Үлестірмелі материалдар.Кестелер,муляждар,тесттер,бақылау сұрақтары
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1.Ас қорытылу физиологиясы дегеніміз не?
2.Ферменттер қызметі
3. Сіңірілу қызметі
Негізгі әдебиеттер.
1. Бабский Е.Б., Бабская Н.Е. Адам физиологиясы:Оқулық 1-2-3 том.-Эверо, 2015.
2. Қалыптыфизиология :оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2015.
3. Нұрмұхамбетұлы, Ә. Орысша- қазақшамедициналық (физиологиялық) сөздік = Русскоказахский медицинский - Алматы :Эверо, 2014.
4. Қалыпты физиология: оқулық ; ред. Л. З. Тель - М. : "Литтерра", 2015
Қосымша әдебиеттер.
1. Қасымбеков, В. Қ. Қалыпты физиология бойынша ахуалдық есептер жиынтығы : оқуәдістемелік құрал /. - Алматы : Эверо, 2016.
2. Қасымбеков, В. Қ. Физиологиялық зерттеу әдістері : оқу- әдістемелік құрал / Алматы : Эверо, 2016.
3. Сайдахметова, А. С. Физиологиядан тәжірибелік сабақтарға нұсқаулар : оқу құралы / А. С. Сайдахметова, С. О. Рахыжанова. - Караганды : АҚНҰР, 2016.
№9 Тақырып.
Ас қорыту жүйесінің патологиясы .
Мақсаты.
Дәріс жоспары
1.Ас қорытылуының жеткіліксіздігі
2. Асқазандағы ас қорытылудың бұзылуы
3. Ішектердегі қорытудың бұзылыстары
Дәріс тезистері.
Ас қорытылуының жеткіліксіздігі
Ас қорытылуының жеткіліксіздігі деп - ағзаға түскен тамақтың қорытылмауына әкелетін ас қорыту жолдарының жағдайларын айтады.
Ас қорыту жүйесі ағзаға түскен тағамдық заттарды қорытып, оның ішінде қажеттісін сіңіріп, керексіз бөлігін шығарып маңызды қызмет атқарады. Әр түрлі патологиялық жағдайларда ас қорыту жүйесінің қызметтері бұзылады. Осы қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын патологиялардың ішінде, ас қорыту жетіспеушілігі маңызды орын алады.
Ас қорыту жетіспеушілігі кезінде, ас қорыту жолдарының кез-келген бөлімінің қызметі бұзылуы мүмкін Ауыз қуысына тағам түскеннен кейін ол жерде механикалық өндеуден өтеді, яғни ұсақталып, сілекеймен шыланып, өрі қарай өңешке өтеді. Сонымен қатар ауыз қуысынан бөлінетін сілекейдің құрамындағы ферменттердің көмегімен көмірсулар ыдырап, микроорганизмдер жойылып тұрады. Мысалы, альфа амилаза ферментінің әсерінен көмірсулар ыдырасады. Ал лизоцим микробтарды жояды.
Ауыз қуысындағы ас қорыту бұзылысының мынадай түрлерін айырады.
- Тәбет бұзылыстары
Достарыңызбен бөлісу: |