Дәрістік кешен 1 ДӘріс


"Қатынас" білім беру саласы



бет15/46
Дата13.11.2022
өлшемі212,07 Kb.
#157893
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Байланысты:
Д рістік кешен 1 Д ріс мектепке дейінгі йымда ы т рбиеші ж мысы

атынас" білім беру саласы
"Қатынас" білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әлеуметте қарым-қатынас жасау үшін тілді игеру және коммуникативтік дағдыларды дамыту болып табылады.
 Міндеттері:
– өздігінен сөйлеуге сұранысын қалыптастыру;
– балалардың іс-әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сөйлеуін дамыту;
– әдеби тілде сөйлеуін дамыту;
– дидактикалық және дамытушы ойындар мен жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорын байыту;
– сөз өнеріне баулу;
– Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен таныстыру;
– қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
І жартыжылдық
Сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дағдыларды қалыптастыру:
дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды айта білу;
2) дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту;
3) артикуляциялық аппаратты дамыту.
Сөздік қор:
1) ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту;
2) заттардың бөлшектерін ажыратуға және атауға үйрету;
3) балалардың сөйлеу тілін заттардың қасиеті мен сапасын білдіретін сөздермен байыту;
4) жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыру (ойыншықтар, киімдер, аяқкиімдер, ыдыстар, жиһаздар).
Тілдің грамматикалық құрылымы:
1) сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру,
2) зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану;
3) сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану.
Байланыстырып сөйлеу:
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;
2) шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау;
3) ересектердің сөзін тыңдау және түсіну;
4) сөйлеу әдебінің сәйкес түрлерін дұрыс қолдану;
5) ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу;
6) кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану;
7) сөз және сөз ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылыққа, назар аударуға тәрбиелеу;
8) таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.
Күтілетін нәтижелер:
дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтады;
дұрыс сөйлеу қарқынына ие;
қоршаған ортаға қатысты түрлі сұрақтарға жауап береді;
барлық сөз таптарын қолданады;
қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
сөздерді жекеше, көпше түрде және септік жалғауларын қолданады.
Көркем әдебиет.
Оқу, әңгімелеу.
Балаларды:
1) ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға;
2) кейіпкерлерді ойнағанда мінез-құлқын бере білуге, интонациясын қабылдауға;
3) тақпақтарды, өлеңдерді мағыналы, асықпай және дыбыстарды анық айтуға;
4) кейіпкерге, оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге баулу.
Күтілетін нәтижелер:
әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді;
бейнелі сөздерді қолданады;
таныс ертегілерді сахналауға қатысады;
әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін сақтайды;
– сюжетті эмоционалды қабылдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады;
– тақпақтарды, өлеңдерді мәнерлеп оқиды.
Орыс тілі.
Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Балаларды орыс тіліндегі сөйлеуді тыңдауға, есте сақтауға және дұрыс айтуға үйрету. Артикуляциялық аппаратты дамыту. Орыс тіліндегі дауысты дыбыстарды айтуды үйрету: а, о, у, е, и, ы, е, ю, я.
Сөздік қор.
Дағдыларды:
1) ойыншықтардың, кейбір тұрмыстық заттардың, көкөністер мен жемістердің, жануарлардың атауларын түсінуді және қабылдауды;
2) тәрбиешінің өтінішін орындауды, балалардың сөздік қорын одан әрі кеңейтуді және орыс тіліндегі сөздердің дұрыс айтылуын;
3) жақын ортадағы кейбір заттарды атай білуді қалыптастыру.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Заттардың көлемін, түсін, олармен әрекет жасауды білдіретін сөздерді үйрету, сөз тіркестерін түсіну және оларды байланыстыру әдісімен (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) құрастыруды үйрету.
Байланыстырып сөйлеу.
Жай сөйлемдерді:
1) қарапайым сұрақтарды түсіну және оларға қысқа сөйлем түрінде дұрыс жауап берумен;
2) балалардың қысқа тақпақтар мен әндерді есте сақтауы жолымен құрастыру.
Байланыстырып сөйлеуді және сөйлеу кезінде сөздерге дұрыс екпін қоя білуді дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
– орыс тілінің дауысты дыбыстарын дұрыс айта алады: а, о, у, е, и, ы, э, ю, я;
– айтылған сөзді тыңдайды және түсінеді;
– жай сөйлемдерді құрастыра алады;
– сөйлеу тілінде зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолданады;
– ертегілерді ойын түрінде көрсету кезінде қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
– бейнелі сөздерді тыңдайды, түсінеді, есте сақтайды;
– ересектердің көмегімен шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтады, мазмұнына өзінің көзқарасын жеткізе алады;
–заттардың сапасын, белгілерін, айырмашылықтарын орыс тілінде айта біледі;
– қарапайым сұрақтарды түсінеді және оларға орыс тілінде қысқа сөйлемдермен дұрыс жауап бере алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет