Тоқ (жуан) ішек соқыр ішектен және аш ішектің тоқ ішекке келіп жалғасатын жерінен (илеоцекальді бұрыш) басталады да, тік ішекпен аяқталады. Аш ішек сияқты тоқ ішектің де бірнеше бөліктерін ажыратады. Олар: соқыр ішек (соесит), жоғары бағытталған бөлік (colonascendens), көлденең жатқан бөлік (colontransversum) пен төмен бағытталған бөлік (colondescendens), сигма тәрізді бөлік (colonsigmoideum) және тік ішек (rectum). Соқыр ішек пен тік ішек тоқ ішектің өзалды жеке бөліктері болып есептеледі Тоқ ішектің жалпы ұзындығы 180-200 см, ал диаметрі 5-6 см-ге тең. Оның бірнеше иілімдері бар. Біріншісі бауыр (flexuracolidextra), екіншісі көкбауыр (flexuracolisinistra) иілімдері және сигма тәрізді бөлігі мен тік ішек шекарасындағы иілім. Алғашқы аталған екі иілімдер тұсында тоқ ішекті бекітіп тұратын арнайы байламалар бар.
Тоқ ішектің бұлшық ет қабаты екі түрлі бұлшық еттерден қүралады. Біріншісі ішкі немесе циркулярлы және сыртқы бұлшық ет қабаттары. Сыртқы бұлшық ет қабаты ішектің ұзындығын бойлай орналасады. Бұл қабат ішектің сыртқы жағында үш жолақ тәрізді болып көрініп түрады (taeniae) және үшеуі соқыр ішектің күмбезінде, яғни оған құрт тәрізді өсіндінің жалғасатын жерінде түйіседі. Осы себептен аппендэктомия операциясының барысында өсіндіні табу қиын болған жағдайларда, әдетте, оны осы жолақтарды бойлай отыра олардың түйіскен жерінен іздейді. Ішкі жақта орналасатын бұлшық еттер (циркулярлы бұлшық еттер) ішектің белгілі бір аймақтарында қалыңдап физиологиялық қысқыштар (сфинктерлер) құрайды.
Тоқ (жуан) ішекті артериялдық қанмен жоғарғы және төменгі шажырқайлық артериялардың (аа. mesentericasuperioretinferior) тармақтары (a. colicamedia, a. colicadexstraetsinistra, a. ileocolicam.6.) қамтамасыз етеді. Веналық қан аталған артериялардың жандарында орналасқан көктамырлар арқылы жүреді.
Лимфа сұйығының жүрісі, негізінен, төрт лимфа түйіндеріне қарай (эпиколикалық, параколикалық, аралық және орталық түйіндер) бағытталады.
Тоқ ішектің инненрвациясысимпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Тоқ ішекте, негізінен, су сіңу процесі және аш ішекте ыдырағанмен, толық сіңбеген көректі заттардың одан әрі сіңуі жалғасады.