1.1 Пәнді оқытудың мақсаты студенттердің кəмелетке толмаған балалар мен жас өспірімдердің мінез-құлықтарындағы ауытқуларды болжау жəне алдын алу бойынша түсініктері мен психологиялық жəне педагогикалық білімдерін жетілдіру.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері студенттерде нормадан ауытқушы мінез-құлық табиғаты туралы теориялық білім қалыптастыру; девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына əсер етуші жағымсыз факторлар туралы студенттердің білімдерін жетілдіру; студенттерді кəмелетке толмаған балалардың мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтың негізгі алдын алу шараларымен таныстыру; бағдарламаның мазмұнына сай балалармен жəне жасөспірімдермен түзету — реабилитация жұмыстарына арналған тренингтік сабақтарда студенттердің практикалық дағдыларды игеруіне жағдай жасау.