Гиалиноз (грекше hyalos — мөлдір, шыны тәріздес) тіндерде біртекті, күңгірт, гиалин шеміршегіне ұқсас, қатты заттардың пайда болуымен сипатталады. Гиалиноз дәнекер тінде, ағзалар стромасында және қан тамырлары қабырғаларында көрінеді. Гиалинозқан тамырларының өткізгіштігі өте артып кеткенде, олардың қабырғасындағы талшықтық құрылымдар, өзгергенде, фибриноидтықісінуден соң склероз және некроз нәтижесінде пайда болады.
Гиалинніңхимиялық құрамына байланысты 1) жай гиалин, 2) липогиалин, 3) күрделі гиалин түрлерін ажыратады.
Жай гиалин негізінен қан плазмасынан құралған, оның пайда болуы, қан тамырлары кемерінің өткізгіштігінің күшеюімен байланысты
Липогиалин қантты диабет ауруында кездеседі, оның құрамы негізінен липопротеидтерден тұрады.
Күрделі гиалиннің туындауы қан тамырларына иммундық кешендердің шөгіп қалуына байланысты. Бұл гиалиннің құрамында фибрин және деструкцияға ұшыраған қан тамырларының элементтері көрінеді.
Гиалиноздың жергілікті және жалпы түрлері бар,
Жергілікті гиалиноз каллоидты тыртықтарда, сірлі қуыстардың фиброзында, тромбтарда, ісіктердің стромасындакездеседі.
Жалпы гиалиноз гипертония ауруында, ревматизмдік ауруларда көптеген ағзалардың қан тамырларында және стромасында көрінеді.
Амилоидоз деп зат алмасуының өте ауыр түрде бұзылуы нәтижесінде ағзалардың аралық тінінде құрамы өте күрделі, қалыпты жағдайда кездеспейтін, аномалды белоктық заттың түзілуін айтады. Микроскоппен қарағанда аралық тінде біртекті, гиалингеұқсас зат көрінеді. Бірақ йодтың люголь ерітіндісімен амилоид қоңыр-қызыл түске, басқа тіндер және гиалин сары түске боялады;
Үлестірмелі материалдар.кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1.Гиалиноз дегеніміз не?
2.Фибриноидты ісіну
3.Мукоидты ісіну
Негізгі әдебиеттер.
1.Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007 – С. 22 – 25, 75-80.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во
ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 73-87
2.Ә.Н.Нұрмұхамбетовтіңредакторлығымендәрістер курсы: Патофизиология в схемах и
таблицах: – Алматы: Кітап, 2004 – С. 17-22.
3.Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 30 -38
4.Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина,
Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002 – С. 8-14.
Достарыңызбен бөлісу: |