Химияда эквивалент, эквиваленттік масса түсініктерін кеңінен қолдану нәтижесінде эквиваленттер заңы ашылады; Заттардың бір – бірімен әрекеттесетін мөлшері олардың химиялық эквиваленттеріне пропорциона
Химиядаэквивалент, эквиваленттік масса түсініктерін кеңінен қолдану нәтижесінде эквиваленттер заңы ашылады; Заттардың бір – бірімен әрекеттесетін мөлшері олардың химиялық эквиваленттеріне пропорционал болады.
Химияда эквивалент, эквиваленттік масса түсініктерін кеңінен қолдану нәтижесінде эквиваленттер заңы ашылады; Заттардың бір – бірімен әрекеттесетін мөлшері олардың химиялық эквиваленттеріне пропорционал болады.
Элементтердің валенттіліктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру
Екі элемент бірігіп көбіне биэлементті қосылыстар түзеді. Олардың формулаларын дұрыс жазу үшін құрамына кіретін элементтердің валенттік мәндерін білу жеткілікті. Мысалы, марганец оксидінің формуласын құруды мынадай ретпен іске асырайық: алдымен қосылыстың құрамына кіретін екі элементтің таңбасын жазып, үстіне рим сандарымен валенттігін көрсетеді: MnO, әрі қарай валенттік мәндеріне сай ең кіші ортақ еселікті табады 2 * 7 = 14, содан соң ортақ еселіктің мәнін әр элементтің валенттілігіне бөліп,олардың атомдарының арақатнасын шығарады 2 \ 7. Осы сандарды индекс ретінде өз орындарына қойып,іздеп отырған формуланы құрады Mn2O7.Биэлементті қосылыстың формуласын құрған кезде оның құрамына валенттігі тұрақты белгілі атом кірсе,екіншісінің валенттігін білу арқылы заттың молекуласын табуға болады. Мәселен,V валентті фосфор мен оттектің қосылысының формуласын құруды кесте түрінде бейнелейік (кесте).