|
|
бет | 2/46 | Дата | 13.11.2022 | өлшемі | 212,07 Kb. | | #157893 |
| Байланысты: Д рістік кешен 1 Д ріс мектепке дейінгі йымда ы т рбиеші ж мысы2 ДӘРІС
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші жұмысын ұйымдастыру пәнінің мақсаты, міндеттері.
Тәрбиеші – тәрбие жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жетекшілік жасау және өткізумен айналысатын педагог.
Тәрбиешінің негізгі міндеттері:
Тәрбиелеуші және дамытушы іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
Балалар ұжымын ұйымдастыру және дамыту;
Әр баланың жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;
Әр баланың бейімділігі, қызығушылығы және қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау.
Тәрбиешінің негізгі қызметтері:
Диагностикалық;
Коммуникативтік;
Тәрбиелеуші;
Болжаушы;
Ұйымдастыру – іс-әрекеттік;
Дамытушы;
Әдістемелік;
Ынталандырушы;
Бағалаушы;
Қорғаушы;
Түзетуші.
Тәрбиешінің мамандығының профессиограммасы:
Профессиограмма – маманға қойылатын психологиялық, физиологиялық, кәсіби және т.б. талаптар жүйесі.
Тәрбиешінің жеке тұлғасы өзінің дамуында жан-жақтылығымен, үйлесімділігімен және тұтастығымен ерекшеленуі тиіс.
Тәрбиешінің кәсіби сапалары:
Еңбексүйгіштік;
Жұмысқа қабілеттілік;
Тәртіптілік;
Жауапкершілік;
Тұрақтылық;
Мақсат қоя білу және оған жету жолдарын таңдай білу іскерлігі;
Өзінің кәсіби деңгейін жүйелі жетілдіру;
Өз еңбегінің сапасын жақсартуға үнемі талпыну;
Психологиялық даярлығының болуы;
Кең мәдени ой-өрісінің болуы;
Педагогикалық шеберлігі;
Педагогикалқ тактісі;
Педагогикалыө техникасы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|