Девиантология


Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері үшін жоғары деңгейдегі эмоционалды қозғалыстық тән екенін байқауға болады



бет2/4
Дата27.03.2022
өлшемі107 Kb.
#136974
1   2   3   4
Байланысты:
девиантология 8 тапсырма
f218b035-5d11-45c5-82ee-ea5bec81455a-Химия-416228, 7-лекция, Переходка ЛАБА нов (6), Энергия алмасуы (1)
Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері үшін жоғары деңгейдегі эмоционалды қозғалыстық тән екенін байқауға болады.
Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің қажеттілігінде тежеулер әлсіз, өзінің талаптану, тілек – ықыласы сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларды олар ата - аналарының, мұғалімдердің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау - жанжал тудырып жатады. Бұл жастағы жасөспірімдердің жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет.
Оларға айқайлау, белдікпен ұру, желкеден ұру сияқты көріністер керек емес. Керісінше жан – жақты көмек, адамдық сезімінің жылылығы шын көңілімен сүю, ұғу қажеттірек.
Тіпті жай ғана мысалды алып қарайық; егер де гүлді күтсең, суырсаң, жақсы қарасаң онда ол жайқалып өседі. Адамдарға әсемдігін, түсін береді. Ал егер оны қарамасаң, оны күтіп баптамассаң, таптасаң ол сарғайып, солып қалады. Міне бұл өмірдің шындылығы.

Бірақ, осы шындық сырт көзбен бақылап қарасаңыз көп отбасыларда ұмытылып жатады. Немесе бұл туралы олардың ойлағысы келмейді.


Әрине мұндай отбасыда тәрбиеленіп жатқан әр жасөспірімде тыныштығы мен жайбырақаттығы, әлі қалыптасып үлгермеген психикасы бұзылады, яғни мінез – құлқы бұзылады. Отбасының дұрыс құрылмауы, оның сәтсіз болуы, ондағы жанжал ұрыс- керістер мінез – құлықтағы қиындықтың пайда болуына, оның тәрбиесіне елеулі әсерін тигізеді.
Мектеп жасындағы немесе мектепке дейінгі жасөспірімдердің мінез – құлқындағы ауытқушылық олардың ортасына, отбасысына байланысты.
Жалпы мінез – құлқындағы ауытқушылығы бар жасөспірімдер әдетте аумалы- төкпелі морт деп аталатын жасөспірімдер. Ондай болу себебі ұрықтың жатырдағы кезеңінде немесе жасөспірім өмірінің бастапқы шағында сыртқы фактордың қолайсыз әсер етуі болып табылады.
Жасөспірімдердің мінез - құлқында қиындықтар биологиялық және әлеуметтік себептермен шарттас болады. Бірақ, сонымен қатар биологиялық деректері, оның ішінде тұқым қуалау деректері болашақ жасөспірімде қалыптасатын барлық мінез еркшеліктері мен қасиеттерін алдын - ала бастапқы сәт ретінде ғана ескерілуге тиіс.
Егер жасөспірімнің мінезінде қолайсыз жағдайда өтсе, онда оның мінез – құлқында айтарлықтай патологиялық кемістік ақаулар пайда болуыықтимал. Мінез – құлқында психологияның ауытқуы психикалар мен жүйелер қызметтерінің дамымауы.
Осы мәселелерді жойып, жеңіу үшін мінез – құлқында ауытқуы бар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерімен күресіп, өмірге деген көзқарасын ашу керек.
Алайда бірінші кезекте мінез - құлықтың ауытқуы мен зерттелу мәніне зер салайық. Жалпы әдебиеттерде талдау негізінде, бұл мәселенің өзгенің ашылуы келесі реттегі терминдерге, яғни эмоционалды – еріктік саланың ауытқуы, аффективті саланың ауытқуы, дисгормониялық тұрғыда психиканың дамуы, девиантті мінез - құлық, және т.б. түсініктерге түйінделетіні көрсетілді. Мінез - құлық - адамның күнделікті өміріндегі қаситтерінің көрініс беру формаларының бірі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет