Қыз таңдау. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке – шешесіне сездіреді.
Қыз айттыру. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына » деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.
Жаушы жіберу. Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышына сыртына шығарып, екініш балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп, «қарағым көрпе сал» деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді.
Құда түсу тойы. Жігіттің туған – туысқандары құдалыққа қыз апуылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық – бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.