Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет7/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
Үлестірмелі материалдар.кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1. Бұлшықеттік тіндердің түрлері.
2. Бұлшықеттің құрамдық бӛліктерін атаңыз.
3. Бұлшықеттің қосалқы аппаратына не жатады?
4. Бұлшықеттердің жіктелуін айтыңыз.
5. Рычагтардың түрлерін атаңыз.
Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013
5. Адам анатомиясы : оқулық - Алматы : ЖК "Ақнұр", 2013.
Қосымша әдебиеттер.
1. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ том. Астана: «Фолиант», 2005.

5 Тақырып. Зақымданулар.


Мақсаты. Зақымдану -Дистрофия (грекше dys-бұзылу, trophe- қоректендіремін)-жасушаның зат алмасуы бұзылуынан құрылымдық өзгерістер дамитын күрделі патологиялық процесс. Дистрофия зақымның бір түрі.
Дәріс жоспары
1.Зақымдану түрлері
2.Трофика бұзылысы
3.Некроз,гангрена
Дәріс тезистері.

Трофика – жасуша өзінің арнаулы қызметін атқару үшін қажетті, оның матаболизмі мен құрылысының қалыптасуын қамтамасыз ететін механизмдер жиынтығын қамтитын ұғым. Бұл механизмдердің жасушалық және жасушадан тыс деп аталатын 2 түрі бар. Жасушалық механизмдер жасуша құрылысының қалыптасу ерекшеліктері және оның өздігінен реттелуі арқылы жүзеге асырылады. Трофиканың жасушадан тыс механизмдері тасымалдау және интеграциялық жүйелерді қамтиды. Дистрофияны дамытатын тікелей себеп жасушалық механизмдердің де, жасушадан тыс механизмдердің де бұзылуымен байланысты бола алады.



  1. Жасушаның өздігінен реттелуінің бұзылуы әртүрлі факторлардың (гиперфункцияның, улы заттардың, радияция т.б) әсерінен дамуы ықтимал және ол жасушада энергия тапшылығы мен ферменттік үдерістердің бұзылуына әкеліп соғады. Трофиканың жасушалық механизмдері бұзылғанда тұқымқуалайтын немесе жүре болатын ферментпатия – ферменттік жүйенің зақымдалуы –дистрофияның негізгі патогнездік буыны.

  2. Тіндердің метаболизмі мен қалыпты құрылысын қамтамасыз ететін тасымалдау жүйесінің қызметінің бұзылуынан оттегі тапшылығы яғни, гипоксия дамиды.

  3. Трофиканың ішкі секреция арқылы реттелуі бұзылғанда дамыған дистрофияны энодкриндік, трофиканың жүйке жүйесі арқылы бұзылғанда – жүйкелік немесе милық дистрофия деп атауға болады.

Некроз (гр. nekros — өлі, шірік, өлі еттену) - тірі организмдегі клетка мен тіндердің өлуі. Қан және жұқпалы ауруларға шалдыгу, жарақаттану, күю т. б. себептерден ауыз шырышты қабығы, қызыл иек шеті, ерін мен ұртүстерінекрозға ұшырайды. Шіру процестері ұлпа қабынғанда, тіс эмалі зақымданғанда білінеді.
Жарақаттанудан (үсу,күю), нервтің жаншылуынан, уланудан, туберкулез, мерез, бөртпе сүзек аурулары салдарынан, бүйректің қабынуынан, сондай - ақ гангрена, инфаркт аурулары кезінде де өлі ет пайда болады. Өлі еттенген органдардың ұлпалары мен жасушаларының қан айналысы, нерв жүйесінің қызметі бұзылып, жасуша аралық заттары өзгереді. Мұның салдарынан қоректік заттардың келуі азайып, тіршілік әрекеті кемиді. Сөйтіп, орган не ұлпа жасушаларының ядросы мен цитоплазмасы бүрісіп кішірейеді. Өлі ет көбінесе ұзаққа созылған аурудан әлсіреген адамдарда жиі кездеседі. Мұндайда кез - келген жердің, әсіресе жамбас ұлпаларылі еттенуі мүмкін. Кейде өлі ет органға инфекция түсіп, іріңдейді. Оның емі, шіріген ұлпаға хирургиялық операция жасайды, антибиотиктер, организмді әлдендіретін, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу.
Атрофия (грек, atropheo; а — жоқ;trophe — қоректік зат, тамақ) — қоректік заттың келмеуіне немесе жетіспеушілігіне байланысты дене мүшелері мөлшерінің кішірейіп әлсізденуі. Атрофия көбіне мүшелерді қоректендіретін қан жәнелимфа тамырлары қызметін реттейтін жүйкелердің зақымдануы нәтижесіңде өрбиді. Атрофия деп ағза клетка көлемінің кішірейіп, қызмет қарқынының төмендеуін немесе бүтіндей тоқтауын атайды. Семудің физиологиялық және патологиялық түрлерін ажыратады. Физиологиялық семуге балалардың кіндік қан тамырларының, кейінірек айырша безінің семуін мысалға келтіруге болады. Бұлар жас организмнің дамуына яғни эволюцияға байланысты болатын семуге жатады. Қартайғанда сему процесі барлық ағзаларды, жүйелерді қамтиды. Бұл қартаю яғни инволюция нәтижесінде дамитын семудің мысалы. Патологиялық сему белгілі бір ауру тудырушы себептерге байланысты болады. Семудің бүл түрі екі топқа бөлінеді: 1) жалпы сему немесе кетерем болу (кахексия); 2) жергілікті сему
Жалпы сему аштықтың, нерв және эндокрин жүйелерінің ауруларының, қатерлі ісіктің салдарынан пайда болады. Егер адам 1—2 ай бойы тамақ ішпесе, не жеген тамағы сіңбесе, ол шегіне жете арықтап, көтерем болып өледі. Бұл кезде организм өз салмағының 40—50 процентін жоғалтады. Көтеремдіктің ең бірінші белгісі бұл май «қоймаларынан» майдың жоғалуы, теріасты шелі, шарбы, шажырқай жұқа дәнекер тканьді қабаттарға немесе сары-қоңыр реңдегі пластинкаға айналып қалады. Кейде майды микроскоппен де іздеп таппайтын жағдай болады. Тері өте құрғап, жұқарып, қатпарланып, меланин пигменттерінің көбеюіне байланысты қоңыр түске енеді. Дененің бұлшықеттері семіп қалады, сүйектер кеуектеніп (остеопороз) морт сынғыш болады, әсіресе сүйектің тығыз қабаты жұқарады. Ішкі ағзалардың көлемі кішірейігі, салмағы азаяды, жүрек пен бауырда қоңыр тұс беруші липофусцин пигменті жиналады. Бұл процесті ағзалардың қоңыр семуі дейді. Атрофия процесі ішкі секреция бездерінің ішінде қалқанша безде, жыныс бездерінде және бүйрекүсті бездерінде айқын көрінді.
Жергілікті семудің ағза сырттан немесе іштен басылып қалғанда, ағза қызметіне талап азайғанда, зат алмасуы мен трофика бұзылғанда қанмен жеткілікті қамтамасыз етілмегенде пайда болатын түрлері бар. Ағза сырттан немесе іштен басылып қалғанда осы ағзаның қанмен қамтамасыз етілуі және қоректенуі бұзылып сему процесі дамиды. Қолқа аневризмасы (бұлтимасы) төс сүйегін кейде омыртқа бағанын, басып жұқартып өзініғі бедерін қалдыра алады. Несепағар жолы таспен тығындалып қалғанда бүйрек астауының қуысы кеңейіп, бүйрек ткані бірте-бірте жұқарады. Осы өзгерістер нәтижесінде бүйрек орнында несеппен толған қалта қалады (гидронефроэ — су бүйрек). Ағза қызметіне талап азайғанда немесе мүлдем жойылғанда олар қызмет қарқынын төмендетіп семе бастайды. Мысалы, сүйек сынғанда гипске салынған аяқ бұлшықеттері әрекетсіздік нәтижесінде семеді, осы текте өзгерістер космос жағдайында қаңқа бұлшықеттерінде дамиды, бүйрекүсті бездерінің біреуінде пайда болған ісік гормондардың көп түзілуіне байланысты екінші бездің семуіне соқтырады. Кейбір без гармондарын емдік мақсатпен ұзақ уақыт қолданғанда сол гормонды жасап шығаратын без семеді. Зат алмасуы мен трофиканың бұзылуына байланысты атрофияньщ мысалы ретінде ағзаның нерв жүйесімен байланысы үзілген кезде дамитын атрофияны келтіруге болады. Бұл жағдай жарақаттанғанда, қабыну нәтижесінде, нерв жолдарын ісік, Дәнекер ткань басып қалғанда байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет