Девиантология



бет4/4
Дата27.03.2022
өлшемі107 Kb.
#136974
1   2   3   4
Байланысты:
девиантология 8 тапсырма
f218b035-5d11-45c5-82ee-ea5bec81455a-Химия-416228, 7-лекция, Переходка ЛАБА нов (6), Энергия алмасуы (1)
«Қиын бала» атанып, отбасын да, мектепте де қиындық тудырып, ауытқушы мінез – құлықтар, өзара қарым – қатынасы жойылып, өзіне - өзі баға беру шеттен тыс шығып жүрген жасөспірімдер туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.
Адам өмірге келген сәттен бастап, үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі қоғамда жасөспірімге сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді. С.Т.Холлдың пікірі бойынша «жасөспірім толыққанды дамуы үшін», өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет.
Қандай да бір олқылығы бар жасөспірімнің даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол жасөспірімнің дамуына кері әсерін тигізетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтік сипаттарынан, тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және солар ықпал еткен тәрбиеленушінің ішкі ұстанымынан құралады.
Жасөспірімнің дербестенуге ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың (бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының ) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен қақтығысқа түсу.
Ауытқушы мінез-құлық деп қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез - құлықты айтамыз. (И.А. Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.С. Кон ауытқушы мінез - құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс - әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Ауытқушы мінез - құлықтың концепциясына сәйкес кез - келген ауытқушылық бейімделудің бұзулуына алып келеді.
Ауытқушы мінез -құлық екі үлкен категорияға бөлінеді:
Біріншіден, бұл анық немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез -құлық.
Екіншіден, бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе құқықтық қалыптарды бұзатын ассоциалды мінез -құлық.
Мұндай әрекеттер аз болса да олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса, әрі жазаланса- қылмыс деп аталады.Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы ) және қылмыстық іс - әрекеттер туралы айтылып отыр.
С.А. Беличева ауытқушы мінез -құлықты әлеуметтік ауытқуын былайша жіктейді.

  1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние - мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып - салу, алаяқтық және т.б.) жасаған теріс әрекеттері.

  2. Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (бағыттану,бұзақылық, ұрып -соғу,өлтіру, зорлау)

  3. Енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, өзіне -өзі қол жұмсау)

Мінез -құлықты жасөспірімнің осы немесе басқа да ахуалының, оның даму тенденциясының күәгері ретіндегі феномен деп қарастыра отырып, біз мінез - құлықтың сырттай ұқсас ерекшеліктері индивид психикасында жүріп жатқан әр түрлі үрдістерден хабар беруі мүмкін екенін естен шығармауымыз керек.
Сондықтан да, жасөспірімнің қандай да бір мінез -құлқының ерекшілігінің ауытқушылық деп жіктемес бұрын, психолог оның ахуалын, тұрақтылығын, оның көріністерінің жиілігін, тұлғалық ерекшеліктерді, мінезді, оқушының жасын және т.б. ескеруі қажет. Тек содан кейін ғана қандай да бір пікір айтуға немесе ықпал ету іс - шараларын тағайындауға болады.
Кейде жасөспірім өзінің мінез - құлқы туралы пікірлердің шырмауына шалынып қалады. Соған сәйкес айдар тағылып, оның қоршаған адамдарымен өзара қарым - қатынас сипаты және ол туралы бағалап пікір айту жүйелері қалыптасады. Керісінше, мінез - құлықтың жағымпаздылығын немесе ыңғайлылығын (қызметшіл, сыншыл емес, назарының мұғалімде болуы, күткен түрде әрекет ету және т.б.) мұғалім жағымды деп бағалап, оны ынталандырады, ал оқушы болса сынып алдында еліктеудің үлгісі ретінде тартылады.
Ауытқушы мінез - құлықтары бар жасөспірімдердің мінез -құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен шақырылады. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез - құлықтағы өзгерістер біртіндеп жиналып көрінеді немесе бірден шарт кетеді. Бұған мысал ретінде тойтарыс беруі, қарсы шығуы, кетіп қалуы, аггрессияны келтіре аламыз. Осыдан кейін ауытқушы мінез - құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық комплекстер туындайды .
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез - құлқының себептері мен факторлары:
а) тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тәрбиеден бұзылғандығынан, мінез - құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан жасөспірімнің, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік -педагогикалық олқылықтар;
ә) жайсыз отбасылық қарым - қатынастардан, жасөспірімді тәрбиелеуде ұлттық салт - санада қалыптасқан этнофункционалдық ерекшеліктерді мүлдем ескермеуден, отбасыдағы жағымсыз психологиялық ахуалдан, оқудағы жүйелі сәтсіздіктерден, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым - қатынастың орнамағандығынан, ата - аналарының, мұғалімдердің , сыныптас жолдастарының және т.б. дұрыс емес әділетсіз, дөрекі, қатал қатынастарынан туындайтын тереі психологиялық жайсыздықтардан;
б) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы дағдайындағы ауытқушылықтарымен, жас ерекшелік дағдарыстарымен, мінез акцентуациясымен және басқа да физиологиялық және психоневрологиялық ерекшеліктер себептерімен;
в) қараусыз қалуымен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік - психологиялық ауытқушыбен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуымен.
Мінез - құлқында ауытқушылғы бар жасөспірімдердің мінезін, қарым - қатынасын, өзін - өзі бағалау ауытқушылығының алдын алу, оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік - құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез - құлықтың, қарым - қатынастың, өзін - өзін бағалауының психогенетикалық дағдыларына, дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік - педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын шығару қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет