Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет3/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Үлестірмелі материалдар.кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1. Адам анатомиясы дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
2. Анатомия нені зерттейді?
3. Анатомияның түрлерін атаңыз.
4. Тіндердің түрлері. Әрбір тін қандай қызмет атқарады?
5. Ағза, ағазаларжүйесі, ағзалар аппараты дегеніміз не?
Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013
5. Адам анатомиясы : оқулық - Алматы : ЖК "Ақнұр", 2013.

      1. Қосымша әдебиеттер.

1. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ том. Астана: «Фолиант», 2005.

2 Тақырып.


Жалпы нозология. Этиология және патогенез
Мақсаты. Медициналық білім беру жүйесінде патологиялық физиология пәнінің маңызы туралы түсініктерді қалыптастыру, жалпы нозологияның негізгі түсініктерін меңгеру
Дәріс жоспары:

  1. Жалпы нозология, жалпы нозологияның негізгі түсініктері. Денсаулық және ауру. Аурудың негізгі нышандары. Ауру алды туралы түсінік.

  2. Дерттік үрдіс, дерттік серпіліс, дерттік жағдай.

  3. Аурудың сатылары, сипаттамалары.

  4. Өлім, өлу кезеңдері, сипаттамасы.

  5. Тірілтудің ұстанымдары. Тірілтілген ауру туралы түсінік.



Дәріс тезистері.
Нозология – ауру туралы жалпы ілім ( грекше nosus-ауру).
«Денсаулық– бұл аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық,
психикалық және әлеуметтік толық сәттілік жағдай» БДСҰ.
«Ауру – әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы» И.Петров.
Аурудың нышандары
Науқастың шағымы
Дерттің айғақты әйгіленімдері
Қоршаған ортаға науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің төмендеуі
Еңбекке қабілетінің төмендеуі
Ауру алды – денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай.
Ауру алдының нышандары
Жүктеме кезінде бейімділік мүмкіншіліктерінің шектелуі
Байқалған өзгерістердің қайтымдылығы
Жүктемелік сынамалармен анықталады (Мартине, Генче, Штанге)
Дерттік серпіліс –(re – қарсы, action - әсер, серпіліс) –қандай да бір әсерге организмнің қысқаша, биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауабы
Дерттік үрдіс – зақымдану кезінде әрі қорғану бейімделу және әрі зақымдану серпілістерінің
жиынтығы
Біртектес дерттік үрдістер:
Адам мен әртүрлі жануарларда бірдей деңгейде өтеді,
Көп себепті (полиэтиологиялы),
әртүрлі ағзалар мен тіндерде өтеді,
айқындығы аз немесе жоғары қорғану-бейімделулік маңызы бар,
эволюцияда барысында түзілген
Дерттік жағдай –организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу.
Аурудың сатылары:
аурудың басталуы
нағыз ауру сатысы
аурудың аяқталуы
Жұқпалы аурулар сатысы:
инкубациялық кезең
хабаршы сатысы
айқындалу кезеңі
аурудың аяқталуы
Аурудың аяқталуы
сауығу (толық, шала)
созылмалы түрге ауысуы
өлім
Этиология (грекше aitia – себеп, logos-ілім) - аурулардың себептері мен себепкер жағдайларытуралы ілім.
Себеп – ауруды дамытатын және оған арнайы белгі беретін жайт.
Себепке тән:
Ауру дамуының алдында әсер етеді
Аурудың ауыртпалығы мен ауру туындатушы жайттардың қарқындылығы арасында тепе-теңдік бар
Ауру туындатқан жайтты аластатқанда ауру белгілері жойылады және науқастың сауығуыдамиды
Себепті пайдалана отырып аурудың үлгісін жануарларда алуға болады.
Жағдай – аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жайттар
Патогенез (грекше pathos – ауру, дерт, genesis - даму) – аурудың даму тетіктері, ағымы, аяқталуытуралы ілім.
Патогенез – ауру кезінде туындайтын организмнің бейімделуі мен зақымдануының өзара
байланысты үрдістерінің жиынтығы.
Патогенездегі негізгі тізбек – патогенездің келесі тізбектерінің дамуына әкелетін және аурудыңарнайы көріністерін беретін тізбек.
Патогенездегі кері айналып соғу шеңбері (circulusvitiosus) – патогенездің тізбектерінің арасындасоңғы тізбек алдыңғысын күшейте түсетін, патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастыңтұйықталуына әкелетін және салдар себептің әсерін күшейтетін оң кері байланыстың түзілуі.
Аурулардың алдын алу мен емдеудің этиотропты ұстанымы – аурудың себебін аластатуға жәнеорганизмнің төзімділігін арттыруға бағытталған шаралар
Патогенездік ем – патогенездің негізгі және басқа да тізбектерін жоюға бағытталған шаралар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет