Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет16/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Үлестірмеліматериалдар.кестелер,ағзамуляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1. Тыныс алу мүшелеріне анықтама беріңіз
2. Тыныс алу жүйесінің мақсаты және міндеті
3. Тыныс алу жолының бөлімдерін атаңыз
Негізгі әдебиеттер.
1.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқуқұралы /. - Алматы :Эверо, 2016. - 292 бет. с.
2.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап :оқуқұралы . - Алматы :Эверо, 2016. - 248 бет. с.
3.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 1. Сүйектертуралыілім. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014
4.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 2. Ас қорытужүйесі. Тынысалужүйесі. Несеп-жынысжүйесі. Эндокриндікбездер. Тамырлартуралыілім. Лимфа жүйесі- М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.
Қосымша әдебиеттер.
1.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 3. Жүйкежүйесі. Сезіммүшелері: оқулық / А. Р. Рақышев. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 376 бет
2.Рақышев, А. Р. Адам анатомиясы. 1-кітап оқулық / А. Р. Рақышев. - 2-бас., түзет. жәнетолықт. ; ҚР Жоғарыоқуорындарыныңқауымдастығы. - Алматы :Дәуiр, 2009. - 420 бет.
11 Тақырып.Тыныс алу жүйесінің физиологиясы
Мақсаты.
Тынысалудепауаданоттегінсіңіріп, көмірқышқылгазыншығаруынқамтамасызететінөзарабайланыстыкөптегенүрдістердіайтады. Оттегініңқатысуыменорганизмдетотығуүрдісіөтеді. Құрамындағыорганикалықзаттардыңтотығуынәтижесіндежасушалар мен тіндердетіршіліккеқажет энергия пайдаболады.
Дәріс жоспары
1.Сыртқы тыныс алу
2.Газ алмасу
3.Өкпе вентиляциясы
Дәріс тезистері.
Тыныс алу жүйесі – мүшелер мен ұлпаларға қоршаған ортадан оттегін жеткізіп, көмір қышқыл газын сыртқа бөліп шығаруды қамтамасыз етеді. Сыртқы тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу (инспирация) және демшығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмір бойы бірінен соң бірі белгілі бір ырғақпен алмасып отырады. Тыныс алу процесінің нәтижесінде организмге түскен оттегі клеткаларға жеткізіліп, онда ол биохимиялық реакцияларға қатысады. Аталған процесс мына тәртіпте орындалады:
1. Сыртқы тыныс алу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп,
өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру;
2. Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы
газдардың алмасуы;
3. Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;
4. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасуы;
5. Ішкі тыныс алу - клетка құрамындағы органикалық заттардың тотығуы.
Көмір қышқыл газын шығару процесі де оттегін пайдалану жүйесіне ұқсас, керісінше жүретін төрт процесс арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші және екінші кезеңдері өкпелік немесе сыртқы тыныс алу деп аталады. Ал, үшінші кезеңін қан арқылы газдардың тасымалдануы десе, төртіншісін - тканьдік (ішкі) тыныс алу деп атайды.
Газдарды тасымалдау тізбегіндегі алғашқы буын өкпе вентиляциясы. Альвеолдар мен қан арасындағы газдар алмасуы аэрогематикалық, ал ұлпалар мен қан арасындағы гематопаренхиматоздық кедергілерге ұқсас, кедергінің екі жағындағы оттегі мен көмір қышқыл газының меншіктік қысым күйіне байланысты диффуздық жолымен орындалады. Оттегінің басым бөлігі қандағы эритроциттердің құрамында болатын гемоглобин арқылы, ал көмір қышқыл газы – гидрокарбонат және карбамингемоглобин түрінде тасымалданады. Өкпедегі көмірқышқыл газын шығарудың нәтижесінде қанның оттегімен байланысқа түсуі жеңілденеді, көмірқышқыл газы ұлпалардаң қанға өту арқылы оттегін беруді жеңілдетеді. Аталған процесстердің бәрі, ең соңында, ұлпа клеткаларындағы оттегі кернеуінің тұрақты сақталуына бағытталған.
Өкпе вентиляциясын қамтамасыз ететін тыныс алу еттерінің үйлесімді жиырулары, тыныс алудың орталық механизмі – ми бағанасындағы арнаулы нейрондар құрылымдары арқылы басқарылады. Аталған механизмнің ырғақтылық әрекеті демді ішке тарту барысындағы инспираторлық нейрондар активтілігінің артуы мен тыныс алудың соңындағы олардың ажырау процестерінен тұрады. Бұл белсенділік мидағы клеткалардан тыс сұйықтықтағы сутегі иондарының концентрациясы мен көмірқышқыл газының кернеуіне сезімтал, бульбарлықхеморецепторлардан және осы факторлармен қатар, оттегі кернеуіне сезімтал артериялық хеморецепторлардан шығатын серпімділікпен анықталады. Артерия қанында, газ құрамының тұрақтылығыда осындай жолмен белгілі деңгейде тұрақты болады. Тыныс алу жүйесіндегі механорецепторларды, әсіресе өкпе ұлпаларын созатын рецепторларды үдету демді ішке тартуға, дер кезінде тоқтатып, оның сыртқа шығарылуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде тыныс алу еттері энергияны аз мөлшерде шығындай отырып, қажетті газ алмасуын қамтамасыз етуге бағытталған тыныс алу паттерні қалыптасады
Қалыпты жағдайда адамның тыныс алу айналымы «дем алу»-«дем шығару» минутына 12 - 16-ға дейін болуы мүмкін. Тыныс алудың бұл түрі эйпноэ деп аталады. Сөйлеу және тамақтану кезінде тыныс алу уақытша өзгереді: апноэ - дем алғанда немесе демді шығарғанда тыныс алудың тоқтауы пайда болады. Физикалық, еңбек жүктемелері кезінде, оттегіні көп пайдаланудан, гиперпноэні байқауға болады, басқаша айтқанда тыныс алудың тереңдігі мен жиілігі арттады. Адам ұйықтағанда да тыныс алу паттерні өзгереді: баяу (ортодоксалды) ұйқы кезеңінде тыныс алу сирек және тыныс алу қозғалыстардың амплитудасы төмен боп келеді, ал парадоксалды кезеңінде - бұл көрсеткіштері ұлғаяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет