ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«Авимед» көпсалалы колледжі
«БЕКІТЕМІН»
«Авимед» көпсалалы колледжінің
директоры А.А.Керимбекова _____________
«_____»______________________ 2019 ж.
ДӘРІСТІК КЕШЕН
Пән: ЖКП 05 Анатомия және физиология
Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер»
Курс: І
Семестр: І
Бақылау түрі: Емтихан
Жалпы еңбек салымының барлық сағаты/ кредитKZ 270/9
Шымкент - 2019
Дәрістік кешенін жасаған: Мыктыбеков Иззат Мұхтарұлы
Оқу жұмыс жоспары мамандық бойынша негізделген : 0301000 «Емдеу ісі »
Жұмыс бағдарламасы «Медицина және фармация пәндері»
циклдық әдістемелік бірлестігінің (ЦӘБ) отырысында қаралды және ұсынылды.
Хаттама № 1 «28» тамыз 2019 ж.
ЦӘБ жетекшісі ____________ Байдарова Г.А.
Әдіскермен қаралған ____________ Умирбекова Ж.Ж.
Әдістемелік кеңестің отырысында мақұлданды
Хаттама № 1 «29» тамыз 2019 ж.
Әдістемелік кеңес төрайымы ______________ Тезекбаева Э.Т.
№1 Тақырып.
Остеология. Синдесмология.
Мақсаты. Анатомияға ғылым ретінде анықтама беру. Анатомияның міндеттерін оқып білу. Анатомия адам денесінің құрылысын биологиялық заңдылықтар бойынша оқытады. Адам эмбриогенезінің бастапқы кезеңдерін оқып білу
Дәріс жоспары:
1.Анатомия нені оқытады, бөлімдері
2.Остеология.
3.Синдесмология
Дәріс тезистері.
Адам анатомиясы – бұл адам организмінің пайда болуы және дамуы, пішіні мен құрылысы туралы ғылым. Анатомия адам денесінің сыртқы пішіні мен денесі және оның бөліктерінің сәйкестігін (пропорциясын), жеке ағзалардың құрылымын зерттейді. Анатомияның міндеттеріне адамның эволюция үрдісіндегі дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу, дене құрылысы мен жеке ағзалардың жас кезеңдеріне байланысты ерекшеліктерін, сыртқы орта жағдайында адам организмінің қалыптасуын зерттеу кіреді. Адам организмінің күрделілігін тану анатомияда келесі әдістерді қолданады: - аймақтық принцип бойынша денені ашып көру; - дене бөліктерін кесу (Н.И. Пирогов) бойынша және ағзаларды бөлшектеу; - бояғыш заттармен қуысты ағзаларды және коррозиялық препараттарды келесі дайындауда суғыш майлармен иньекциялау; - құрғақ препараттарды дайындау; - ағза мен тіндерді жарықтандыру; - ағзалар мен бүтін мәйіттерді пластинациялау; - рентгенанатомия; - компьютерлік томография; - гистопотопография; - соматоскопия; - тәжірибелер;
Қалыпты анатомия биология ғылымының құрамды бӛлігі болып табылады. Биология ғылымдарының бӛлімдерінде 2 топ пәнді бӛлуге болады – морфология және физиология. Морфологиялық пәндерге анатомия, гистология, эмбриология, салыстырмалы анатомия жатады. Бұл ғылымдар тірі организмдерінің пішіні және құрылысын сыртқы ортамен байланысын және олардың даму заңдылықтарын оқытады. Анатомия – медициналық білім жүйесінде іргелі пән, ол келесі клиникалық пәндерді игеруде «фундамент» құрайды. Клетка элементарлы, құрылымды, қызметтік және тіндердің генетикалық бірлігі болып табылады. Организмде клетка жеке ӛмір сүре алмайды, жасушааралық затпен жиынтығында тіндерді құрайды. Негізгі морфоқызметтік тіндердің тӛрт топтарын ажыратады: эпителиальды, дәнекер, бұлшықеттік және нервтік. Тіндер ағзалардың құрылымын дамытуда қатысады. Ағзалардан ағзалар жүйесі құралады.
Келесі ағзалар жүйесін ажыратады:
1. Тірек және қимыл ағзалар жүйесі.
2. Асқорыту жүйесі.
3. Тыныс алу жүйесі.
4. Жүрек-тамырлы жүйесі.
5. Несеп-жыныс жүйесі.
6. Эндокринді жүйесі.
7. Нерв жүйесі
8. Жабынды жүйесі.
Адам қаңқасы деп сүйектердің жиынтығы мен олардың қосылыстарын атайды. Ол тірек-қимыл аппаратының пассивті бөлігін құрайды, оның активті элементі бұлшықет болып табылады. Еркек адамдарда қаңқасының орташа салмағы 10 кг, ал әйелдерде 6-8 кг құрайды. Адам қаңқасы біліктік және қосымша болып, екі топқа бөлінеді. Күрделірек біліктік қаңқаға — бас қаңқасы, омыртқа жотасы, кеуде торының сүйектері, ал қосымша қаңқаға — қол, аяқ сүйектері кіреді.
Біліктік қаңқаның тұлға бөлігі бөлек звенолардан тұрады (омыртқалар, қабырғалар, төстік бөліктері). Вертикалді орналасуына байланысты біліктік адам қаңқасының өзіндік ерекшеліктері бар. Жануарларға қарағанда адамның омыртқалары — вертикалді бірнеше серпімді иілімдері бар жота. Организмде адам қаңқасының қызметі маңызды және әртүрлі болады. Бас қаңқасы миды, есту, көру, иіс сезу, асқорыту және тынысалу мүшелерін қорғап тұрады. Жамбас астауында несепқуық, жатыр, қынап, жатыр түтіктері, әйелдерде аналық бездер, еркек адамдарда қуықасты бездер орналасады. Сонымен бірге, адам қаңқасы жұмсақ тін мен мүшелер үшін тірек қызметін атқарады. Ол адам организмінің дене сегменттерінің ішкі қалпын анықтайды. Қазіргі кезде адам қаңқасының биологиялық келесі қызметтеріне минералды зат алмасу, қан алмасу, иммунды кезеңдеріне көңіл бөлінген.
Қаңқа сүйектерінің байланысын зерттейтін ілімді — syndesmologia (грек. syn — байланыс; desmos — дәнекер; 1оgоs — ілім) — деп атайды.
Сүйектер байланысы жануарлар қаңқасы сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі заңдылықпен байланысуын қамтамасыз етеді. Жануарлар қаңқа сүйектерінің байланыс түрлері, олардың организмдегі атқаратын қызметтерімен тікелей байланысты. Егер де сүйектер организмнің тіршілігіне тым қажет мүшелерді қорғау қызметін атқаратын болса, мысалы, ми сауыты, онда сүйектер байланысы шектеулі қозғалысты немесе қозғалмай байланысуды қамтамасыз етеді, яғни сүйектер бір-бірімен тұтаса байланысады. Ал организмнің кеңістіктегі қимыл қозғалысына қатысатын сүйектер бір-бірімен өзара буындар арқылы қозғалмалы байланысады. Демек, жануарлар қаңқасы сүйектерінің байланыс түрлерін екі топқа бөлуге болады. Олар: қаңқа сүйектерінің тұтаса байланысы және буынды байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |