«Дәстүрлі емес және жаңаратын энергия көздері»



бет7/18
Дата18.02.2017
өлшемі39,1 Mb.
#10383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Дәріс 6


(2сағат)
Тақырып. Күн энергиясының түрлену процесінің физикалық негізі
Дәріс сабақтың мазмұны

1. Күн сәулеленуінің қарқындылығы

2. р-n өтуінің фотоэлектрлік қасиеттері

3. Күн элементінің вольт-амперлық сипаттамасы

4. Күн элементтерінің құрылысы мен метериалдары
Күн сәулеленуінің энергия көзі ретінде Күндегі термоядролық реакция қызмет етуі болып табылады. Бұл энергияның негізгі бөлігі 0,2-3 мкм диапазонындағы электромагниттік сәулелену түрінде түсіріледі. Атмосфера арқылы күн сәулесі өткенде ол әлсізденеді, бұл көбінесе су буларының инфрақызыл сәулелелерін жұтуынан, озонмен, ауадағы шаң бөлшектері мен аэрозоль және газ молекулалары сәулесінің таралуы нәтижесінде ультаркүлгін сәулелелерін жұтуынан болады. Атмосфераның қарқындылыққа және жер қабатына дейін жететін күн сәулесінің спектрлі құрамына әсерін көрсететін параметр, бұл атмосфералық (немесе ауалық) масса (АМ). Ауалық массасы нөлдік АМ 0 шамада болғанда, сәулелену қарқындылығы ЕС=1360 Вт/м2. АМ 1 шамасы Күннің зенитальды орналасуы кезіндегі теңіз деңгейіне дейінгі бұлтсыз атмосфера арқылы күн сәулесінің өтуіне сәйкес келедеі. Күннің кез-келген уақытындағы жер қабатының кез-келген деңгейінің Ауалық массасы мына формуламен анықталады:
АМ (х)= , (3.1.1)
Мұндағы х – атмосфера қысымы, Па;

х0 – нормальды атмосфера қысымы (1,013*105 Па);

θ – көк жиек үстіндегі Күннің биіктік бұрышы.

Жер жағдайына сәйкес сипаттама АМ 1,5 шамасы болып табылады (θ≈42º). Күн сәулесінің интегралды бет тығыздығы Ес = 835 Вт/м2 кезіндегі стандарт бойынша қабылданған, бұл әртүрлі күн элементтерін зерттеу нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік береді. 14 – суретінде қабылданатын ауданға сәуленің перпендикуляр түсу кезінде жердік стандартталған (АМ 1,5) күн сәулесінің және атмосферадан тыс фотондар ағынының спектральды таралуы көрсетілген.

1 – антмосферадан тыс сәулелену (АМ 0); 2 – жердік стандартталған сәулелену (АМ 1,5); 3 – абсолютті қара дененің Тс = 5800 К кезіндегі спектр сәулелену.

14 – сурет. Күн сәулесінің фотондар ағынының спектральды таралуы Қосымша суреттегі штрихталған жері пайдалы қолданылатын фотондар үлесін көрсетеді.


Ұзын толқындардың λ сәулеленуінде болатын фотондар энергиясы, эВ, төмендегі қатынаспен анықталады
hν = h = , (3.1.2)
мұндағы h – Планк тұрақтысы, 6,626196(50)*10-34 Дж*с;

с – толқын жылдамдығы, 2,9979250(10)*108 м/с;

λ – толқын ұзындығы, мкм.

Электронвольт – электронды потенциалдар айырымы 1В болатын екі нүктенің арасына орналастыру үшін аяқтауға аранлған жұмыс. 1 эВ=1,6*10-19 Дж.

Толқынның шекаралық ұзындығынан бастап тиым салынған зона енімен Еg күн элементінің материалында фотондар жұтыла бастайды.
λг = .

Жартылай өткізгіште ұзынырақ толқын сәлеленуі жұтылмайды, осыдан фотоэлектрлік түрлендіру көзқарасына байланысты бұл пайдасыз.



Тиым салынған зона – әртүрлі материалдар ені бойынша энергетикалық деңгейдің болмауымен сипатталады.
р-n өтуінің фотоэлектрлік қасиеттері
Монокристалдық кремний негізіндегі күн эелементінің қарапайым конструкциясы 3.2.1 – суретінде көрсетілген. р-типтес кремниийлік пластина бетінен кішкене тереңдікте жіңішке металл байланыспен р – n - өтуі құрылған. Пластинаның артқы жағы түгелдей металл жанаспамен жабылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет