Негізгі ұғымдар: «құзіреттілік», «кәсіби құзіреттілік», «жалпымәдени құзырлылық», «оқу-танымдық құзырлылық», «ақпараттық құзырлылық», «коммуникативтік құзырлылық».
Дәрістің негізгі мазмұны
Қазақстанның ұлттық энциклопедиясында құзіреттілік ұғымы 2 мағынада көрсетілген:
Жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиеті
Кәсіби құзіреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой– тұжырымдарын терең талдай отырып, білім беру жағдайында педагогтің құзіреттілігін мынадай үш аспектімен бірдей кешенде сипаттауға болады:
Мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым – қатынас, бұл жағдайда оқытудың теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну;
Проблемалық-практикалық аспект: бұл осы жағдайда педагогтің алдына мақсат орындау жолдарын ан, міндет нормаларын қойып жәнықтауды сипаттайды;
Коммуникативтік аспект: бұл-педагогтің осы үрдісіне, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |