Дәрістік кешен 1 ДӘріс



бет28/46
Дата13.11.2022
өлшемі212,07 Kb.
#157893
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
Байланысты:
Д рістік кешен 1 Д ріс мектепке дейінгі йымда ы т рбиеші ж мысы

II жартыжылдық
Өзін-өзі тану.
"Өзін-өзі тану" бөлімінің мазмұны өзінің ішкі әлемін ашу, өзінің қайталанбас даралығын пайымдау арқылы әрбір баланың өз табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталады.
Адамгершілік әліпбиі.
Барлығы амандасудан басталады. Мейірімді іс-әрекеттер. Түсінуді және кешіруді үйренеміз. Бәрі түсіністіктен басталады. Қонақ-біздің үйдің қуанышы. Мен көмекшімін. Мен өз елімнің кішкентай азаматымын.
Мен және менің әлемім.
Туған үй. Менің сүйікті балабақшам. Табиғат-ана. Табиғат және денсаулық. Табиғат және Адам. Наурыз жаңару мерекесі. Менің Қазақстаным. Адал болу. Өзін-өзі тану.
Күтілетін нәтижелер:
ересектер мен жақындарына мейірімділік, сыйластық білдіреді;
салауатты өмір салтының бастапқы дағдыларын игерген; қыз бала ұла балаға құрметпен қарайды, ұл бала қыз балаға құрмет көрсетеді;
табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеді және біледі;
өзінің көңіл-күйін сурет, мүсіндеу, құрастыру арқылы бере біледі;
сөздердегі, мінез-құлықтағы жақсы мен жаманды ажыратады, үйде, балабақшада, қоғамдық орындарда қарым-қатынастың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін сақтауға талпынады;
халықтық мерекелерге қатысады;
еліміздің жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін танытады.
Қоршаған ортамен танысу.
Бала, оның отбасы, үйі.
Туыстық байланыстар туралы ұғымды, өз шежіресіне қызығушылықты жетілдіру. Балалардың бойында өз отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үй тапсырмаларын орындау, отбасы мүшелеріне өзінің жақсы көру сезімдерін айта білуге тәрбиелеу.
Заттар әлемі, кеңістікте бағдарлау.
Заттар, олардың белгілері мен қолданысы туралы ұғымдарын бекіту. Балалардың сөйлеу тілінде түрлі заттардың атауларын нақтылау және белсендіру, таныс емес заттардың қолданылуын түсіндіру. Айналадағы заттардың атқаратын қызметінің, осы заттар жасалған материалдың құрылысының арасындағы байланысты түсінуге үйрету. Мектепке дейінгі ұйымның ғимаратында, жақын орналасқан мөлтек ауданда еркін бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.
Көлік, байланыс құралдары:
1) арнайы көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсініктерді қалыптастыру;
2) тұрмыстық техниканың қызметтерімен оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.
Ересектердің еңбегі:
1) әртүрлі мамандық иелері, еңбектің мазмұны, сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы ұғымдарды қалыптастыру;
2) өз ата-анасының еңбегі жайлы әңгімелегенде, еңбек процесі туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Түрлі кәсіп адамдарына құрмет көрсету. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оларға ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.
Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері.
Қазақ халқының тарихи түп тамыры туралы: қазақ киіз үйінің құрылысы және ішкі жиһаздары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Қазақтардың көшпенді өмірі туралы көрнекі материалдар негізінде суреттеуді үйрету. Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халыққа қызмет ететіндігі, өз халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі туралы білімін жетілдіру.
Қазақстан Республикасының әскері.
Қазақстан Республикасы әскері, Отан қорғаушылар туралы түсініктерін жетілдіру. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлігіне құрмет білдіруге тәрбиелеу.
Жолда жүру ережелері.
Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
туыстық байланыстар туралы түсінікке ие;
отбасы мүшелеріне өзінің жақсы көру сезімдерін білдіре алады;
алуан түрлі материалдардың белгілері мен қасиеттері және қолданылуы арасындағы байланысты орнатады;
мектепке дейінгі ұйымның бөлмелерінде, жақын мөлтек ауданда еркін бағдар жасайды;
арнайы көлік құралдарының атқаратын қызметін біледі;
тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін игерген;
өзінің ата-анасының еңбегі туралы әңгімелейді;
түрлі кәсіп адамдарына құрмет көрсетеді,
туған ел, мемлекеттік және халықтық мерекелер, ел рәміздері, Қазақстан Республикасының Президенті туралы білімдерді меңгерген;
Қазақстан әскері туралы түсінікке ие, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне құрмет көрсетеді;
жол қозғалысы ережелерін біледі.


13-14 ДӘРІС
Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеші жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдану әдістері.


Жаңа технология үрдісінің талабы балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты балаларға сапалы білім саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту. Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы жылдары біздің өмірімізге түбегейлі өзгеріс енгізді. Сонымен бірге педагогтың де рөлі өзгерді. Ол енді жоғарғы деңгейдегі жаңашыл ұстаз болуы тиіс. Оған қойылатын талап та жоғарғы деңгейде болады. Жаңа технологияның дамуының арқасында балалардың дамуына да үлкен үлес қосылды. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді өз міндетімізге алып отырмыз. Сондықтан оқу- тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу бағытында бақша ішіндегі іс- шараларды бейне таспалар арқылы тамашалауға мүмкіндік жасалады. Тәрбиеленушілердің білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу да ұйымның алдына қойған мақсаттарының бірі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың инновациялық бағыттары. - Жаңашыл ұстаздар тәжірибесін тарату - Шығармашылықпен жан-жақты жұмыстану. Жалпы балабақшада баланың шығармашылық қабілетін дамыту. Жаңа стандарт негізінде білім беру үрдісі 5 салада ұйымдастырылады: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.
Ақпараттық технологиялар.Ойын технологиясы «Монтесори», «Мнемокесте», «Тәй-тәй», ТРИЗ технологиясы.
Ақпараттық технология мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.
Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Балабақшада биылғы оқу жылдық жоспардағы тақырып бойынша электронды көрнекіліктер дайындадық. Әр пән бойынша бұл электронды көрнекіліктің тиімділігі бала оқу іс әрекетіне қызыға, белсене қатысады.Электронды қазақ үй- бабаларымыздың бізге жеткен бай рухани мұраларын бүгінгі және келешек ұрпаққа жаңаша үлгіде насихаттайтын заманауи тәрбие құралын Алматы қаласындағы «Ұлас» ЖШС-нен электронды киіз үйді алғанбыз. Бұнда 1200 өлең, тақпақ, Абайдың қара сөздері және ертегілері бар.Электронды киіз үйді кез-келген оқу іс әрекетінде күннің ІІ жартысында, түскі ұйқы мезгіліндеде пайдаланамыз.
Cонымен қатар қазіргі заманның талабына сай интерактивті тақтаның функциясының «Активстудио» деп аталатын программамен де жұмыс жасауды қолға алып жатқан жайымыз бар. Яғни тәрбиешілеріміз флипчартпен жұмыста кез келген суретті түрлі фунцияға түсіріп балалардың қызығушылығын арттырып жатыр. Сонымен қатар тақырыпты жақсы түсіндіруге септігін тигізуде.
Ойын технологиясы. Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет