Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет6/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
Инфекциялық емес- қызба тіннің зақымдануын тудыратын сыртқы және ішкі факторлардың әсерлерінен пайда болады. Мысалы: күйік, жарақат, ішке қан құйылу, инфаркт, қан құю,ісік өсу, аллергия және т.б жатады.
Үлестірмелі материалдар.кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.


Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1.Қабыну дегеніміз не?
2.Қызба түрлері
3.Альтерация және эксудация
Негізгі әдебиеттер.
1. Ахметов Ж. Б. «Патологиялық анатомия» 1,2том 2008ж.
2. Ахметов. Ж. Б. «Патологиялық анатомия» 2004ж.
3.Струков А. И., Серов В.В. «Патологическая анатомия». 2010ж.
Қосымша әдебиеттер.
1. Серов В.В., Пальцев М. А., Ганзен Т.Н. «Руководство к практическим анятием по патологической анатомии» 1998г.
2. Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии» 2008г.

Модуль 2. Бұлшық ет физиология ,анатомия және патология
4 Тақырып. Миология
Мақсаты.
Қаңқа бұлшықеттерінің құрылымын, дамуын, жіктелуін және биомеханикасын оқып білу. Бас, мойын және тұлға бұлшықеттерінің құрылымын, дамуын, жіктелуін және биомеханикасын оқып білу.
Дәріс жоспары
1.Бұлшық ет анатомиясы
2.Бұлшық еттің түрлері
3.Бұлшық ет сезім аппараты


Дәріс тезистері.
Жоғары омыртқалы жануарлардың организмінде және адамдарда екі түрлі бұлшықетті тінді ажыратады: тегіс (жолақсыз) және көлденең жолақты (сызықты). Соңғысы қаңқалы және жүректі тіндерден құралған. Тегіс бұлшықетті тіндер тамырлардың қабырғаларының құрамына кіреді және көптеген ішкі ағзалардағы бұлшықетті қабық түзеді. Көлденең жолақты бұлшықеттер тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлігі болып табылады, олар сүйектерге бекіп, оларды қозғалысқа келтіреді, денедегі қуыстардың қабырғаларын құрастыруға қатынасады, кейбір ішкі ағзалардың құрамына кіреді.(жұтқыншақ, өңештің жоғарғы бӛлігі, көмей), көздің қосалқы ағзаларының құрамына кіреді (көз алмасының сыртқы бұлшықеттері), дабыл қуысындағы есту сүйекшелеріне әсер етеді. Бұлшықетті талшықтар бұлшықеттің ортаңғы бөлігі – қарыншаны, venter, түзеді. Оның екі жағында сіңірлер орналасқан. Бұлшықеттердің біртұтас жіктеуі жоқ. Бұлшықеттерді адам денесінде орналасуына байланысты, пішіні бойынша бұлшықет талшықтарының бағытталуы бойынша, қызметтері бойынша, буындарға қатынасы бойынша, кӛлемі байланысты жіктейді. Бұлшықеттер жиырылған кезде өздерінің қызметін қосалқы аппараттың қатысуы арқылы іске асырады. Оларға шандырлар, сіңірлердің қынаптары, синовиалдық қаптар және бұлшықеттік шығыршықтар жатады. Бұлшықеттің құрылымдық-қызметтік бірлігі көлденең жолақты бұлшықеттік талшық болып табылады. Соңғысы сыртқы қабықпен (сарколемамен) қапталған, ішінде ядро, саркоплазма, әртүрлі органеллалар жалпы қолданысқа арналған және жеке жиырылғыш элементтерден – миофибриллалардан тұрады. Бұлшықеттердің әсері рычаг типті жүзеге асады, себебі сүйектер бір-бірімен буындар арқылы байланысады. Үш түрлі тіреуішті ажыратады: тепе-теңдік тіреуіш, күш тіреуіші және жылдамдық тіреуіші.
Бұлшыкет орталық нерв жүйесінен келетін импульстардың әсерінен жиырылатындықтан, әрбір бұлшықет онымен нервтер арқылы байланысқан: «бұлшықет сезімінің» өткізгіші (И. П. Павлов бойынша, қозғалыс анализаторы) болып табылатын афферентті нервтермен және оған нерв қозуын әкелетін эфферентті нервтермен байланысқан. Одан басқа, бұлшықеттерге симпатикалыұ нервтер келеді, солардың әсерінен тірі организмдердегі бұлшықет үнемі тонус деп аталатын біршама жиырылу күйінде болады. Бұлшықеттерде өте күшті зат алмасу жүреді, сонымен байланысты олар қан тамырлармен бай жабдықталған. Қан тамырлары бұлшықетке оның ішкі бетінен бұлшықет қақпалары деп аталатын бір немесе бірнеше пунктен өтеді. Бұлшықет қақпаларына қан тамырларымен бірге нервтер де еніп, олармен бірге бұлшықет қабатында оның шоғырларына сәйкестене (ұзына бойына және көлденең) тарамдалады.
Бұлшықетте белсенді жиырылатын бөлігін — қарыншаны және пассивті, соның көмегімен сүйекке бекитін бөлігін — сіңірді ажыратады. Сіңір тығыз дәнекер тіннен тұрады және қызыл-қоңыр түсті бұлшықет қарыншасынан тым өзгеше келетін жылтыр ақшыл-алтын түсті Көбіне сіңірлер бұлшықеттін екі шетінде орналасады. Ол өте қысқа болса, бұлшықет сүйектен басталатын немссе оған тікелей қарыншасымен бекитін сияқты көрінеді. Зат алмасу аздау жүретін сіңір бұлшықет қарыншасына қарағанда қан тамырларымен кемдеу жабдықталады. Сөйтіп қаңқа бұлшықеті тек көлденең жолақты бұлшықет тінінен ғана емес, сонымен бірге дәнскер тіннің әр түрінеи (perimysium) (сіңір), нерв тінінен (бұлшықет нервтері), эндотелийден және бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан (қантамырлары) тұрады. Алайда көлденең салалы бұлшықет тіні басым келеді, оның қасиеті (жиырылғыштығы) бұлшықеттің жиырылу ағзасы ретіндегі қызметін анықтайды. Әрбір бұлшықет белгілі бір өзіне тән пішіні, құрылысы, қызметі, дамуы және организмдегі өзіндік жағдайы бар жеке ағза, яғни тұтас түзіліс болып табылады.
Саңсыз көп бұлшықеттердің (олар 400-ге жуык) пішіні, құрылысы, қызметі және дамуы әр алуан болады. Пішіні жағынан бұлшықеттерді ұзын, қысқа және жалпақ деп бөледі. Ұзын бұлшықеттер қозғалыс рычагтарына сәйкес келеді де, сондықтан көбіне қол-аяктарда кездеседі. Олар ұршық пішінді, сонымен бірге олардың ортаңғы бөлігі қарынша, venter, бұлшықеттің басталатын жеріне сәйкес келетін бір шеті — басы, caputі, ал екінші шеті — құйрық, cauda деп аталады. Ұзын бұлшықеттердің сіңірі — tendo, жіңішке таспа тәрізді болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет