Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет5/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Альтерациятіннің зақымдануы. Альтерацияның біріншілік және екіншілік түрлері болады. Біріншілік альтерация негізгі себептің әсерінен дамиды. Мысалы, механикалық фактордың әсерінен сүйектің сынуы, терінің жыртылуы. Екіншілік альтерация зақымдаушы фактордың дәнекер тіндерге, тамырларға, қан құрамына әсер етуінен дамиды. Екіншілік альтерация біріншілік альтерацияның салдарынан болады. Яғни оның дамуы үшін флогогеннің қажеті жоқ. Сонымен қатар ол зақымдануға ағзаның реакциясы болып саналады.
Альтерация кезінде қабынған аймақта морфологиялық өзгерістер тіндермен жасушалардың толық деструкциясымен және өлуі мен сипатталады. Жасушаларда жасуша цитоплазмасының ісінуі және белокты, майлы дистрофиялар байқалады. Жасуша мембрамасының және оның органеллаларының өткізгіштігі жоғарылайды. Бұл өзгеріс субклеткалы құрылымдардың бұзылуына ықпал етіп, әртүрлі ферменттердің шығуына жағдай жасайды. Стромадамукоидты және фибриноидты ісінуі байқалады. Қабыну кезінде көмірсулар тарапынан зат алмасу процесі күшейеді. Гликолиз тіндік ферменттердің белсену нәтижесінде күшейіп, қабынған тіннің оттегіге қажеттілігі артады.
Қабыну ошағына лейкоциттер, лизосомалды ферменттердің жиналуы көмірсуларда анаэробты жолмен ыдыратады, сонымен қатар митохондриялардың зақымдануы және санының азаюынан тотығу әлсірейді, ал гликолиз процесі күшейеді. Көмірсулардың ыдырауы белгілі мәресіне жетпей қалады. Тыныс коэффициенті төмендейді. Тіндерде көмірсу алмасуының тотықпаған өнімдері, яғни сүт қышқылы және үшкарбон қышқылы жиналып қалады. Сонымен қатар белок, май алмасуының бұзылыстары нәтижесінде, қабыну аймағында, май қышқылдары, кетон денелері, полипептиттер, аминқышқылдарының саны артып, нәтижесінде ағзада ацидоз дамиды.
Қызбаның түрлерін атаңыз.
Қызба тудырушы факторларды пирогендер (pyros- от жалын) деп атайды. Пайда болу себептеріне қарай қызбаның инфекциялық және инфекциялық емес болып түрлерін ажыратады.
Инфекциялық қызба - бактериялардың, вирустардың, қарапайым жануарлардың, майда саңырауқұлақтардың, саңырауқұлақтардың әсерлерінен дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет