Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы


Қаңқа сүйектерінің тұтаса байланыс түрлері



бет2/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Қаңқа сүйектерінің тұтаса байланыс түрлері. Тұтаса байланыс (непрерывноесоединение, илисращение) — synarthrosis — қаңқа сүйектерінің бір-бірімен түрлі ұлпалар (тканьдер) арқылы байланысын қамтамасыз етеді. Байланысқан сүйектердің аралықтарында ешқандай қуыс қалмайды. Демек, сүйектер аралықтарындағы қозғалыстың сипаты, оларды байланыстыратын ұлпалардың қасиеттеріне байланысты болады. Қаңқа сүйектерін байланыстыратын ұлпалардың түрлеріне сәйкес, сүйектер тұтаса байланысының бес түрі ажыратылады:
1. Синсаркоз (мышечноесращение) — synsarcosis — сүйектердің бұлшық ет арқылы байланысы. Синсаркозға жауырын мен тоқпан жіліктің бұлшық еттер арқылы тұлға сүйектеріне байланысын жатқызуға болады. Синсаркозды байланыста сүйектер аралықтарында ауқымды қимыл байқалады.
2. Синэластоз (эластическоесращение) — synelastosis — сүйектердің серпімді (эластинді) талшықты дәнекер ұлпасы арқылы байланысы. Синэластозға бассүйектің, мойын омыртқаларының және көкірек омыртқалары жоталық өсінділерінің өзара желке, сондай-ақ, омыртқа доғалары мен жота өсінділері аралықтарындағы эластинді байламдар арқылы байланысын жатқызады. Сүйектер аралықгарында серпімді қимыл байқалады.
3. Синдесмоз (соединительнотканноесращение) — syndesmosis — сүйектердің талшықты дәнекер ұлпасы арқылы байланысы. Жануарлар организмінде мұндай байланыстың үш түрі кездеседі. Олар: 1. Жұқа талшықты жарғақ (membrana) арқылы сүйектердің байланысы. Бұған шүйде-атлант буынындағы, құйымшақпен жамбас-сүйекаралықтарындағыколлаген талшықтарынан тұратын жұқа жарғақтар жатады. 2. Байлам (ligamentum) арқылы сүйектердің өзара байланысы. Байлам тым берік коллаген талшықтары шоғырлы будаларынан құралған сіңір. Бұған иттің кәрі жілігі мен шынтақ сүйегі аралығындағы сіңірді жатқызуға болады. 3. Жік (sutura) сүйектер арасындағы тым жұқа дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы олардың байланысы. Жіктік байланысқа жас төлдердің жалпақ бассүйектері аралықтарындағы пішіні әр түрлі жұқа жіктер жатады. Сүйектер аралықтарындағы қимыл шектеулі болады.
4. Синхондроз (хрящевоесращение) — synchondrosis — сүйектердің шеміршек ұлпалары арқылы байланысы. Синхондрозға омыртқа денелері мен төссүйек бөліктері аралықтарындағы және қабырғалардың төссүйекпен байланысы жатады. Сүйектераралықтарындағы қимыл тіптен шектеулі.
5. Синостоз (костноесращение) — synostosis — сүйектердің сүйек ұлпасы арқылы байланысы. Байланыстың бұл түріне, яғни сүйектенуге ересек жануарлар бассүйектерінің, құйымшақ омыртқаларының,
жамбас сүйектерінің, кейбір тізе және тілерсек сүйектердің байланысы жатады. Сүйектер аралықтарында қимыл тіптен болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет