Дәрістік кешен 1 ДӘріс


"Әлеумет" білім беру саласы



бет14/46
Дата13.11.2022
өлшемі212,07 Kb.
#157893
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
Байланысты:
Д рістік кешен 1 Д ріс мектепке дейінгі йымда ы т рбиеші ж мысы

леумет" білім беру саласы
Мақсаты: балаларды позитивті әлеуметтендіру және оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дәстүрлеріне баулу, оларда әлеуметтік дағдылары мен өзін-өзі үйрету дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
– бір-бірінің атын атап, қарым-қатынас жасай алуы, жолдастарының есімдерін есте сақтау;
– аты мен жынысын сәйкестендірумен байланысты өзіндік сананы қалыптастыру;
– баланың жеке тұлғасын ашу: өзінің қадір-қасиетін сезінуге, басқаларға құрметпен қарауға және өз отбасына қатыстылығын тәрбиелеу;
– құрдастарымен және ересектермен өзара іс-қимыл жасауға, бірлескен ойындарға қатысу үшін жағдай жасау;
– оң қарым-қатынасты орнату.


8 ДӘРІС
Мектепке дейінгі балалардың физикалық және психикалық дамуының жас кезеңдері. Ортаңғы топ (3 жастан бастап)
"Денсаулық" білім беру саласы
"Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып балалардың қимылдық белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
– қимыл белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене жаттығуларына қызығушылықтарын қалыптастыру;
– мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру;
– салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру;
– денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік, төзімділік, икемділік, шапшаңдық, үйлесімділікті дамыту;
– жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеудің негізгі қимыл түрлеріндегі қарапайым дағдыларды орындауды қалыптастыру;
– бірлескен қимылды ойындарға, өзара қарым-қатынастың жағымды ережелеріне баулу.
І жартыжылдық
Дене шынықтыру.
Жалпы дамытушы жаттығулар. Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау. Қолға және иық белдеуіне, денеге, аяққа арналған жаттығулар қолдарын жоғарыға және жанына көтеру, бір қолындағы затты алдына әкеліп, екінші қолына ауыстыру; қолдарын шапалақтау. Допты бір-біріне беру, аяқты өзіне қарай тарту, қалаш тәрізді дөңгелету, отырған, жатқан қалыпта екі аяқты созу, түрегеліп тұрған қалыптан солға, оңға, алға қарай еңкею. Отырып, аяқтың ішкі қырымен құм салынған қапшықты алу, екі аяғымен секіру.
 Негізгі қимылдар:
1) жүру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп жүру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, шеңбер бойлап, қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтай қалып, жүрелеп, бұрылып, "жыланша", заттарды айналып өтіп, төбешікке шығып және төбешіктен түсіп саппен жүру;
2) жүгіру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, аяқтың ұшымен, қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп, шеңбер бойлап, тоқтай қалып, "жыланша", заттарды айналып өтіп, алаңның бір жағынан екінші жағына және т.с.с. жүгіру;
3) секіру. Екі аяқтап басты затқа тигізе отырып, жоғары қарай 2-3 метр қашықтықта алға қарай жылжи отырып, тұрған жерінен ұзындыққа, 5-10 см биіктіктегі зат арқылы жерде жатқан жалпақ құрсауға секіру дағдыларын қалыптастыру;
4) лақтыру, тастау, қағып алу. Бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалату, қақпадан асыра лақтыру, допты екі қолымен көкірек тұсынан кері, екі қолмен жоғары, бастан асыра, жоғарыға, еденге (жерге) қарай төмен лақтыру, допты қағып алу машықтарын қалыптастыру. Көлденең нысанаға, алысқа, тура нысанға лақтыру;
5) еңбектеу, өрмелеу. Тура бағытта 4–6 метр арақашықтықта, "жыланша", арасы алшақтанған заттар арасымен, еденге қойылған тақта бетімен, 40 см биіктіктегі доғамен, арқанмен, еңіс тақта бойымен, бөрене арқылы орындық аяқтары арасымен еңбектеу дағдыларын қалыптастыру;
6) тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен, еңіс тақта бойымен (20-30 см) жүру дағдыларын қалыптастыру;
7) сапқа қайта тұру. Сапқа бір-бірден, шеңберге шағын топтармен және барлық топпен қайта тұру дағдыларын қалыптастыру (тәрбиешінің көмегімен, бағдар бойынша).
Спорттық жаттығулар:
1) шанамен сырғанау. Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктерін қалыптастыру;
2) сырғанау. Ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау дағдыларын қалыптастыру;
3) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын қалыптастыру;
4) жүзуге дайындық. Суға түсу, судан шығу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Шынықтыру шараларын жүргізу. Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.
Күтілетін нәтижелер:
жануарлардың қимылдарына еліктеп, дене жаттығуларын орындай алады;
негізгі қимыл түрлерін орындайды;
биік емес төбешіктен сырғанайды, бір-бірін сырғанатады;
үш дөңгелекті велосипедті тебудің дағдыларын меңгерген;
өзіне-өзі қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларына, салауатты өмір салты туралы түсініктерге ие;
бірлескен қимылды ойындарға қатысады.
ІI жартыжылдық
Дене шынықтыру.
Жалпы дамытушы жаттығулар: қолға және иық белдеуіне, денеге, аяққа арналған жаттығулар: қолдарын жоғары, екі жаққа созып көтеру; затты бір қолдан екінші қолға алдыңғы жақтан, арқа жақтан, бастан жоғары жақтан ауыстыру; қолды алға созып, бастан жоғары көтеріп, артқа шапалақтау. Допты бір-біріне бастан асыра беру (алға-артқа), шалқасынан жатып, екі аяғын бірге көтеру, түсіру, велосипед теуіп келе жатқандай аяқтарын қимылдату, түрегеліп тұрып солға, оңға, алға, артқа еңкею, шалқасынан етпетіне аунап түсу және керісінше. Қатарынан 2-3 рет жартылай отырып-тұру, қолды алға созып, қолды тізеге таянып отырып-тұру, тізеден бүгілген аяқты кезек-кезек көтеру; жерге отырып, құм салынған қапшықты табанмен қармау, екі аяқпен секіру.
Негізгі қимылдар:
1) жүру. Нық қадаммен алға, нық қадаммен артқа жүру, тізені биікке көтере отырып жүру;
2) жүгіру. Әртүрлі бағыттарда, жылдам (10-20 метр) және баяу (50-60сек.) қарқында жүгіру дағдысын қалыптастыру;
3) секіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру, тура секіру; екі аяқпен секіру (аяқтар бірге-аяқтар алшақ), тереңдікке (15–20 см биіктіктен) секіру дағдыларын қалыптастыру;
4) домалату, лақтыру, қағып алу. Көлденең нысанаға, алысқа лақтыру, тура нысанға оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру, допты тәрбиешіден 1–1,5 метр арақашықтықта лақтыру, үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан өткізе лақтыру дағдыларын қалыптастыру;
5) еңбектеу, өрмелеу. Еденге тігінен тұрған құрсаудан еңбектеу, доғаның астымен өрмелеу, гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу дағдыларын қалыптастыру;
6) тепе-теңдікті сақтау.Тура жолмен,тақтай бойымен, арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру;
7) сапқа қайта тұру. Өз бетінше сапқа тұру, шеңбердегі өз орнын табу (бағдары бойынша) дағдыларын қалыптастыру.
Спорттық жаттығулар:
1) шанамен сырғанау. Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктерін қалыптастыру;
2) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын жетілдіру;
3) жүзуге дайындық. Суға түсу, судан шығу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Дербес қимыл белсенділігі.
Дербес қимыл әрекеттеріне, дене шынықтыру жабдықтары мен құралдарын пайдалану қызығушылығына қолдау көрсету.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау.
Күн тәртібіне сәйкес балалардың күн сайын таза ауада болуын қамтамасыз ету.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) мәдени-гигиеналық шараларды орындау;
2) ересектердің көмегімен шынығу тәсілдерін орындау.
Күтілетін нәтижелер:
негізгі қимылдарды орындайды;
бір-бірден, шеңберге қайта тұрады, саптағы өз орнын табады;
денені жалпы дамытушы жаттығуларды орындағанда қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, жаттығулардың орындалу ретін сақтайды;
биік емес төбеден сырғанайды, бір-бірін сырғанатады;
үш дөңгелекті велосипед тебе алады;
суға түседі, суда ойнайды;
мәдени-гигиеналық дағдыларды орындауда дербестік танытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет