның корпоративтік мәдениеті қалыптасуы тиіс. Бірін-бірі сыйлау, құрметтеу, бағалау т.т. Бұл қасиеттер команданы біріктіреді, жетілдіреді.Ұжым, топ отбасылық жағдайда болуы тиіс. Яғни оның әкесі, анасы, мүшелерінің көздеген мақсаты бір болған жағдайда жетістікке жетеді.
Питер Друккер мен Том Питерсон, Роберт Уотерманның насихаттаған басқару идеясы "үй ішінде жүру" деп аталады. Олар өздерінің "Тиімді басқарудағы ізденіс"( В поисках эффективного управления) атты еңбектерінде бұл идеядан басқа "көшеде жүру" атты басқару әдісін ұсынған.Екі жағдайда да басқарушы өз кабинеттерінде отырумен шектелмей, жұмыс орындарын аралап, ол жерде не болып жатқанын өз көздерімен көріп, шынайы ортадағы құбылыстарға көз жеткізуге тырысады. Мұны тәжірбиелік басқару деп айтады. Басқарушы біреудің айтуымен емес, өзінің қызығушылығы арқасында жұмыс орнында болып жатқан өзгерістерді көріп,байқап отыруы тиіс. Бір орында отырып басқару үшін "аяқ" керек. Демек сол жерде басқару (управления на месте)- басқарудың бір қағидасы болып табылады.
Батыс елдерінде жұмыс жүйесі жеке ынталандыру және мадақтауға негізделсе, Жапонияда командалық қағида бойынша марапатталады. Басқаруда жұмысты бөлу:қызметтік нұсқау: жоспарлау жүйесі дұрыс іске асырылуы тиіс.
№8.ДӘРІС.
ТАҚЫРЫБЫ: Менеджмент жүйесіндегі ақпарат
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1 Білім беру бірыңғай ақпараттық кеңістігі
2 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері
Қазақстан Республикасында білім жүйесін басқару органдарының білім беруді тиімді басқаруын қамтамасыз ететін, дер кезінде толық, шынайы салыстыруға болатын ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған және жұмыс істейтін компьютерлік техниканы қолдануға негізделген программалы-телекоммуникациялық орта. Білім саласында уәкілдік ететін органдар, жергілікті атқару органдары, білім беру ҧйымдары ӛз қызметін атқару барысында алынған білім беру мониторингі мәліметтері және соның ішінде басқа да ведомостволық статистикалық бақылау мәліметтері кіреді. Білім беру процесінің барысы мен нәтижесі, сонымен қатар оқудан тыс шаралар туралы барлық қатысушыларға мәлімет беру, оқу процесі және оқу мекемесін басқаруда ақпараттық қолдау кӛрсету, ҧстаздарды, ата-аналарды, оқу мекемелерінің әкімшілігін және жҧртшылықты ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Компьютерлік желі-ақпарат алмасуға және ақпараттық қорды бірлесе пайдалануды қамтамасыз ететін компьютерлердің ӛзара біріккен тобы. Жергілікті компьютерлік желі-бір жерде немесе бір кәсіпорын шеңберінде орналасқан компьютерлерді біріктіретін, пайдаланушылардың шектелген тобына арналған компьютер желісі.
Желілік құралдар-білім беретін электронды басылым және қорларды қҧруда телекоммуникациялық технологияларды қолдану мҥмкіншіліктерін қамтамасыз ететін,білім беру қызметінде телекоммуникациялық компоненттерді қолдауға арналған ақпараттандыру қҧралы.
Байланыс желісі-белгілі бір желінің жҧмыс істеуін қамтамасыз ететін орталықтар және байланыс тораптары, мамандандырылған арнақҧрушы аппаратура, сымды-радио-, оптикалық және басқа байланыс арналарының жиынтығы.
Коммуникация арнасы-ақпараттың дереккӛздері мен оны ӛзара байланыстыратын ақпараттық жҥйенің бір бӛлігі.
Интернет-адрестеудің бірыңғай жҥйесін қолдайтын ірі және шағын компьютерлік желілердің дҥниежҥзілік бірлестігі. Интранет-ақпарат жіберуге Интернеттің хаттамаларын, қҧралдарын, бағдарламамен қамтамасыз етілуін пайдаланатын жергілікті компьютер желісі; Он-лайн (On-Line) жҧмыс тәртібі-ақпаратты сұрау, іздеу, өңдеу, алу және қарап шығу уақытында компьютерлік желіге тікелей қосылуды білдіретін жҧмыс тәртібі; Оф-лайн (Off-Line) жҧмыс тәртібі-компьютерлік желіге ақпаратты сұрау немесе сұрау бойынша ақпарат алу кезінде ғана қосуды ойластыратын жҧмыс тәртібі. Сауал дайындау және ақпаратты ӛңдеу желіден ажырату тәртібінде іске асады.
Бейнеконференция-бейнетехнологияны негізгі байланыс технологиясы ретінде пайдаланып әр жерде тҧратын адамдар арасындағы сҧхбат немесе әдістемелік мәжіліс қҧру, кездесу. Бҧл кезде екі бағытты дыбыс және бір немесе екі бағытты бейнекӛрініс пайдаланады.
Білім беруді ақпараттандыру проблемалары-1) ұстаздардың ЖАТ-ы енгізуге қарсылығы сынып-сабақ жҥйесімен сипатталатын топтасып оқыту және дербес компьютерлер пайдаланатын жекешелеп оқыту тҥрі арасындағы қайшылықтардан туындайды; 2) «хакерлік» феномененің пайда болуымен байланысты кейбір адамдар тобының компьютер экранындағы виртуалды ақиқатқа енуі, олармен белсенді бірлесіп әрекет етуі, бірақ ол нақты ӛмірден қол ҥзген тҧлғааралық қатынастарының қысқаруы;
3) ақпаратты таратудың қҧқықтық негіздері: оқушылардың ақпарат алу қҧқығы, оқушылар туралы ақпаратты, пайдалануға рҧқсат етілмеген мектеп базасындағы мәліметтерді оған зиян келтіру мақсатында пайдалануы және басқа адамдардың автор қҧқығы, сонымен қатар тегін таратуына тыйым салынған ақпаратты білім беру мақсатында пайдалануы және т.б.
№9.ДӘРІС. Тақырыбы: Білім беруді баскару принциптері.
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1. Білім беру менеджменттің принципі
2. Білім беруді басқару әдістерін топтарға жіктеу
Білім беруді баскарудың мемлекеттік сипаты КР«Білім туралы" заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттармен айкындайды:
-білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттык қҧндылықтардың. адам ӛмірі мен денсаулығын. Жеке тҧлга бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сҥйіспеншіілікке тәрбиелеу;
-республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртҧтастығы, аз ҧлттардын білім бсру жҥйесінің дайындығы. даму деңгсйі мсн ерекшелікгеріне бсйімделгіштігі; -білім жҥйесінің еркіндігі мен кӛптҥрлілігі:
-білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік коғамдык сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі. Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік саясатын мемлекеттік білім стандарттарын сактау арқылылы іске асырады. Білім стандарты оқу багдарламасының міндеті минимумы мен оқушылар жҥктемесініің максимум кӛлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды Білім басқару органдарының міндеті білім алуды формальды тҥрде қамтамасыз етумен шектелмейді, ол сонымен бірге жеке тҧлғаның ӛзін-ӛзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады Білім беру саласында мемлекеттік саясатты дәйекті іске асыру ҥшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары курылады олар республикалык, облыстық, қалалық және аудандық баскару мсксмслсрі. Мемлекеттік басқару органдары- білім және гылым министрлігі, облыстық білім департаменттсрі ӛздерінің қҥзырлығы шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды және іскс асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы қҥжаттардың баламаларын (постификация) айкындайды: білім мекемелерін қаржыландырады және кӛптеген мәселелерді шсшсді. ІІедагогикалык менеджмснт адам қызметін ғылыми тҧрғыда басқару принципіне сҥйене отырып, объектінін білім бсру аясындагы ҚЫЗМЕТІ аркасында мына екі бағытты бірліктс ҧстайды: 1.-Педагогтар мен студенттерді басқару. 2.Оқу тәрбис процесін жетілдіру.
Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз -білім бсру менеджерінің қызметіне тән манызды талаптар мен ережелердің ЖИЫНТЫҒЫ, басқарудың объективті заңдылыкта- рының кӛрінісі және жеке тҥлғалар арасындагы психологиялық қарым-қатынаска негіздслген біртҧтас педагогикалық процесс. Білім беру менеджері қызметінің негізгі принциптеріне мыналар жатады: 1 Менеджменттің педагогикалық бағыттылығы 2.Накты және диагностикалык максат нысаны кӛздсрі. З.Қызмсттік мақсатқа лайыктылыгы. 4Баскару урдісінің пәрмснділігі; 5.Баскару қызметін бӛлу және кооперациялау. б.Ӛзін-ӛзі жҥйелі жетілдіру. Енді осы айтылган принциптерге токталып корелік.
1.Білім беру менеджменттінің педагогикалық бағыттау принципі. Мунда барлык деңгейдегі басшылык қызметті сол оқу орнындағы берілетін негізгі кәсіп, я білім САЛАСЫ бойынша педагогикалық процеске бағыттау Кез-келген білім беру мекемесі оқыту мен білім беруден басқа да қосымша кызметтер атқарады Мысалы кәсіптік білім бсру оку орнын айтатын болсақ ; -өндірістік қызмет, яғни белгілі бір онімді шығара отырып тҧрғындарға ақылы қызмет кӛрсетуіде мҥмкін;
-уйымдың-басқару қызметі, жастарды окуга тарта отырып. оларды я бригада бойынша ӛндірістік оқыту урдісінің-жумыс орнын істеуге баулиды; басшы жәнеинжснср-педагогкадрлардык іріктеумен және жумыс орнына орналастырумен шҧғылданады. -Материалды-техникалың қызмет бойынша оку тәрбие жҧмысындағы материалды-техникалык базаны дамытуды-ЖӘНЕ техникалық оқыту кҧралдарын дайындауды кӛздейді. -қаржы-шаруашылық қызметі аркылы білім беруді-каржыландыруды камтамасыз етеді, қызметкерлерге жалақы-тӛлеу, студенттерге шәкіртакы беру, тиісті толемдер аудару мәселелерін камтиды. -медициналық және санитарлың-гигиеналық қызмет саласы бойынша оку орны окытушылары мен студенттер курамын камтиды, осы аталған қызметтсрдің барльғы дерлік негізгі сала кәсіптік оқыту меп тәрбиелеу ісі тӛңірегінде топтасуы тиіс.
2.Менеджердің диагиостикалық, қызметінің нақтылығы және мақсаттылық принципі бойынша педагогикалық ҧжым мен оқушылар БІлім деңгейін кез-келген уақытта диагностикалык талдау жасауға мумкіндігі бар. Талдау - кез келген объектіге не кимылдын іс-әрекет нәтижесін кажетті жагдайда жеткілікті саналары мен касиеттерін айқындау, оларды қҧрамаларға, не бӛліктерге бӛлу арқылы жҥргізу, салыстыру және біртіндеп зерттеуді бейнелейтін танымның логикалық тәсілі 3.Қызметтік мақсатқа .лайыктылык принципі жас ҧрпақтың кәсіби біліктілікгілігін жогары деңгейде окытуға кол жеткізуге негізделген. Қызметтік мақсатқа лайьіқтылық принципі менеджерден тҧракты шыгармашылық ізденісті талап етеді. Ережелер, кызметтік міндеттеме, ішкі еңбск тәртібінің ережесі, оқу-тәрбие қызметіне ҒЫЛЫМИ негізделген талаптар, тҥрлі нҧскаулардың ішіндегі қажеттілерін гана алып. менеджер ӛз жҧмысында аз жҧмыс нҧскауларлан бас тартуы керек, ол білім мазмунын заман талабына сай әлеуметгік сҥраныска негіздеп, нарыктык бәсекелестікке кабілетті мамандар әзірлеуге бар кҥш-жігерін жҧмсауы кажет 4. Баскару ҥрдісінің пәрменділік принципі баскару кызметі мен әкімшілік басшылықтың сатылық ҥлгісінің ӛз ара ҥйлесімді әрекет етуін талап етеді. Оқу-тәрбие барысында максатқа БАҒЫТТЫ ҧйымдастырылган іс-әрекет аркылы, окытушылар мен тәрбиеленушілср карым-қатынасы аркылы тәрбиеленушілер. Санасына, еркіне кӛңіл-кҥй сезіміне жҥйелі ықпал жасайды. СОНЫҢ арқасында әлеуметтік тәжірибе беру, оны карқынды меңгерту жузеге асады 5.Баскару кызметін ӛзара бӛлісу принципі менеджерден ҧжымдық шығармашылық пен ҧжымдық сана қызметіне арка сҥйеуді талап етеді. Әрине, атқарылатын жҧмыс ауқымын басшының жалғыз ӛзі істеуі мҥмкін емес,бірақ кейбір жеке кызметкерлсрдің тиімді ҧсыныстарына тҧсау болмай,оларға колдау кӛрсетіп, кажет болса сенім білдірген жӛн.Қазіргі демократиялык қоғам қҧрып, егемендігіміздің еңсесі кӛтеріліп жатқан кезде, әсіресе, кәсіби білікті мамандарды даярлау кезінде бастамашыл топ әрекеттері қажет-ақ. 6. Ӛзін-ӛзі жетілдірудің жүйелі принципі менеджердің теорияда ңол жеткен табыстарын алдыңғы қатарлы практикаға ендіре білу мүмкіндігіне негізделген. Ол білім берудің акмеологиялық заңдылықтарын орындауды басшыдан да, педагогтан да талап етеді. Олар - ӛзін-ӛзі сыйлай білу -менеджердің жогары нәтижелі кӛрсеткіштерге ӛздігінен әрекет ету заңдылығы оның педагогикалық шеберлігін шыңдауына да, басшылық қабілетін жетілдіруіне де тікелей байланысты. - технологиялың заңдылықтар менеджерден табыстың оңай келмейтінін, ӛнім ӛндіру, оның сапалық және сандық кӛрсеткіштерін кӛтеру жаңа технологияны қолдану мен оны ҧдайы жетілдіріп отыруын талап етеді: -Орнықтылық заңдылығы- ӛз ісінде баскару заңдылықтары негізін орнықтыру, психологиялық және икемділігі жағынан оны қолдана білуінде. Әрине, басқа біреудін улгісін кӛшіре салу жақсы нәтиже бере алмайды, кейбір элементтері болмаса, оның байланысуы да қиын -біртұтастық заңдылығы менеджердің басқаруында мейлі қай САЛА БОЛса да ӛзіне тән тәсілді біртҧгас етіп қолдана білуінде.
Педагогикалық менеджмент әдістерін шартты тҥрде мына 4 топқа бӛліп жҥр: 1Психо – педагогикалық әсер ету әдісі: 2.Әкімшілік баскару әдісі: 3.Экономикалык әдістер; 4.Қоғамдык пікір аркылы әсер ету әдісі;
1.Психо-педагогикалық әсер ету әдісі. Ол негізінен менеджердің психологиялык және педагогикалық заңдылықтарды игертіп, оны ӛмірде саналы тҥрде жҥзеге асыру қабілеттілігіне байланысты. Ол кеңес,ӛтініш, тілек, талап, ӛкім беру, мадақтау, алғыс білдіру аркылы орындалуы мҥмкін. Осы әдістердін тҥрі аркылы ҧжымның әлеуметтік дамуын жоспарлауға, ішкі психологиялық колайлы ахуал туғызуда, карама-гындағылардьң творчествалык белсенділігін туғызып, жҧмысқа деген кызығушылығын арттыруға мҥмкіндік жасайды. Ҧжым мҥшелерін моралдык және материалдык кӛмек кӛрсету арқылы олардың жеке психологиялық кабілеттерінің ашылуына мҥмкіндік жасайды. Басшыға сенімі артады. Бҧл әдіс ужымды басқарудың демократиялык стилін қалыптастырады.
2 Менеджердің әкімшілік жұмыс әдісіне негізінен ҧымдастыру-жарлылық іс әрекеттерінің мазмҧны жатады. Жоғарғы атқарушы биліктерден келгең турлі нҧсқаулар, каулылар, шешімдер және ҧжымның ішіндегі ҧйымдастыру және жарлык беру, бҧйрык, шешімдер мен ӛкімдердің орындалу барысы, ӛндірістік жҧмыстар мен тҥрлі есеп берулер жиынтығы.Әрине, әкімшілік-жарлықтық жҧмыстарға тым ҥйір болуда,менеджердің творчествалық кабілетін шектеп, ҧжымның ӚЗІНдік жҧмыс істеу мҥмкіндігіне тежеу жасауы мҥмкін есте ҧстаған жӛн.
3. Экономикалық әдіс менеджер ҥшін экономикалык стимул кызметін атқарады.Педагогикалык ҧжым мҥшелерінің еңбек акысы педагогикалык стажы мен оқу-тәрбие жҧмысына, сіңірген еңбегіне қарай, атағы, санаты мен біліктілігіне-карай тӛленетіні - олардың экономикалык қызығушылығын арттырады. Әрбір бригада мҥшесіне косымша коэффициентті ӛндірістік кәсіпорын тӛлейді. Бҧл әдіскс оларды акшалай, заттай сыйлықка ҧсыну да жатады.
4. Қогамдық әсер ету әдісі оқытушылар мен студенттсрді оку-тәрбие жҧмысы мсн ужымды баскаруға кеңінен-жҧмылдыру болып табылады. Бҧл ҧжымды баскару да демократиялык принципке негізделген,. Бәсекеге кабілетті жастардын ӛсіп-жстілуіне жол ашады. Әрбір тапсырылган іскс мҥ- кият. аскан жауапкершілікпен карап,. тындырымды етіп ісгеуге тырысады. Олардың қҧқыктары мен еркіндігіне кең жолашылып, бір-біріне деген, басшыларға деген сенімді кӛзкарас ҧжымда творчествалык кабілсті жоғары белсенді топ арта тҥсуіне ыкпал жасайды.
№10 ДӘРІС.
ТАҚЫРЫБЫ: Педагогикалық менеджменттегі іскерлік қарым қатынастағы психологиялық ерекшеліктер
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1 Қарым-қатынасқа негізделген басқару технологиясы
2 Басқарудағы мотивация және ынталандыру технологиялары
1 Қандай да болмасын қызмет саласының негізгі түрі қарым-қатынас арқылы іске асырылады. Оның маңыздылығы адамдардың бір-біріне ықпал етуі, ақпарат алмасуы. Қарым- қатынас іс- әрекеттің бір түрі іспеттес. Адамдар үшін қарым- қатынас - оның ортадағы мекені. Қарым-қатынас белсенділігі арқылы адам жолдастарымен , адамдармен қарым- қатынас жасайды. Қарым- қатынас белсенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойындағы адамгершлілік қасиеттері (қамқорлық, қайырымдылық, ілтипаттық , жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады. Яғни, қарым-қатынас барысында келесі қасиеттердің болуы шарт:
* адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу. Тұрақты жақсы көңіл күйі;
* қоғамдық жұмыстарға белсенділік көрсете білу;
* өзін басқа адамның орнына қоя білу;
* жеке адамдардың негізгі көзқарастарын есте сақтау;
* жаңа адамдармен тіл табыса білу;
* адамдардың жас ерекшелігін ескере отырып қарым- қатынас жасау;
* кикілжіңге түспеу жолдарын қарастыру немесе дұрыс шеше білу;
* басқа адамдардың көзқарастарын есепке ала білуі;
* адам құндылықтарына сипаттама беру.
Осындай қасиеттер сіздің мінезіңізге сәйкес келсе, онда қарым –қатынас жасау барысында белгілі бір нәтижені көре аласыз. Қарым - қатынас мазмұны – ақпараттық , жеке- даралық байланыстар арқылы басқа субьектілермен немесе өзіндік қатынастар арқылы айқындалады. Қарым – қатынас заңдылықтарын, оның терең механизмін әлеуметтік – психологиялық аспектіде түсіну педагогикалық практика үшін өте маңызды болып табылады.
А.А.Леонтьев өзінің қарым – қатынас өзінің психологиясын зерттеуге арналған еңбегінде вербальді немесе емес қатынасы жеке адамдар арасындағы қарым – қатынасы , оның индивидтердің когнитивтік белсенділігі негізінде қалыптасуы тұрғысынан қарастырады. Мектептегі қарым – қатынас педагогикалық қарым – қатынасты сипаттайды.
И.А.Зимняяның пікірінше “Педагогикалық қарым – қатынас оқу әрекеттестігінің , мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы формасы. Бұл жеке және әлеуметтік бағыты әрекеттестік. Педагогикалық тілдесу бір мезгілде қатысымдық , перцептивтік және интерактивтік функцияларды орындайды, ол үшін вербальді , бейнелі, символикалық және кинетикалық құралдар жиынтығын ұштастырады.” Педагогикалық қарым – қатынастың негізгі функцияларын анықтау үшін жалпылай қабылданған классификацияға сүйенгеніміз дұрыс болады. ( И.А.Зимняя, А.А.Леонтьев). Педагогикалық қарым – қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты: а) оқу- тәрбие материалдарын оқушының дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу , құру, және оқушының жеке тұлғалық үлгісін жобалау секілді конструктивтік қабілеті; ә) оқушыны әр түрлі оқу әрекетіне қатыстырып, ұжымда әр тұлғаның белсенділігін көтеру секілді ұйымдастырушылық қабілеті ; б) оқушылармен жақсы қарым – қатынаста болу, оқушылардың даму деңгейіне , талабына сай болу секілді коммуникативтік қабілеті.
Психолог Б.Ф.Ломов қарым – қатынас функцияларын анықтаудың қайнар көзі қарым - қатынас болатынын көрсететін жіктеме ұсынады: ақпараттық – қатынас және аффектілік – қатынас. Психологтың пікірінше, бірігіп істелген әрекетте риторикалық негізге сүйену ұйымдастырушылық және конструктивтік функциялардың да қатысымдық екенін көрстеді. Ұымдастырушылық функция нақты тілдесім, қарым – қатынас кезінде жүзеге асады, конструктивтік функция қатынас кезеңге дейін көрінеді, дегенмен , бұл кезеңде де материалды сұрыптау , жүйелеу, ұйымдастыру айтатын сөзіне (тақырыпқа ), адресанттың ( мұғалімнің ) қатысымдық ниетіне және адресантқа ( нақты сол сыныптың оқушыларына) арналған сөзіне қатысты болады.
З.С.Смелкова аффектілі – қатынас функция педагогикалық тілдесім мазмұнын бере алмайтынын, сондықтан оның дәйексіз екендігін айтады. Оның орнына оқушының жеке қасиеттерін дамытуға , оның эмоциясына, перцептивтік қабілетіне бағытталған “ тәрбиелеуші – қатысымдық “ функцияны ұсынады. Педагогикалық қарым –қатынасы талдауда қарым – қатынастың , педагогикалық және нақты – қатысымдық бірліктері ұғымдарының шекарасын айырып көрсетуіміз керек. Бұл екеуі бір құбылыс деп түсінеді, алайда, біріншісі екіншісі арқылы жүзеге асатыны белгілі.
Педагогикалық қарым – қатынас процестің өте маңызды рөлге оқытушы ие болады. Мұғалімнің С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, К.Д.Ушинский және т.б. Кеңес педагогикасының классиктері үлкен көңіл бөлді.
Оқытушы мамандығын әртүрлі мінезді, әртүлі темпераментті адамдар меңгергендіктен , қарым – қатынас стилі де әртүрлі болып келеді. Қарым – қатынас стилі ұғымына В.А.Кан – Калик : “ Қарым – қатынас стилі деп біз педагог пен оқушының әлеуметтік – психологиялық арақатынасының жеке – типологиялық ерекшеліктерін айтамыз: а) мұғалімнің қатысымдық мүмкіндіктері ; ә) педагог пен оқушының өзара қарым – қатынасының қалыптасуы; б) педагогтің шығармашылық тұлғасы ; в) оқушы ұжымының ерекшеліктері” деген анықтама береді. Н.Ф.Маслов, Е.М.Крутов сияқты психологтар еңбектерінде қарым – қатынастың - “демократиялық” және “авторитарлық” екі түрлі стилі көрсетіледі. Қарым – қатынастың кәсіби түрінде стилдің үшінші- “либералдық” түрі анықталады. Оның негізін салған А.А.Бодалев.
Адамдар арасындағы қарым – қатынасты зерттеп , эксперименттер жүргізген Дж.Л.Морено эмпатияны “бірін – бірі сезіну” деп атаған. 1)үйренушінің жетістіктеріне үлкен әріптесінің , досының тілектестігі , қамқоршылдығы , ұстанымы; 2) педагог ретінде өз іс – әрекетіне үнемі қатаң көзқараспен қарап, оқу үдерісінде қажетіне қарай түзетулер енгізіп отыру” деп санайды.
Л.В.Путляева қарым – қатынастың әр қилы стиліне байланысты оқушылардың реакциясын анықтады. Мәселен, сенім, еркіндік, топтағы өзара түсіністік, көңілді ахуал – оқытушының тілдесімде дұрыс стиль таңдауын көрсетеді.
Маманның коммуникативті мәдениеті жоғары оқу орындарында қалыптастырылады. Жалпы алғанда “мәдениет ” ұғымы қарапайым түсінікпен қарағанда білім мен маманның жүріс – тұрысының жиынтығы. Сондықтан да маманның коммуникативтік мәдениетіне төмендегідей мәселелерді еңгізу керек:
- адамдармен қарым – қатынас жасаудағы қызығушылықпен алшақтық; - кәсіби әріптестермен қарым – қатынастағы өзіндік талпынысы; - ұйымдастырушылығы , өзіндік кәсіби беделі, өзіндік беделін көтерумен бекітуге талпыну; - білім және ақыл –ой : қарым – қатынас дегеніміз не, қарым – қатынастың түрлері, қарым –қатынастың құрылымы мен қызметі, қарым – қатынастың қажеттілігі, қарым – қатынас стилі; - білім; Ал, қарым – қатынаста негізгі құрал – тіл. Адамдар бір – бірімен тіл арқылы түсінісіп , тілдеседі.
2 Ұйымның стратегиялық сәттілігі нарық жағдайы мен экономикалық қатынас арқылы ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар , оның адамдық ресурстар іс – әрекетімен де байланысты. Адамдық ресурстарды тиімді пайдалануы үшін ең алдымен басшы өзінің қоластындағылардан сенім күтеді. Ал, басқарушылар өз кезегінде басшы тарапынан сенімділікті қалайды.
Сенім көп жағдайда соңғы бағаны береді, ұйымдық өзгерістің нәтижесін анықтайды. Көбінесе сенім « біз тәуелді адамдар біздің үмітімізді ақтайды» дегенді түсіндіреді және «парасатты» , «шыншыл» , «қамқорлықтың пайда болуы» деген түсініктермен тығыз байланысты. Сонымен «сенім» түсінігіне анықтама беретін болсақ , сенім – белгісіздік жағдайында біреуге бағынышты болуға және осыдан белгілі бір пайданы күтуге дайын болу. Сенім бір адамды екіншісіне тәуелді етеді. Мысалы, менеджер қол астындағыларға істі сеніп тапсырған болса, онда менеджер қол астындағыларға сол жұмыс уақыты біткенше тәуелді. Өйткені ол қол астындағылардың қандай нәтиже беретінін білмейді. Ал, қол астындағылар болса, менеджерге жұмысты тапсырғанша тәуелді. Екеуінде «жұмыс қанағаттанарлықтай болады ма?» деген бір – ақ ой тәуелді етеді. Егер менеджер жағдайды және басқарушыларды кең көлемде өзі бақылай алатын болса, онда сенімділік туралы сөз болмауы да мүмкін. Қазіргі менеджментте сенім « пайда» , « қауіп», «тәуелсіздік» деген ұғымдармен тығыз байланысты.
Басқарудағы сенім менеджердің келесі іс – әрекет элементінен көрінеді: 1) ақпараттандыру , туралы ақпараттардың толық беріп отырылуы; 2) ойлар , бағалау және жұмысшылардың ұсынысы үшін менеджердің дайын болуы; 3) персоналға өзін – өзі қадағалауға мүмкіндік беру.
Сенім нәтижесінде ұйымдағы менеджердің жұмысы жеңілдейді, ол кезде басшыда келеңсіз , қақтығыс жағдайлары туындамайды. Жұмысты сенім артқан персоналдар өздері атқарып , жақсы нәтиже шығаруға тырысады. Басқарушыларға өз кезегінде өзіне артылған сенімді ақтап , көңілден шығуға барлық күшін салады. Бірақ екі жақ та сенімнен қорқады. Өйткені сенімді міндетті түрде ақтау керек, ал кейде ол сенімді барлығына бірдей қолдануға болмайды. Басқарушылар кейде өз мойнына жауапкершілікті , әділдікті , белсенділікті талап етеді. Сол үшін де бос орынға жұмысшы қабылдау кезінде кадрлар бөлімі арнайы «жеке сапаларыңыз» деген бөлімге көбірек назар аударады.
Ынталандыру – ұйымның немесе жеке бастың мақсатына жетуге бағытталған іс – әрекетке өзінің және басқалардың қызығушылығын ояту үрдісі. Барлық адамда қажеттілік сезімі болады. Қажеттіліктер адамның іс- әрекетін басқарады. Соның салдарынан : мотивтерді ояту технологиясын іске қосылады. Бұл үрдістің негізінде әртүрлі мотивтердің жатқанын айту керек, мысалы, материалдық , әлеуметтік – психологиялық , рухани, шығармашылық.
Ынталандыру теориясының екі категориясын бөліп көрсетуге болады: мазмұнды және іс жүргізу.
Мотивацияның мазмұнды теориясы адамды алдыға жылжытатын ішкі қызығушылықтарға негізделеді. Бұл топқа Абрахам Маслоу, Дэвид Мак Клеллан, Фредерик Гецберг, Скиннер Бренардтың теорияларын жатқызуға болады.
Іс жүргізу теориясы адамдардың қабылдауы мен танымдарының ескерілуімен іс – әрекет моделіне негізделеді. (күтім теориясы, әділдік теориясы, Портер –Лоулердің мотивация моделі ).
Жоғарыда айтылып кеткен теориялар қатаң шектелген емес , олардың өздерінің қолданылатын аумағы бар, мазмұнын түсіну үшін ең алдымен қажеттілік және сыйақы деген ұғымдардың дұрыс түсінуі керек.
Адамдардың барлық қажеттіліктері бірінші және екінші болып жіктеледі. Бірінші қажеттіліктер физиологиялық және туа біткен болады (азық – түлік, су, тыныс алу, ұйықтау , ұрпағын жалғастыру секілді қажеттіліктер ), бұлардың барлығы адамның генетикалық кодында бекітілген. Екінші қажеттіліктер психологиялық және жүре біткен қажеттілікттер ( жетістік , сыйластық , бауыр басу , билікке деген қажеттіліктер). Бұл қажеттіліктер өмірлік тәжірибе нәтижесінде жиналады. Өзінің әркелкілігіне байланысты олар өзара бірнеше деңгейлерге бөлінеді.
Қажеттілікті қолмен ұстау , көру мүмкін емес. Ол туралы тек адамдардың іс – әрекеті арқылы ғана білуге болады. Адамдардың мінез – құлқы мен іс – әрекетінің арасындағы байланыс әр түрлі модельдер арқылы көрсетіледі.
№11 ДӘРІС.
ТАҚЫРЫБЫ: Білім беру жүйесіне менеджментті ендірудің тиімділігі.
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1. Менеджерлердің кәсіби даярлауының мазмұны.
2Тұтас білім беру жүйесі: мақсаты, принциптері, әдістері.
1. Менеджерлердің кәсіби даярлауының мазмұны.
Менеджерлердің кәсіби даярлауының мазмұны мен әдісі оқытудың дәстүрлі және белсенді формаларымен ұсынылыды: басқару стильдері, іскерлік қарым-қатынас, өзін-өзі ұйымдастыру, шешім қабылдау және т.б. Осы уақытқа дейін білім беру мекемелерінің басшылары басқарушылық білімді курстық қайта дайындау ұйымдары арқылы тек біліктілігін жоғарылату жүйесінде ғана алған еді. Осыған орай маман- ғалымдардың пікірінше (Т.И.Шамова, В.С. Лазарев, Г.В. Михайлов, М.М. Патошник, Ю.А. Конаржевский, В.П. Симонов, О.Кирилов, В.Ю.Кричевский, П.И. Третьяков, Н.А. Лебедева, В. Терентьев, А. Короткевич, Н.В. Кухарев, В.И. Бондарь, Н.Костылева, А. Кузибецкий, Н. Рождественская және т.б), заманауи басшыда өзінен-өзі "туа біткен дарындылық" пайда бола қоймайды, қысқа мерзімдік оқу курстары нәтижесінде қалыптаспайды, базалық басқарушылық-педагогикалық білімді игеру қажетті. Соңғы кезде дәл осы мәселеге байланысты ғылыми зерттеулер мен мақалалар да жарық көре бастады. Олардың көпшілігінде мектеп директоры қызыметінің мазмұны жан-жақты талқыланды, кәсіби білім, білік пен дағдылар жүйесі, тұлғаға қойылатын талаптар қарастырылады, біліктілігін жоғарылату институттарындағы дайындау және қайта дайындау тәжірибелері сипатталған. Сонымен қатар, білім беру менеджерлерін арнайы лурстар мен " Білім беруді басқару" мамандығы арқылы экономикалық бағытта дайындау мәселесі жөнінде алғашқы жұмыстар пайда болды (Н. Беляцкий, И.Д. Ладанов, Р.С. Каренов, Поль де Брюйн, В.Н. Чурматнеева, Д.Н. Бобрышев, В.Л. Мокряк, Н.А. Сакада, В.Н. Почтарук, Х. Зидентопф, З. Издевский, Е.Турей, Ю.Н. Голубева, Н.И. Боярко, З.Гельманова, З.Магрупова, Ю.А. Морозов, Ф.Ф. Аунапу, Ю.А. Розенбаум, Е. Голубчиков, С.И. Семенцов және т.б.). бірақ бұл жарыстарда басқару ғылыми-педагогикалық контекстен тыс түрлі аспектіде қарастырылған.
Менеджерлерді даярлау дәріс беру арқылы, практикалық және өзіндік сабақтар жүргізу арқылы жүзеге асады. Менеджментті дәстүрлі түрде оқыту-сенситивтік әлеуметтік-психологиялық тренингке бағытталған. Бұл тренингтің мақсаты-ұйымдардағы адамдар іс-әрекетінің мәселелерін және оны шешудің тимді жолдарын қарастыру; ұйымдасқан іс-әрекет аясындағы негізгі концепцияларды, шағын топтардың құрылымын, жұмыскерлерді ынталандыру, кикілжіңдерді шешу жолдарын, басқару стильдерін және т.б. зерттеу.
Дәстүрлі емес әдістер ( әлеуметтік-психологиялық тренинг, іскерлік және рөлдік ойындар, мәселелерді шешу, т.б.) менеджерлердің кәсіби іс-әрекеттерінің әр түрлі жақтарын модельдеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының мектептеріне менеджментті басқарудың моделі ретінде кіріктіру қалыптасқан басқару әдістерінің орнына жаңа прогрессивті және нәтижелі әдістердің келгенін көрсетті.
- иерархалықтың орнына сенім;
- бұйрықтың орнына сендіру;
- жағынудың орнына ынтымақтастық, бірлестік;
- басқарудың икемделуі, адамға ыңғайлануы.
Ежелгі құлдық Римдегі "Адам адамға - қасқыр" деген ұғымның орнына қазіргі демократиялы қоғамға сәйкес " Адам адамға - дос" деген ұғым келуі керек.
3 Тұтас білім беру жүйесі: мақсаты, принциптері, әдістері
Тұтас білім беру жүйесі бойынша басқару аспектілері:
- техникалық − технологиялық аспект нақты өндірістің даму деңгейін, әсіресе ондағы қолданылатын техника мен технологиялардың, өндіріс жағдайларының ерекшеліктерін ескеру қажеттілігін ұйғарады;
- ұйымдастырушылық - экономикалық аспект жұмыскердің саны мен құрамын, моральдық және материалдық ынталандыру, жұмыс уақытын пайдалану және т. б. с. с. қызметтерді жоспарлауға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді;
- құқықтық аспект персоналмен жұмыс істеуде еңбек заңдылықтарын сақтау мәслелерін қарастырады;
- әлеуметтік - психологиялық аспект персоналды тәрбиелеу жән оқытуға байланысты мәселелерді қарастырады.
Басқару қағидалары - басқару функцияларын орындаудағы жетекшілер негізге алатын идеялар, заңдылықтар және мінез-құлқының тәртібі. Басқару менеджментінде негізгі қағидалар болып табылатындар:
- басқарудағы орталықтандыру мен отралықсыздандырудың ұтымды үйлесімі;
- басқарушылық шешімдерді қабылдауда өкілеттілікті ұтымды пайдалану;
- басқарудағы жеке басшылық пен алқалылықты дұрыс пайдалану;
- басқарудың ғылыми негізділігі;
- жоспарлаушылық, яғни ұйымның келекшектегі дамуының негізгі бағыттарын, мәселелерін, жоспарларын белгілеу;
- құқықтардың, міндеттемелердің және жауапкершіліктердің үйлесуі, яғни ұйымдағы әрбір адам нақты жұмыстармен қамтылады да, оның орындалуына жауап береді;
- мотивация, яғни менеджерлер марапаттау және жазалау жүйесін неғұрлым ұқыпты жүргізген сайын мотивация бағдарламасын тиімді орындап, ұйымның және жеке бастың мақсаттарына жету үшін әр адамның әрекетін (ояту);
- басқаруды демократизациялау - барлық қызметкерлердің ұжымды басқаруға қатысуы;
- персоналды басқару жүйесін дамытудың бағытын анықтайтын қағидалар;
- персоналды басқару жүйесін дамытудың бағытын анықтайтын қағидалар.
Персоналды басқарудың шартты қағидаларына персоналды басқару функцияларының қалыптасуы мен өндірістің мақсаты және өзгеру жағдайлары жатады.
№12 ДӘРІС.
ТАҚЫРЫБЫ: Келіссөздерді және әңгімелесуді өткізудегі қарым қатынас стильдері
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ
1.Басқару түрлері мен стильдерін топтастыру
2. Басқару түрлері мен стильдері
Білім беру қызыметінде ең алдымен білімдендіру пәндері бойынша СМЖ өткізу технологиясы жүзеге асады. Яғни, басшылардың СМЖ-і ендіру туралы шешім қабылдаулары. Ол үшін мәселе бойынша мәліметтер жиналып, сұрыпталады . SWOT анализ жасалды. Тұтынушылар мен қызығушылыр анықталады. Келесі кезеңде сратегиялық мақсат анықталады. Ол, өз кезеңінде персоналды басқару тетіктерінен тұрады. Үшінші кезекте мемлекеттерді құру және жүзеге асыру жүреді. Соңғы кезең нәтижені бақылау.
Кез келген өндірісте, сонымен қатар, мектепте де басқарушылар өндіріске қандай көңіл бөлсе, адамға да дәл сондай көңіл бөледі. Бұрын басқарушы негізінен өндіріске мән беретін. Бұл бәріне аян. Адам екінші кезекте тұратын. Огайо штатының университетінде американдық ғалымдар "басқару торын" ойлап тапты. Бұл тор бойынша, басқарудың түрі мен стилін анықтауға болады. Торды түзеуші Р. Блейк пен Д. Мутон басқару түрлері мен стилдерін былай топтастырады:
1. Басқарушылыр өндіріске де, адамдарға да аз мөлшерде мән береді. Бұл біріккен түрдегі баскару. Бұл жерде қажетті өндірістік нәтижелер болмайды. Мұндай өндірісте адамның жұмыс істеуі ұзаққа созылмайды.
2. Басқарушының бар назары - адамдарда. Авторлар басқарудың мұндай түрін- "қала сыртындағы клуб" деп атайды. Яғни адамдарға жағдай жоғарғы деңгейде жасалады да, ал өндіріске аз мөлшерде мән беріледі.
3.Басқарудың келесі түрі "билік - бағыну". Мұнда өкінішке орай адами аспектілер кездеспейді.
4.Ұйымдастырылған басқару - басқарушы тапсырмаларының орындалуының тиімді сапасын қолданады. Мұнда өндірістің табыстары белгілі тепе - теңдікті сақтайды. Және ұжым жақсы көңіл күйде болады.
5.Басқарушы өндіріске де, қол астындағыларға да жоғарғы деңгейге көңіл бөледі. Блейк пен Мутонның пікірінше, әрбір басқарушы осы стильге ұмтырлуы керек.
Басқару әдістерін өзгертуге және менеджментке көшуге бағыттау мақсатында мектеп басшыларымен жұмыс істеу барысында біз осы торды өзгеше пайдаландық. Блейк пен Мутонның пікірінше, әрбір басқарушы осы стильге ұмтылуы керек.
Басқару әдістерін өзгертуге және менеджментке көшуге бағыттау мақсатында мектеп басшыларымен жұмыс істеу барысында біз осы торды өзгеше пайдаландық. Блейк және Мутон торында екі күш бар. Біріншісі - өндіріске назар аудару, екіншісі - адамдарға көңіл бөлу. Біз осы екі күшті торға салып, мынадай нәтижесінде қол жеткіздік:
− Егер де басқарушы адамдарға жоғарғы деңгейде көңіл бөле отырып, өндірісті де назарынан тыс қалдырмаса, онда ол жақсы табысқа қол жеткізеді.
Әлеуметтік психологияда ХХ ғасырдың 30- жылдарының барысында қарым-қатынаста, басқаруда кәсіби әрекеттің типтері: авторитарлық, демократиялық, либералдық болып бөлініп көрсетілген. Бүгінде бұлардың көмегімен мұғалімнің, ата-аналардың әрекет стильдері, мұғалімнің оқушымен қатынасының сипаты, оған қоса тәрбиелеудің типтері мен модельдері сипатталады.
Басқару стилі - басқару қызыметтерін атқару кезінде басшылардың ұжымға ықпал ету тәсілі мен әдісі.
Ол басшылардың ұйымдық, кәсіби және моральдық - этикалық сапасына байланысты құрылады.
Басқару стилі авторитарлық ( директивті), демократиялық, либералдық болып бөлінеді.
Авторитарлық стиль бойынша орталықтанған билік жүргізіледі. Онда ең ұсақ сұрақтардың өзі басшының қатысуымен шешіледі. Бұл стильдегі басшыға тән тәсіл: бұйрық беру, басшы бағынушыларына қатал талап қояды, олардың жұмыстарын қатаң бақылайды. Басқарылушылар тарапынан айтылған сынды жақтырмайды, олармен арақатынасы суық, сенімділік жоқ, қарым-қатынас кезінде дөрекілік қылықтар жасауы әбден мүмкін. Тәрбиелеудің авторитарлы стилінде мұғалім оқушыларға үстемдік жасау арқылы, өзі шешім қабылдап, не істеу керектігін шешіп, оқушылардан шешімді мүлтіксіз орындалуды талап етеді.
Демократиялық стиль. Бағынушымен серіктестік қатынаста. Олармен мәселелерді бірге талқылайды. Бұл стильде бұйрық аз беріледі, шешімдер бағынушыға түсіндіру, көз жеткізу тәсілі арқылы тапсырылады. Басшы талапты көп қояды, бірақ әділ, жақсы нәтиже болса, мақтап, ойын көтермелеп, өзіндік жұмысқа мүмкіндік береді. Демократиялық стиль - басқалармен бөлісіп, шешімдерді бірге қабылдауды, жұмыстар мен тапсырмаларды бөліп жүзеге асыруды, оқушылардың өзіндік көзқарастарының сипатымен ерекшеленеді.Қарым- қатынас кезінде сыпайы және де ізгі ниетті. Сынды қабылдау біледі.
Либералдық стиль. Басшы бағынушыға қарамайды, өз еркімен жіберген. Бұл стильдегі басшы ең жауапты шешімдерді қабылдауға да қатыспайды, жауапкершіліктен қашады. Бағынушыларына талап қоймайды, олардың жұмыстарын әлсіз бақылайды, сынды тыңдай алады, бірақ ешқандай түзеу шарасын қолданбайды. Либералды стиль - мұғалім оқушыларға шексіз бостандық береді, сабақтардың, әрекеттің түрін өздеріне таңдауға, қарым - қатыныс орнатуға т.б. құқық береді.
Бірақ осы жоғарыда айтылған стильдер ешуақытта таза берілген күйінде қолданылмайды. Бір басшының бойында осы үш стиль де кездесуі мүмкін, дегенмен бір стильдің көрінісі басымдау болады. Басшы басқару стилін таңдауда көптеген факторларға байланысты таңдайды, мысалы, басшылардың жеке мінез- құлқы, бағынушының әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктері. Осыған байланысты Д. Грен өзінің ұйым туралы жазған еңбектерінде келесі маңызды мәселені көрсете білді. Ол, бір басшы дәл сол ұйымда әр бағынушымен қарым -қатынас кезінде әр түрлі басқару стилін қолданады екен. Ол бағынушыларды " ин - топтық" ("ин- групповые") және (аут- топтық" ( "аут - групповые") мүшелері деп бөледі екен. Ал, осы бөлудің өзіүш өлшем бойынша жүреді: 1) Бағынушылар қаншалықты жауапкершілікті және білікті; 2) Оларға қандай деңгейде сенім артуға болады; 3) Ол өзіне қаншалықты жауапкершілікті жүктей алады; " ин - топтық" мүшелер осы өлшемдерге сәйкес келіп, " + " (оң) белгісімен сипатталады, ал " аут - топтық" мүшелер "-" (теріс) белгісімен сипатталады. Бірінші топтарға байланысты басшы демократиялық стильді қолданады, ал екіншісіне - авторитарлық стильді қолданады.
Жапондық басқару ғылымында Т.Кононың төрт стильді моделі қарастырылады (жаңашыл-сарапшы, жаңашыл-интуициялық, консерваторлық-сарапшы, консерваторлық-интиуциялық стиль). Кһп алдыңғы қатарлы жапондық фирмалар жаңашыл-сарапшы стильді қолданады.
Жапондық басқару стилінің ерекшеліктерін Коноске Мацуситидің принциптері нақты көрсете алды. К.Мацусити бұл принциптерді "Мацусити дэнки" деген электро- техникалық фирмаларға енгізген.
Енді Коноске Мацуситидің принциптеріне тоқталайық:
Біріншіден, фирманың барлық бөліміндегі жұмыстың жағдайымен танысу. Құжаттармен терең танысу, кездесулер және телефондық сұхбаттар Мацуситиға бүкіл болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруына мүмкіндік берді.
Ол басшылық іс-әрекеті туралы былай дейді: "Егер сенің қарамағында 100 адам жұмыс істесе, онда сен олардың арасында болуың керек, егер қарамағыңда 1000 адам болса, онда сен олардың нақ ортасынан орын ал, егер 10000 адамды басқарсаң, барлығы саған толық көрінетіндей жерден бақыла".
Оның екінші стилі бойынша - фирма жұмысшылардың өздерінің кәсіби іскерлігін көтерілуіне барлық жағдайды жасау.
Үшінші стиль көрінісі - басқарылушылардың ойына қуат беру. Барлық адам ойлауға қабілетті дейді, ал ол өзінен ақыл сұраған басқарылушылардан құтылуға тырысады.
Мацуситидің төртінші стилі - ең дұрыс шешімді табу кезіндегі пікірталаста туындаған ой-пікірлерді көтермелеу.
Жапондықтар ешуақытта өзінен үлкенге қарсы шығып, олардың шешімін бұрысқа шығармайды, олар өз ойларын сыпайы түрде жеткізуге тырысады.
Басқару стилі ұйымда көп нәрсені анықтайтынын жоғарыда айтып кеттік. Ұйымдағы достық, бірлік, топтастық, бәрі басшыға байланысты. Егер ол үш стильдің біреуін ғана қолданса, онда ұйымда ресми емес көшбасшының рөлі жоғарылап кету қаупі бар. Егер ресми емес көшбасшы ұйымда жақсы оын алса, онда ұйымдағы жұмысшылар оның айтуын заң ретінде қабылдауы мүмкін. Ондай жағдайда ресми емес басшы ұйым мүшелерін қалай алып жүремін десе, сол тарапқа бұрып алады. Егер көшбасшының мақсаты ұйымды алға жылжыту болса, онда ол ресми басшыға көмекші, ал егер керісінше ойы ұйымды құлдырату болса, онда қарама-қайшылық үрдісі ұйымда орын алуы әбден мүмкін. Сол үшін де басқару стилін басшы нақты ойланып, дұрыс таңдауы керек. Өйткені қателіккетсе, жоғарыда айтылған қолдайсыздық орын алуы мүмкін.
№13 ДӘРІС.
ТАҚЫРЫБЫ: Менеджмент жүйесіндегі бақылау және реттеу
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1 Сапа ұғымы және оның мәні
2 Сапаға жетудің принциптері мен тәсілдері
3 Педагогикалық үдеріс диагностикасы ұғымы.
1 Сапа ұғымы және оның мәні
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін көп деңгейлі реформалаудың қазіргі білім сапасын көтеруді және бәсекегк қабілетті мамандарды дайындып,тиімді қызмет ететін білім беру жүйесінің ұлттық моделін құруға бағытталған.Бүгінгі таңда білім берудің жаңа қағидаларының қалыптасуы мен бекітілу үрдісі қарқынды жүруде,білім саласындағы халықаралық байланыстарды кеңейту мен әлемдік білім кеңістігіне ену жұмыстары атқарылуда. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі жағдайы мен жарқын келешегіне болжамы еліміздің нарықтық экономикасы кәсіби жоғары оқу орындарының түлектеріне жаңа т алаптар қоятынын көрсетеді. Олар әлемдік білім деңгейіне, әлемдік стандартқа сай білім мен біліктілікке ие болулары керек.Бірінші кезекте ол; -жалпы білім деңгейінің жоғарылығы; -тар кәсіби,бейінді білім негізінде жалпы білім,техникалық,психологиялық,педагогикалық, экономикалық,құқықтық дайындықтың кеңдігі; -кәсіби біліктілік,жоғары кәсіби шеберлік,тәртіптілік пен еңбек сапасы; -өзіндік жоспарлау,өзінің еңбек қызметін жүзеге асыру мен бақылау қабілеті ,әсіресе, заманауи есептеуіш және ақпараттық техника құралдарын пайдалану арқылы;
-өз іс-әрекетіне өзі талдау жасай алу қабілеті, инициатива, шешімді өзі қабылдай алуы мен өз іс-әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік арту,әсіресе,экстрималды және тәуелділік жағдайларында; -өзін-өзі білімдендіруге,өзін- өзі оқытуға дайындығы,әдебиеттермен жұмыс жасай алуы;
-еңбекті үжымдық формада ұйымдастыру жағдайында топпен жұмыс жасай алуы;
-мобильдік,коммуникативтілік, -ұжымды басқара алу қабілеті; -әлеуметтік жауапкершілік сезімінің жоғарылығы; -еңбектің интенсивті өзгеру жағдайында жоғары төзімділік пен кәсіби жарамдығы;
-салауатты өмір салтын жүргізе алуы;оның ішінде жүріс-тұрыс мәдениеті,тамақтану,жеке бас гигиенасы.
Ал енді мұндағы «Сапа» деген ұғымды анықтап,содан кейін «Білім сапасы» ұғымына тоқталайық.Сапа өнімнің барлық талаптарға жауап беруі,қойылған мақсат-міндеттер бойынша іске асыруы және жоғары көрсеткішке ие болу. «Білім» са- пасы ұғымын ИСО 9001:2000:халықаралық стандартта қолданылатын анықтамаларға сүйене отырып айқындау керек. Мұнда білім сапасына: -сапа,мемлекет тарапынан қойылатын талапар мен болжамдар; -сапа,жоғары оқу орындары тарапынан айқындалу; -сапа,бітірушілердің қол жеткізгендері; -сапа,қоғам,білім саласында сұранысқа ие болу деген анықтамалар берілген.Яғни,сапа менеджмент жүйесі сапаны жоспарлау,басқару,жетілдіру және сапамен қамтамасыз ету саласындағы саясатты жүзеге асыру мақсатында қолданылытын іс-әрекеттер мен бір-бірімен тығыз байланыстағы үдерістер мен ресурстар жиынтығы. Қазақстан Республикасы әлемге қоғамдастық-нарықтық экономикалы мемлекет ретін- де танылды.Тәуелсіздігіміздің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып,экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңде барлық әлеуметтік-экономикалық өмірдің түбірімен өзгеруі білім саласының да қайта құрылуына қажеттілік туғызды.Бұл орайда жүргізіліп жатқан реформалар бұрынғы қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып,білім беру жүйесін әрі қарай дамыту жолдарын белгілеу қажет болды.Білім беру саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіне сүйеніп,жаңа мемлекеттің даму барысын ескере отырып, жинақталған тәжірбиеге арнайы талдау жасау қажеттігі туды.Осы орайда білім беру ісінің заңдық базасын жасау қолға алынды. Білім туралы заңдар қабылданып,білім саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы,орта,жоғары білімнің даму концепциясы мен білім берудің мемлекеттік стандарттары бекітілді. Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі ережелеріне сүйенеді. Білім сапасын көтеруге бағытталған құжаттар қатарына:
-«Білім беру» мемлекеттік бағдарламасы; -Білім беру қызметін лицензиялау Ережес;і -Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау Ережесі; -Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы; ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы;
-Сапа жөніндегі ИСО 8401 Халықаралық стандартқа ендірілген Мемлекеттік бағдарлама және т.б. жатады. “Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына” сәйкес ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттаудың қолданыстағы жүйеден PhD докторларын даярлау жүйесіне біртіндеп өту жағдайын қамтамасыз етудің жүйелі шаралары белгіленгенін ,ғылыми кадрларды аттестаттау үрді- сін мемлекеттік реттеу жетекші университеттер мен ғылыми ұйымдарда ғылыми дәреже- ні тағайындауға және атақты беруге байланысты біртіндеп өкілеттілігін беру және орталықсыздандыру арқылы сақталуы ұсынылатынын тілге тиек ете келе,тұжырымдама ның негізгі мақсаты әлемдік ғылыми,білімдік кеңістікке кіруге мүмкіндік беретін және ғылымның басым бағыттарын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуге бейімдел- ген ғылыми және педагогикалық мамандарды даярлау мен аттестаттаудың ұлттық моде- лін қалыптастыру мәселелері көрсетілген. Елбасының Қазақстан халқы мен Үкіметі алдына қойған әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндетінің оңтайлы шешімін табуына мүмкіндік беретін,ғылым мен білім берудің серпінді және сапалы дамуына жағдай жасайтын ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау мен даярлаудың тиімді қызмет атқаратын жүйесі қалыптаспақ. Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі-білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады.Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талап- тарды,оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін,білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін,оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды. Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері-азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарылатуы,Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері мен оны басқару болып табылады.Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді: -білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін,жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру; -нәтижесін дұрыс анықтау; -білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық стандартының ережелерін бұзбау; -жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып,білім мазмұнымен қамтамасыз ету; -білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету; -оқушы жастардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің,аймақтық,жоға- ры оқу орындарының білім мазмұнын көрсету; -оқушылардың оқу жүктемесін анықтауға көмектесу; -тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету. Білім беру стандарттары негізінде оқу жоспарлары мен бағдарламалар құрастырылады. Оқу жоспарлары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын оларды оқыту барысы мен ретін,әрбір пәнге берілетін сағат санын анықтайды.Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады.Бұл орайда мектеп бағдарламасының басқа да түрлері көрсетіледі,ол кейбір мектептерде оқу жоспарының өзгеше түрін құрастыруға мүмкіндік береді.
2 Сапаға жетудің принциптері мен тәсілдері Қазіргі кезде сапа менеджмент жүйесі бойынша негізгі сегіз принцип арқылы сапа көрсеткіштері анықталуда,атап айтсақ: 1.1 тұтынушыға бағытталу 1.2 көшбасшылық 1.3 персоналды қызықтыру 1.4 үрдіс тұрғысынан келу 1.5 жүйелілік тұрғысынан келу 1.6 үнемі жақсарту 1.7 мәліметті негізге ала отырып,шешім қабылдау 1.8 тасымалдаушылармен өзара тиімді қарым-қатынас орнату. Енді бұлардың кейбіреулеріне тоқталып өтелік: Тұтынушыға бағытталу,яғни ішкі және сыртқы тұтынушыларды анықтау;тұтынушылардың талаптары мен сұраныстарын айшықтау;олардың талаптары мен сұраныстарын қызығушы жақтағыларға жеткізу;тұтынушылардың талаптарының орындалуын қадағалау;ішкі тұтынушылардың (студенттердің,қызметкерлердің) белсенділігі мен өзіндік іс-әрекетін ынталандыру;түлектерді жұмысқа орналастыру;сапаны жетілдіру,үнемі түзетулер жасау. Көшбасшылық:сапаны қолдайтынын көрсету;ұтымды мақсат пен міндеттерді анықтау;университеттің болашағын көре білу;ішкі ортаның өзгермелілігіне бейім болу;университет іс-әрекетінің бағыттары мен мақсатын тұтастай қарау;мақсатқа жету барлық жұмыскерлерді тарту;жалпы құндылыққа біріктіру;өзара сенім білдіру;студенттер мен жұмыскерлердің белсенділігін ынталандыру; Персоналдысапа менеджмент жүйесіне тарту:персоналды сапа менеджмент жүйесін дамытудағы өзіндік үлесінің маңыздылығын түсінуі;оның өзіндік белсенділігі;сапаны жақсартудағы мақсат пен міндеттерді өзіндік тұрғыдан бағалай алуы;өзін-өзі жетілдірудің жолдарын іздестіруі;тұтынушыға бағытталуы;кемшіліктерді көре білуі және оны түзетуге атсалысу және т.б. Үрдіс тұрғыдан келу: үдерістерді анықтау;олардың өзара байланысын айшыөтау;сапаны жетілдірудегі мүмкіндіктерді анықтауы және т.б. Жүйелік тұрғыдан келу:білімдендіру іс-әрекетінің құрылымын анықтау; Сапа менеджмент жүйесіне жүйе ретінде модельдеу;мақсатты іс-әрекет ;үдеріс нәтижелерін талдау және өлшеу;және т.б. Үнемі жақсарту:қызметкерлерді үнемі жақсарту әдістері мен құралдарына үйрету;сапаны стратегиялық жоспарлау және жүзеге асыру;әрбір үдеріс үшін сапа көрсеткіштерін анықтау;және т.б.
3 Педагогикалық процесс диагностикасы ұғымы Басқару негізінде ретінде-педагогикалық үдеріс диагностикасының мәні зор.Ұстаз еңбегі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ғана емес,мұғалімнің әдістемелік даярлығында тұрақт жетілдіруді талап етеді.Іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат білім берушінің педагогикалық үдеріс жайындағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады.Міне, осыдан келіп педагогикалық үдерістің өту барысы мен кезеңдері нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалім-ұстаздар жоғары оқу орнының педагогикалық үдерісін диагностикалау білімі мен дағдысын меңгеруі қажет. Диагностика ұғымы грек тілінен алғанда «диагноз», аудармасы танып-білу.Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттарын Б.С.Кобзарь,Л.И.Катаева,Е.А.Берулова,Б.П.Битинас,В.П.Симонов және т.б.ғалымдар қарастырған. Мысалы,Б.П.Битинас педагогикалық үдеріс жағдайының оңтайлы жинақталған көрсеткіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық диагностиканың негізгі міндеттерін анықтап берген. Педагогикалық диагностика соңғы оңжылдықта іс-әрекет нысаны және мұғалім мен ұстазды басқару ұстанымы ретінде қарастырылып келеді.Қазіргі педагогика ғылымында ұстаздың іс-әрекет нысаны педагогикалық (оқу тәрбие) үдеріс деп мойындалған.Соған орай ұстаздың жұмыс тиімділігі оның соған орай ұстаздың жұмыс тиімділігі оның іс-әрекет нысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық үдеріс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты. Білімнің қай саласында болмасын,еңбек үрдісі өту кезіндегі жағдайы мен сапасының диагностикасы жетекші рөл атқарады.Қазіргі ғылыми әдебиеттерде «педагогикалық диагностика» терминіне біршама анықтама берілген.Сонымен педагогикалық диагностикаға төмендегідей анықтама беруге болады:педагогикалық немесе басқа да үдерістерді сипаттау үшін аса қажет білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық үдеріс жағдайы себеп салдарын анықтау , мақ- арасындағы қарама-қайшылықты және «педагог-шәкірт» жүйесі мүмкіндіктерін айқындау.Яғни,тұтас педагогикалық үдеріске кешенді тұрғысынан сипаттама беру. Көптеген жағдайларда бұл анықтамалар психологиялық көзқарас тұрғысынын беріледі.Сондықтан да педагогикалық диагностика мазмұнында психологиялық үдерісті оқып-үйрену және педагогтар мен шәкірттердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.
№14 ДӘРІС.
ТАҚЫРЫБЫ: Білім беру мекемелерін басқарудың құрылымы.
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1.Білім беру мекемелерін басқарудың құрылымы
2.Білім беру менеджерінің кәсіби біліктілік өлшемі.
Білім беру менеджерінің кәсіби еңбек тиімділігін арттырудың негізгі ӛлшемі мына тӛмендегілер:
-оңтайландыру (қажеттілік пен жеткіліктілік)дегеніміз мақсатка жету жолында кҥш - жігердің жеткіліктіболуы, сондай-ак
қҧралдар мен тиісті мерзімнің шешімді орындауда мҥмкіндіктің мейлінше жасалуы, ол істі оң шешуге әсерін тигізеді; — субъектінің қызмет тәсілдері мен әдістерінің ти- імділігі, олардың біртҧтас азара байланысты болуы; - менеджмент субъектісінің іс-қимылының наңты жолына жумсалуы. Багдарлама мен жҥйелі басқару ісінің ҥйлесімділігі - атқарылатын жұмыстың перспективалық багыттылығы -барлык қимыл іс-әрекеттің ҚОЙЫЛҒАН мақсаттар мен міндеттерге Байланысты актуалдығы (кӛкейкестілігі); -оқу-танымдык процесте оқушылар кызметінің белсенділігі мен дербестігі. Осы ӛлшемдерге сәйкес білім беру менеджерінің кызметін мына тӛмендегі 5 денгейге бӛлмекпіз. І.Репродуктивті деңгей. Мҧнда басшы педагогтар жҧмысы туралы ақпар жинап оны ҧжымга хабарлаумен ғана шектсліп кәсіби оқу-тәрбие жҧмысының кейбір тҥрін ғана атап ӛте алады. 2.Икемделген - басшы педагогтың кейбір істеріндегі мәнді сәттерді ғана анықтауға қабілеті жетеді, соны ҧжымға икемдеп, таратуға тырысады. 3 Оқшауланган улгі - басшы мҧнда педагогикалык қызметтің кейбір аспектілерін ғана ҥлгі етіп алуға қабілетті, оны педагогтармен оқу – тәрбие процесінің бір бӛлігінде ғана пайдалана алады. 4.Жүйеленген үлгі бойынша менеджер білім берудін актуалды мәселелері тӛңерегінде оқу-тәрбие жҧмысын жҥйелі ҥлгі бойынша атқаруга, оны дамытуга қабілеттілігі жетеді З.Экстраполяциялық - мҥнда басшы әлеуметтік прогрестің даму бағытын болжай отырып, педагогикалык ҧжым алдына білім берудің перспективалык моделін ҧсынады. Педагогикалық жҥйенің тиімдІлігін арттыруда менеджердің рӛлі Білім беру мекемесінің басшылық қызметін, қҥрылымын айкындауда білім, беру менеджерінің жеке субъскті ретіндсгі рӛлі, оның жеке кабілеттілік сипаттамалары сӛз жоқ, маңызды мәнге ие. Оған дәлел ретінде мына тӛмендегі оның жеке басына байланысты тҧлғалык қабілеттсрін айтсақ та жеткілікті.
- жоғарғы оқу орнын, кәсіптік білім беру мекемесін, фа- культет, кафедра, оку тобын сол салада арнайы білімі бар ма- маннның басқаруы
- жаңа жағдайларға байланысты басқару тәжірибесі мен ҧжыммен тіл таба білу кабілеттілігі:-әрбір қҧрылым жҥйесіндегі басшылардың жеке компоненттерін қалыптастыру;- кәсіби білім мекемесі басшысының сол салада жетекшімаман болуы; -педагогикалык және окушылар ҧжымының баскару ерекшелігін білу:басшының педагогикалық творчество мен инновацияға кӛзкарасы;басшының қҧрылымды басқарудағы иерархиялык дең- гейі:
Менеджер кызметінде жетістіктері жету мҥмкіндіктерін тежейтін факторлар да жиі кездеседі, олардың катарында:-кӛп жағдайда ӛзін баскара алмауы.Ӛз уакытынтиімді пайдалана алмайды, кҥш куатын мардымсыз нәрселергежҧмсайды, бойындағы стресс жағдайларды жеңс алмайды, карамағындағылармен жиі кикілжіңге келеді, кейде тіпті кьіз- балыққа салынады. -жеке қҧндылықтарын жайып жіберу. Ӛзінің жеке касиеттері мен іжтің максатын дҧрыс тҥсінбеу.
- жеке максаттарын жете тҥсінбеу. өз жеке басының ісіне, максатына деген тҥсінігінің жоқтығы. өзін - өзі дамытуды тоқтату. Жаңа ӛмірге,жҧмыс жағдайына, тҥрлі өзгерістерге құлқының жоқтығы, бейімде-луге әрскеттенбеуі.келесі мәселеге тірелу сәттерінде дҧрыс шешім қабылдай алмауы. Кҥрделі жағдаяттарда дҧрыс шешім қабылдауға стратегиялық мҥмкіндігінің тӛмендігі, педагогикалық та, басшылык жасау да қабілетінің жетіспеуі. -творчестволык мүмкіндігінің жетімсіздігі.Жаңаидеяларды іске асырудагы қабілетінің жетпеуі.Оны ӛздігіненжҥзеге асыра алмауы. -адамдармен тілтабысуы қиын .Ӛзін қоршаған адамдарга әсерете алмайды,ол олардың шешімдеріне мән бергісі келмейді. баскару жҧмысының ерекшеліктсрін жеткілікті дәрежеде ҧғынбауы. Ескі авторитарлық, ӛктемшіл әдіспен басқару шырмауынан шыға алмайтын, карамағындағыларды жаңа жағдайда жҧмыс істеуге жҧмылдыруға қабілетсіздігі.
- Басшылык дағдысының жетімсіздігі. Қарамагындағылардың кызметі мен іс-әрекетін баскаруда практикалык дағды мен икемділіктің жетіспеуі.
- Үйретуге қабілетсіздігі .Қарамағындағыларды тиісті талап тҧрғысында ҧйретуге, кӛмек беруге кҧқықсыздығы, я кабілетінің жоқтығы.
- Ұжымды қалыптастыру кабілетінің төмендігі. Оқу топтары мен педагогикалық ҧжымды тиімді басқару мен дамытуға дәрменсіздігі.
- педагогикалык және әкімшілік басқару кабілетінің жоқтығы. Білім беруді ҧйымдастыру менеджерінің басқару,оқыту мен тәрбиелеу ісінен мҥлдем бейхабар,кездейсоқ тағайындалған қызметкер.
Педагогикалық менеджмент баскару заңдарына негізделеді, сондай-ақ психология және педагогика ғылымдары заңдылықтарына да арқа сҥйейді, яғни ғылыми негіздемесі бар 2.Білім беру ісінің менеджері қызметін тиімді ҧйымдастыру- оның жеке мінездері мен педагогикалық шеберлігімен, басқару қабілеттілігімен де сипатталады. З.Ғылыми негізде басқару, психологиялық және жеке адамгершілік касиеттер білім беру менеджеріне оны оқу тәрбие жҧмысына колдануға,кӛшіруге толық мҥмкіндік береді. Бҧл педагогикалык менеджменттің әрі ғылым, әрі ӛнер екендігін дәлелдейді.
-Кәсіптік мектеп менеджері,ӨЗ карамағындағыларымен кикілжіңсіз. әрі тиімді істсй алуы үшін оның кажетті білім коры болуы керек. -Кәсіптік мектеп менеджері жоғары білікті педагог болуы қажет -Басқару теориясын менгермей-ақ,менеджер қызметіне жаксы басшы болса жеткілікті.
№ 15.ДӘРІС.
ТАҚЫРЫБЫ: Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1. Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
2. Сапа менеджменті жүйесі
Білім сапасы білім түрлерінің (заңдар, теориялар, қолданбалы, әдіснамалық, бағалау білімдері) білім мазмҧны элементтерімен және меңгеру деңгейлерінің арақатынасы. Әрбір-білім оны қолдану тәсілімен потенциалды тҥрде байланысқандықтан ол шығармашылық процеске қатсып қандай да бір маңызға ие болғандықтан мҧндай арақатынасты белгілеу қажет. Білім сапасы адамның білімді меңгеруімен тҥрлі іс-әрекетте қолданудың кӛп жақты талдауы нәтижесінде айқындалады және толықтық, тереңдік, жҥйелілік, шапшандық, икемділік, нақтылық, тҥйіндеу сипатына ие болады. Сол сияқты ол тҥйінделу және ӛрістелу, сапалылық және беріктігімен сипатталады. Білімнің барлық сапасы ӛзара байланысты және ӛзінше дербес, себебі бірін-бірі алмастырмайды. БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІ (БСБҰЖ)-білім сапасының білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, жеке тҧлғаның, қоғам мен мемлекет сҧранысына сәйкестігін анықтау тәсілдерінің, тҥрлерінің, рәсімдері мен институционалдық қҧрылымдарының жиынтығы. Мақсаты-отандық білім жҥйесімен ҚазақстанРеспубликасы мамандарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін халықаралық білім кеңістігі мен еңбек нарығында білім сапасына қол жеткізу.
Негізгі міндеттері: -барлық деңгейдегі білім сапасын институционалды бағалау; -барлық білім деңгейінде оқушылардың оқу жетістігін сыртқы бағалау; -мҧғалімдер мен оқушылардың қызметін бағалау; оқыту және ҥйрету процесін жетілдіру; -білім беру ҧйымдарының білім беру қызметінің сапасын жҥйелі және салыстырмалы зерделеу, білім жҥйесінің тҧрақты дамуын қолдау; -мемлекет азаматтарының сапалы білім алуға деген конституциялық қҧқығын қамтамасыз етуге қажетті білім беру жҥйесінің жағдайы туралы объективті ақпарат алу; -айқындыққа қол жеткізу ҥшін қоғамды ақпараттандыру; -ҥздіксіз білім беру жҥйесінің сатылары арасында бағалау нәтижелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету; -ҧлттық мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын халықаралық стандарттармен салыстыру ҥшін халықаралық зерттеу аясында, оқушылардың оқу жетістіктеріне салыстырмалы мониторинг жасау.
Принциптері: Объективтік, кәсібилік, жариялылық, айқындық, әділеттілік, кезеңдік, сабақтастық, есеп берушілік, дамудың ҥздіксіздігі. Рәсімдері: Білім беру қызметін лицензиялау, мамандарды даярлау сапасын мемлекеттік аралық бақылау (МАБ), мемлекеттік аттестаттау, мемлекеттік аккредитациялау және оқушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау. БСБҦЖ аттестаттау, аккредитациялау және сыртқы бағалаумен білім сапасын тікелей мониторингтік зерттеу арқылы рәсімделеді: -оқушылардың оқу жетістігі мен олардың тҧлғалық сапасынын даму деңгейі; -сыныптың, топтардың, пән секцияларының, бӛлімшелердің, факультеттің, жеке мамандықтың оқу жетістіктері; ауданның, қаланың, аумақтың білім беру ҧйымының және тҧтастай білім беру жҥйесін; -білім беру ҧйымының қызметі, сондай-ақ білім беру ҧйымдары ӛткізетін, оқушылардың білім жетістігін ішкі бағалау (ӛзін-ӛзі бағалау). Оқушылардың оқу жетістігін сыртқы бағалау тестілеудің стандарттық рәсімдері негізінде жҥргізіледі. Барлық деңгейдегі білім сапасын бағалау мен мониторингін енгізу және оны жҥзеге асыру, оларды жҥйелі тҥрде жетілдіру және халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру, сондай-ақ аумақтық және мемлекеттік деңгейде білім беру ҧйымдарының рейтингін анықтау БСБҦЖ шеңберінде жҥзеге асырылады. САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ (СМЖ) – кӛрсетілетін білім беру қызметінің сапасына қолданылатын білім беру ҧйымына басшылық пен басқару ҥшін менеджмент жҥйесі. СМЖ ӛзара іс-әрекет ететін процестер мен рәсімдер, білікті оқытушылар қҧрамы, ҧйымдастырылған және технологиялық іс шаралар, жоспарлар, қҧжаттар және т.б. біріктіретін білім беру ҧйымдарының сапалы менеджмент жҥйесін білдіреді.
СМЖ ӛзіне бірнеше арнайы қҧралдарды, атап айтқанда, білім беру процесіне ҥнемі мониторинг (модульді –рейтингілік жҥйе), тәуелсіз қорытынды бақылау және студенттердің білімін бағалау, ППК мен қызметкерлердің сапалы еңбегін тиімді ынталандыру, сыртқы және ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруға талдауды қосады. Білім беру ҧйымдарының СМЖ, әдеттегідей, ISO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сертификаттаудан ӛтеді. Мҧғалімнің жҧмыстарын бақылау-тексерудің қҧрылымы
Мҧғалім ӛзінін кәсіби шеберлігін қалыптастырудың бірнеше кезендерінен ӛтіп, тәжірбесін кӛпшілікке ҧсынар уакытында әрине сол ҧстаздың озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу. жинактау және тарату кезеңі басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |