Дәріс. Кіріспе дәріс. Жоғары мектеп педагогикасы - педагогикалық білімнің өзіндік жеке саласы ретінде. ЖМП-педагогикасының негізгі ұғымдары (категориялары).
Жоспар: 1. Жоғары мектеп педагогикасының қалыптасу тарихы.
2. Жоғары мектеп педагогикасының пәні.
3. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары.
Дәрістің мақсаты:жоғары мектеп педагогикасының ғылым ретіндегі және оның негізгі ұғымдары туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар: жоғары мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасының пәні, жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары.
Дәрістің негізгі мазмұны Жоғары мектеп педагогикасы – жоғары оқу орындарындағы студенттердің тұлғасын дамыту және олардың кәсіби даярлығының теориялық және практикалық мәселелерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.
Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Грециямен Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізген. Ежелгі Греция бірнеше құл иеленуші ұсақ мемлекеттерден құралған. Олардың ішіндегі ілгерілері Аттика (орталығы – Афина) және Лаконея (орталығы – Спарта) т.б. ертедегі грек ғалымдары мен философтары өздерінің еңбектерінде тәрбие мен оқыту туралы өте құнды пікірлер айтып, өсиет қалдырған. Олардың бұл пікірлері педагогика ғылымдарының дамуына себеп болды. Атап айтқанда: Демокрит, Платон, Аристотель, Квинтиллин және т.б.
Олардың педагогикалық көзқарастары:
Тәрбиенің мақсаты – белгіленген әлеуметтік функцияларды орындауға даярлау.
Жеке адам болып қалыптасу. Табиғат пен тәрбиеге байланысты.
Талап: бала тәрбиесіне ерте кезеңнен қарау керек.
Қоғамдық тәрбие идеясын бекіту.
Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі – Ежелгі Греция философия өкілі- Демокрит (460-370) өзінің атомдық теориясына негізделген жеке адам дамуының матералистік көзқарасын ұсынды.
Демокрит – балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «табиғат және тәрбие негізі. Дәлірек айтсақ, тәрбие адамды қайта жасайды және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзетеді. Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді».
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуына ықпал еткен ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон, Аристотель, Тертуллиана (160-222жж.б.э.д.) еңбектерінде жарияланған. Олардың идеяларында адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы тұжырымдалды.
Сократ өзінің шәкірттеріне диалог жүргізуді, логикалық ойлауды үйреткен. Оның «Сократтық сүхбат әдісі» атты ақиқатты анықтау тәсілі бүгінгі ұрпаққа жеткен. Ол әдіс сұрақ-жауап жүйесі негізінде логикалық ойлау арқылы дұрыс жауап табуға үйретеді.
Платонның педагогикалық теориясының негізінде білім алу адамға қуаныш әкелу керек, таным мен шаттану бірегей үдеріс деген идея жатыр. Платонның педагогикалық мұрасын жалғастырушы оның шәкірті, кейіннен әріптесі болған Аристотель мектебінде адамның жалпы мәдени деңгейіне ерекше көңіл бөлінеді және білім беру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру, білім берудің мемлекеттік сипатта болып, азаматтардың бірдей білім алу қажеттігіне, тәрбиенің дене, ақыл-ой тәрбиесі бірлігінде жүзеге асырылуы керек деген идеяаны ұстанады. .
Платон өзінің философиясы арқылы алғаш рет тәрбиенің негізін қалаған. Ол тәрбиені мемлекет тарапынан ұйыдастыру керек деп есептеді. Платон мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жақтаған. 3 жастан 6 жасқа дейінгі кезеңде балалар тәрбиешінің басқаруымен ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санаған. Мектепке дейінгі тәрбиеде ол ойынның рөлін өте жоғары бағалады. Білім беру жүйесін ұсынған. Білім берудің жоғары сатысына философияны, арифметиканы, геометрия, астрономия, музыка теориясын жатқызды.
Атақты грек философы және ғалымы Аристотель мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасындағы тәрбиенің өзара байланысты болуын жақтаған. Аристотель дене тәрбиесімен қатар оқуға, жазуға, сурет салуға, музыкаға үйрету қабілеттігін атап өткен. Мектепте бала елеулі білім алуы керек: әдебиетті, математиканы, музыканы оқуы керек деп есептеді.
Ежелгі Рим педагогтарының ең көрнекті өкілі Марк Фабий Квинтеллиан болды. Ол – «Шешендікке тәрбиелеу туралы» деген еңбектің авторы. Аудиторизм (констонтиннопольдық мектеп ІХ ғ. ортасында Макпарга деп аталды) жоғары мектеп. Бұл кезеңде жоғары заңгер, медицина, философия т.б. мектептер болған. ХІІғ. аяғында университеттер құрылған. Ортағасырлық университеттерді: дайындық, құдай сөзі, заңгер және медицина факультеттері құраған.
Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік утопистер және гуманистердің білім беру және тәрбие туралы (қайта өрлеу дәуірі ХІV-ХVІ) ойлары сипат алған. Қайта өрлеу дәуіріндегі өкілдер Франсуа Рабм (1494-1553), Мишель де Монтень (1533-1592), Томос Мор (1478-1535), Эразм Роттердамский (1466-1536), Роберт Оуэн (1771-1858).
Франсуа Рамб «Гаргон Тюа және Пантагрюль» еңбегін жазған. Ол шығармашылық белсенділік, өзіндік ойлауды дамыту, жан-жақты білім алу идеясын ұсынды.
Мишель де Монтень «Тәжірибелер» еңбегінің авторы. Ол білім берудің мақсаты – «өзін-өзі» танып білу, әдемі өмір сүріп, әдемі өмірден қайту, сонымен бірге ақыл-ойды дамыту, балалардың кез-келген тұлғаға, көзқарастарға сын көзбен қарауын, өзінше ойлауын қалаптастырған. Монтень діни тәрбиеге қарсы болды және мұғалімнің моральдық қасиеті жоғары болуы, балаларға қайырымды іс-әрекет көрсетуі қажет деп санаған.
Томас Мор «Жаңа утопия аралы және мемлекеттің ең жақсы құрылымының қасиеттілігі, қызықтылығы туралы алтын кітап» еңбегінің авторы. Ол барлық балаларға алғашқы білім беру және қоғамдық тәрбиені кең түрде іске асыруды жақтады. Оқыту ана тілінде жүргізілуін және негізгі мектепте оқу, жазу, арифметика, геометрия, астрономия, музыка, диалектика, жаратылыстану, жер шаруашылық теориясы пәндерін енгізу қажет деп санаған.
Эразм Роттердамский «Оқытудың әдісі туралы», «Ерте және лайықты бала тәрбиесі туралы» және т.б. Ол балаға діни, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беру қажет және оның физикалық дамуына көңіл бөлуді ұсынған.
Жаңа дәуір кезеңінің көрнекті өкілдері ретінде Я.А.Коменский (1592-1670), Джон Лоин (1632-1704), Жан-Жок Руссо (1712-1778), Иоганн Генрих Лестасоции (1746-1827), Ф.В.А.Дистерврг (1790-1866) т.б. атауға болады. ХVІІғ. бастап ХVІІІғ. аралықтарында педагогика ғылымының және ектептердің дамуына үлкен үлес қосты.