Қосымша әдебиеттер.
1.Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск:Том.ун-та, 2001, С. 33-37.
№13Тақырып.Жүрек -қантамырлар жүйесі анатомиясы
Мақсаты.
Қан тамырлар жүйесiнiң құрылыс ерекшелiктерiн және қызметін оқып білу. Жүрек насостық қызметі, камералары туралы түсінік білу
Дәріс жоспары
Жүректің және жүрек қаптың топографиялық анатомиясы.
Жүректің қақпақтық аппараттарының анатомиясы және топографиясы.
Жүректіңкеудеклеткасындағыкескіні.
Дәріс тезистері.
Жүрек-қан тамыр жүйесінің анатомиялық құылымын табу және білім алушыларға көрсету. Тамырлар жүйесiбөлiнедi: 1) Қан тамырлар жүйесi. 2) Лимфатикалық жүйе. Қан тамырлар жүйесi – жүрек, тамырлар және капиллярлар. Жүрек 2 жартыдан тұрады, артериалды, венозды. Аорта сол қарыншадан артериальдi қанды алып, бүкiл организмге таратады. Шашта, тырнақтарда, көздiңмүйiздi қабатында тамырлар болмайды. Микроциркуляция – микроскопиялық деңгейдегі тамырлар арнасының қан мен лимфа арасындағы қозғалысы. Коллатеральды қан айналымы бүйірлік жанама қан тамырлары арқылы жүретін қан ағымы. Капиллярдың физиологиялық маңызын айту керек – олардың арқасында клеткалар қоректенедi, артериальдi қан веноздық қанға айналады. Барлық венозды қан оң жүрекшеге құяды, осы жерде үлкен қан айналым шеңберiбiтедi, кiшi қан айналым шеңберi оң қарыншадан өкпе бағанасы болып басталады да өкпеге бағытталады, онда газ алмасу процесiжүредi. Лимфа тамырларының бойында лимфа түйiндерi орналасқан, басты лимфа бағаналары жоғарғы қуыс венаға құяды. Лимфа органдардың өмiр сүру продуктiсi болып саналады. Қан және лимфа тамырлары әр уақытта құрамына формалық элементтер кіретін қан және лимфамен толтырылған. Формалық элементтер жілік майындағы бағандық клеткаларының өсіп-өну нәтижесінде дамиды. Клеткалардың бір бөлігі осы жерде пайда болып, одан әрі айырша безде дамиды. Сондықтан жілік майы мен айырша без орталық қан жасаушы ағзалар деп аталады. Клеткалардың арнаулы формаларға айналу жолдарындағы өзгерістерінің едәуір бөлігі лимфа түйіндері мен көкбауырда іске асады, сондықтан оларды шеткі қан жасаушы және иммундық жүйе мүшелері деп атайды.
Жүректің оң және сол құлақшалары жәнеоңжақ,сол жүрекше мен қарыншалары бар.
Жүрекше мен қарынша арасында тәждік жүлге орналасқан, оларды бөліп тұрады. Қарыншалар арасын да жүлге бөліп тұрады. Алдыңғы қарынша аралық жүлге төс-қабырғалық бетінде(диагонал бойынша)сол жақ шекарасында жақын орналасқан және қарынша аралық бөлгішке(перегородка) сәйкес келеді. Артқы қарынша аралық жүлге көк етті бетінде орналасқан.
Голотопиясы: Жүрек(cor)–кеуде қуысында, алдыңғы кеуде аралықта, медиастиналдіплевралардың арасында, перикард ішінде орналасқан. Жүректің көп бөлігі(2/3) кеуде қуысының сол жақ бөлігінде, аз бөлігі (1/3) оң жақ бөлігінде орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |