Салық мөлшері мен салық түсімдерінің көлемі арасындағы байланысты қандай қисық сипаттайды?
А) Салықтарға деген сұраныс қисығы
В) Лоренц қисық сызығы.
С) Лаффердің қисық сызығы
D) Филлипс қисығы
Е) Салықтарды анықтау қисығы
ТАҚЫРЫП 14. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ.
МАҚСАТЫ: экономикадағы ақша жүйесінің құрылымын және несие-банк қатынастарын қарастыру
ТАЛҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары
2. Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР: ақша жүйесі, ақша айналымы, ақша массасы, ақша агрегаттары, несие, банк, орталық банк, коммерциялық банктер, т.б.
Ақшалар айналыс құралы ретінде қоғамның экономикалық әрекеттерін келісімді түрде реттеуге мүмкіндік береді.
Ақша жүйесі – бұл тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңымен бекітілген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы, жеке элементтері белгілі бір бірлікте болатын жүйе.
Ақша жүйесінің негізгі элементтері:
ақша бірлігі мен баға атаулары;
ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
нақты ақшаны қажет етпейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
ұлттық валютаның бағамы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын қаржы-несие органдары жүзеге асырады.
Ақша массасы – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы. Ақша массасының көмегімен шаруашылықтағы тауарлар мен қызметтердің айналымы жүріп отырады. Ақша массасының шамасы ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысы факторларына тәуелді болып табылады.
Ақша массасының құрылымын ақша агрегаттары анықтайды.
Ақша агрегаттары:
М0 = айналыстағы қолма-қол ақшалар;
М1 = М0 + жинақ банктеріндегі, коммерциялық банктердегі халықтың және кәсіпорындардың талап етілгенге дейінгі депозиттері, халықтың және кәсіпорындардың есеп-айырысушылық және ағым-
дық шоттардағы қаржылары, саяхатшылардың чектері;
Достарыңызбен бөлісу: |