Көрнекті құралдар: Үлгі «Зымыран». «Мен, ғарышкер боламын» / слайд/ . «кемпірқосақ» үлкен түсті құрылыс жабдықтар.
Жапсыру жабдықтары: Жапсыру іс-әрекеті құрал-жабдықтары: қайшы түсті қағаздардан : тіктөртбұрыш, , сары-қызыл түсті шаршы, Желім, жұқа төсеніш, сүрткіш. Тастанды жабдық: жылтыр жұлдызшалар. Әдіс-тәсілдер:Тренинг, тыныс алу жаттығулары түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, құрастыру ойыны. «У» дыбысын қайталату жаттығуы
Мотивациялық ынталандырушылық
|
-Балалар қараңдаршы , айнала қандай тамаша!.
Тренинг:
« Армысың алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Армысың, көктем!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Тыныс алу жаттығулары: « Шөп арасынан не көрдің?
Мақсаты: Дұрыс тыныс алуға жаттықтыра отырып, ұшатын және ұшпайтын заттарды ажыратуға үйрету.
|
-Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Жасыл шөп бейнесіндегі түсті қағаздың астындағы бейнені үрлеу арқылы ажыратып, айтады.
|
|
-Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
-Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
-Балалар бүгін ғарышкерлер күні.
-Қане қайталайықшы.
-Сендер ғарыш туралы білгілерің келеді ме? Онда мына зымырандарға мініңдер. /Әр балаға зымыран бейнесіндегі қатты қағаз таратылып, балалар терезелерден бастарын көрсетеді.
Артикуляциялық жаттығу жасау:
-У-у-у-у-у-у!
Педагог «Мен ғарышкер боламын тақырыбында» слайдты көрсете әңгіме жүргізеді.
-Міне мынау біздің жер. Бұл жерде мен, сендер, сендердің ана-әкелерің, әже-аталарың, жануарлар, , балықтар, ағаш, жәндіктер және т.б тұрады. Бұнда жер де суда , өзен де ,көл де бар.
-Жердің пішіні қандай?
-Ғарыштан қарағанда ол осылай көрінеді.
|
-
-Көктем мезгілі.
-Күн жылынады, ағаш бүршік жарады, шөп шығады, құстар жылы жақтан ұшып келеді.
-Ға-рыш-кер-лер.
У-у-у-у-у-у!
-Жер дөңгелек.
|
|
-Мынау зымыран. Оны мынадай темір жолымен ұшыру алаңына алып келеді. Оны үлкен ағалар, яғни ғалымдар қарап, бақылап отырады.
-Ең алғаш аспанға ұшқан нелер? Қараңдаршы.
-Иттер! Олардың аты Белка және Стрелка.
Содан кейін ең алғаш адам ұшты. Ол Ю. Гагарин. Содан бері көптеген адамдар аспанға ұшып келіп жатыр.
-Ал мына ғарышкерлер ,ол біздің қазақстанның ғарышкерлері.Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.
Ғарышкерлер аспан әлемін зерттеу үшін ұшады.
-Кім өскесін ғарышкер болғысы келеді?
Сергіту сәті:
«Қане қанат жазайық,
Зымыран боп , ұшайық.
Ай бетінде болайық,
Қайта жерге қонайық.
|
Достарыңызбен бөлісу: |