Дәрістік кешен. №1. ДӘріс. Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» куpсының мақсаты және міндеттері. ДӘрістің жоспары: «Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» куpсының мақсаты



бет1/2
Дата16.01.2022
өлшемі107,07 Kb.
#112273
  1   2
Байланысты:
Мектепке дейінгі білім беру менеджменті (2)
Сайын Мұратбеков. Жусан иісі, Инклюзивті білім беру (1)отв бар

Дәрістік кешен.

№1.ДӘРІС.

ТАҚЫРЫБЫ: Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» куpсының мақсаты және міндеттері.

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:

1. «Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» куpсының мақсаты .

2.«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» куpсының мақсаты және міндеттері.


3. Педагогикалық менеджмент.


«Менеджмент» ағылшын сөзі. Басқару деген мағынаны білдіреді. Ол ағылшынның «манус», яғни «қол, күш» - деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдардың белгілі бір ұжымын, тобын басқарудың, ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болған.

Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігіне былай берілген:

Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі;

Билік және басқару мәдениеті;

Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

Басқару органы, әкімшілік бірлік.

Менеджмент – басқару сөзінің аналогы болғанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Басқару сөзінің аясы кең, ал менеджмент белгілі бір басқару түрін, яғни акционерлік компанияның немесе кәсіпкерлік корпорациялардың, жеке шаруа (фермер) қожалығының жұмысын әлеуметтік, экономикалық процесс негізінде басқару.

Менеджмент –бұл қазіргі кезде тек қана басқарушыға ғана емес, кез келген маманға қажет білім жиынтығы; басқарудың старатегиялары, философиялары, принциптері, әдістері, түрлері мен құралдарының жиынтығы; басшының басқа адамдардың еңбегін, интеллектісін пайдаланып, қызығушылығын тудыра отырып көздеген мақсатына жете білуі;әлеуметтік процестер мен адамдарды басқару өнері мен ғылымының ұштасуы.

Жалпы «менеджмент» ұғымы ағылшын тілінен «mange» деген сөзден пайда болған, яғни басқару, меңгеру, басшылық жасау деген мағынаны береді. Менеждмент сөзінің жалпы түсінігі – басшының алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуде, басқа адамдардың еңбектерін, қабілеттерін жұмылдыра білуі. Басқа сөзбен айтқанда, менеджмент – ғылым мен адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнерін біріктіру.

Педагогикалық менеджмент - білім беру процесін тиімді басқару теориясы, әдістемесі, технологиясы.

Әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына бағынғанмен, білім беру жүйесін басқарудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Білім беру менеджментінің негізгі мақсаты — білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үдерісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.Педагогикалық менеджмент басшылар мен оқытушыларға мақсатқа жету жолында көптеген мүмкіндік береді:

- біріншіден, вертикальді бұйрықтық басқару әдісінен корпоративті басқару стилі негізіндегі горизонтальді кәсіптік ынтымақтастыққа жол ашады;

- екіншіден, әр тұлғаға даму мүмкідігін береді, басшылар мен оқытушылардың мотивациялары арқылы ұйымның ішкі ортасы, яғни ұйым дамиды;

- үшіншіден, білім беру процесіне қатысушыларға жағымды психологиялық-педагогикалық жағдай туғызады.

Педагогикалық менеджменттің өзіне тән ерекшеліктері бар, өйткені ол адамдардың шығармашылық әрекеттерімен байланысты. Білім беру процесін басқаруда педагогикалық менеджментті білім беруді тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі, технологиясы деп түсінуге болады.Жалпы менеджмент адамдарды, әлеуметтік процестерді басқару өнері мен ғылым жиынтығы ретінде қарастырылады, адамдардың интеллектісін, еңбегін, мотивацияларын пайдалану арқылы басшының алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады. Осы анықтамаға сүйенсек, әр оқытушы өзінің қарамағындағы білім алушының оқу-таным үдерісінің менеджері болып табылады, ал ұйым басшысы–оқу орнының тұтас оқу-тәрбие үдерісінің менеджері.

Кәсіптік білім беру саласында педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаты мен міндеттері белгіленген. Педагогикалық менеджмент міндеттері басқару мазмұнымен анықталады. Басқару мазмұны басқару функциясының мына төмендегі компоненттерінің өзара үйлесімділігі келесілер:

- жоспарлау;

- ұйымдастыру;

- реттеу;

- бақылау;

- есеп жүргізу;

- талдау.

Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналар жатады, яғни шешімдерді қабылдау және орындау:

- қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу;

- басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сай бағдарламалар мен жоспарлау әзірлеу, олардың орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерді нақты белгілеу;

жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру;

- және т.б.

2 Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың шығармашылық потенциалын көрстеіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді.

Кез келген ғылым саласында іспеттес, педагогикалық менеджмент ұғымына да белгілі талаптар қойылады:

- өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;

- оларға сенім білдіру;

- олардың іс-әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет