Оқушылардың ғылыми –теориялық зерттеу қабілетін қалыптастыру.
Қ.Қ.Бақытова
Физика мұғалімі №25 жалпы орта білім беру мектебі
Павлодар облысы, Павлодар қаласы.
Ғылым ешқашан да және еш уақытта да жазылып біткен кітап емес, олай бола алмайды да.
А.Эйнштейн.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ, ағысы қатты дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселесі білім беру мен саналы ұрпақ тәрбиесі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ елінің болашағы – бүгінгі жастар. Ұстаздар оларға қалай білім берсе, Қазақстан сол дәрежеде самғайды, өзін әлемге танытады» деп атап көрсетті. Әрбір елдің болашағы оның білім ордасы, мектебінде шыңдалады. Ертең осы елдің тізгінін ұстап, иелік ететін де сол мектеп оқушысы. Бүгінгі мектеп жағдайында оқытудың соңғы тәсілдерін меңгерген, педагогикалық –психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, заман талабына қабілетті және нақтылы іс – әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашылық, педагог, зерттеуші, ойшыл мұғалім болу керек. Өйткені ұстаз алдында тәуелсіз егеменді еліміздің сенімді болашағы тұр.
Оқытудың төмендегі өмірлік қағидалары:
Нені оқыту
Қалай оқыту
Нәтиже қалай болады
Уақыт өткен сайын күрделі жауапкершілікті талап етуде. Қоғамдық дамуда білім ауқымы үлкен өзгеріске жетті, техниканың ғылым саласа жан – жақты дамып, ақпараттық технология жетекші орынға шықты. Қазіргі кезде шәкірттерді ғылыми жұмыстарға тарту, заман ағымына сай өз ойын еркін, ашық жеткізе алатын жеке тұлғаны, дарынды, білімді де салауатты оқушы қалыптастыру әрбір мұғалімнің басты міндеті. Ал, оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасу үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс – әрекетінің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, әдісін өзінше үйреніп, түсініп алған білім нәрін өмірде қолдана алатындай жағдайда болу керек. Сондықтан білім, білік, дағдыны қалыптастыру, білім стандартына сай бағыттау негізгі мақсаттардың бірі.
Қазіргі таңда Қазақстан ғалымдары педагогикалық оқу-тәрбие жүйесінің жаңа жоладарын іздестіруде, мектепте білім беруді ізгілендірудің анықтаушы факторы ретінде пәндік білімді ғылыми негізде құру идеясын, алға қойып отыр.
Жалпы мектептегі білімнің сапасын арттыруға бағытталған білім беру жүйесіндегі демократиялық өзгерістер үздіксіз үдеріс ретінде қаралуы тиіс. Соның бірі, мектептегі тікелей ғылыммен байланысты физика пәнінің мазмұнындағы теориялық білімді ғылыми негізде меңгеру арқылы тұлғаның
мінез-құлық нормалары, ұстаным бағдарын, шығармашылық даму дәрежесін қалыптастыру.
Өйткені оқушылардың ғылыми зерттеу қабілеті физика пәнінің оқу бағдарламалық материялдарды тиянақты игеруге, теорияларды дәлелдеуге және алынған фактілерді орынды қолдана білуге негіз болады. Зерттеуден алынған мәліметтер физика пәнін оқытуды ғылыми-теориялық негізде құру үшін мәнді мазмұнға ие болғандықтан, мектептегі педагогикалық жүйенің құрамды бір бөлігі ретінде ол нәтижеге жетуге, мақсатты айқындауға, пәннің мазмұнын саралауға, түрлі формаларын, заңдар мен формулаларын пайдалануға тең дәрәжеде бағытталған болуы тиіс.
Осыған орай, физика пәнін оқыту құрылымын жүйелеу ерекшелігі оқушының ғылыми шығармашылық әрекетін ұйымдастыру элементтері мен бағытына негізделіп ұйымдастырылады. Егерде жалпы білім беретін мектептерде физика пәніне қатысты орын алып отырған кемшіліктер мен қияыншылықтарды ескерсек, оқу үдерісін оқушының ғылыми ойлау қабілетіне қарай дербестендіру қажеттілігі көрінеді.
Бұл міндетті жүзеге асыру физиканы оқыту үдерісінде түрлі формадағы және мазмұндағы ғылыми теориялық білім мен практикалық тапсырмаларды орындау барысында шығармашылықтарын ауызша және жазбаша талқылау арқылы жүреді.
Оқушылардың ғылыми-теориялық зерттеу қабілетін қалыптастыру түрлі ғылыми амалдарды қолдану (болжам ұсыну, айқындау, нақты тұжырымын жасау, логикалық өңдеу т.б) аясында орындалады. Болжам өзіне қатысты фактілердің бәрімен міндетті түрде байланысып жатуы қажет.Оқушылардың ғылыми-теориялық зерттеу тапсырмаларды орындаудағы негізгі амалдардың бірі физикалық тәжерибелер нәтижесін логикалық түрде талдау амалы. Бұл амалда ғылыми таным әдістерінің барлық компоненттері-физикалық құбылыстың анализі, синтезі, жалпылануы қамтылып, оқушылардың ақыл-ойы мен зерттеу әрекетін шығармашылықпен дамытатынын мектеп практикасы көрсетіп отыр. Оқушылардың танымдық белсенділігін, қызуғушылығын, қабілеттілігін арттырудың және соның негізінде білімін дамытудың сан алуан жолдары бар.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің талаптарына сай кабинеттер жаңа ақпараттық технологиялық құралдармен толық жабдықталған. Мектебіміздегі физика кабинеті интербелсенді тақтамен қосымша ACTIVOTE және PASPORT Xplorer GLX пайдалану оқушының сабаққа деген белсенділігін арттырып, жүйелі пайдалану барысында оқушылардың дүние танымдық көзқарасын дамытады.
Адам баласының ахуалын әлеммен салыстырсақ, адам – табиғаттың микрокөрінісі, яғни сүттен алынған май сияқты табиғаттың, жаратылған нәрселердің ең жоғарғы, ең соңғы сатысындағы дамыған нәтижесі, былайша
Педагогикалық деонтологияның ұстанымдары.
Педагогтардың іс - әрекеттері
1.Оқушының денсаулығына, жан сұлулығына зиян келтірмей әсер ету.
2.Мұғалім барлық жүріс-тұрысымен, ой-өрісі, іс-әрекетімен осы ұстанымның кең тарауына және оқушы санасына өзіндік бақылау дағдыларын қалыптастыруына жол ашу;
3. Бүкіл жан дүниесімен, сана сезімімен осы ұстанымдарды бұзуынан келетін зиянды салдарын жоюға ынталану.
- тұлғалық қасиеттерін (тілектестік, эмпатиялық т.б.) деонтологиялық талаптарға сәйкестендіру;
- деонтологиялық қарым-қатынас ережелерін, нормаларын орындау, әдептік қағидаларын сақтай білу.
4. Оқушының (тәрбиеленушінің) табиғатына үйлесімді дамуына жәрдемдесу.
-Білгірлік, білімділік деңгейін үнемі көтере білу;
- кәсіби шеберліктің шынына ұмтылу;
-дамыта оқытуды жүзеге асыру.
айтқанда «қаймағы» деген ұғым туады. Дүниедегі барлық нәрселердің қасиеттері, ерекшеліктері адам баласында бар.
Жұмыс жаңашылдығы - адам ағзасындағы өтетін құбылыстардың физика заңдарымен байланысын көрсетуге мүмкіндік жасайды деп санаймын. Табиғат – макроәлем, адам баласы – микроәлем. Екінші сөзбен айтқанда, табиғаттың бірнеше есе кішірейтілген кейпі. Мысалы: адам денесіндегі ыстықтың, суықтың, ылғалдың немесе құрғақтықтың болуы жөнінен алып қарасақ, дүниенің төрт негізіне (ауа, су, топырақ, от) бір дене ретінде алып қарасақ әр түрлі элементтер жиналған кенге ұқсайды. [ 3.18 ] Жерден азық алып жеу, одан нәр алуы жөнінде өсімдіктерге ұқсайды. Оқушылардың ғылыми таным әдістерін менгеруі барысында олардың білім мен біліктілікті меңгеру деңгейлерінің артатыны байқалады.
Оқушыларға адам өзінің жан және тән сұлулығын еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударуымыз керек. Жұмыс барысында педагогикалық деонтологиялық ұстанымдарына педагогикалық іс–әрекеттердің сәйкестігін негізге аламын.
Физикалық тәжірибелік нәтижесін логикалық талдау амалы ғылыми құрылымдық оқу-танымдық әрекет аппаратының қажетті компоненті ретінде ғылыми-теориялық фактілерді жеткілікті түрде топтастыру, реттеу (жіктеу), қажеттіліктерінен туындаған. Мұндай қажеттілік, оқушылардың өз ойларын ғылыми-таным әдістеріне сүйеніп дамытуды физикалық білімнің тиянақты да терең меңгеруін камтамасыз етіп отырады. Оқушылардың танымдығын тек сабақ барысында ғана емес, сонымен бірге сабақтан тыс уақыттарда, факультатив сабақтарында, оқушылардың ғылыми жұмыстарына басшылық жасауда дамытуға болады. Оқушылардың ғылыми жобаларына басшылық жасауда негізінен оқушылармен ақылдаса отырып, бірнеше тақырыптар
бойынша сараптама жүргізу қажет.Тақырып таңдалып алынған соң, жұмыстың мақсатымен оқушыны толық таныстырып, жоспар жасауға кеңес беріледі. Тақырыпты таңдаудағы негізгі шарттың бірі–оқушы өзін қызықтыратын тақырыпты алғаны дұрыс. Жоба бойынша зерттеу жұмыстарын сабақтан тыс уақыттарда мұғалімнің басшылығымен жасалуы керек. Мысалы, оқушылардың танымдылық арттыру нәтижесінде: 2011 жылы 13 қаңтар айында Дусипов МерекеКипрде өткен Халықаралық жоба сайысында «Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын физика–географиялық модельдеу»тақырыбы бойынша II орынға және Ибраев Мақсат 6-13мамыр айында Грецияда өткен «Гибридті альтернитивті жылу энергетикалық жүйені жоспарлаудағы зерттеулер» тақырыбы бойынша I орынға ие болды.
2012 жылы Байқонырда өткен Тасболатов Асқар , Шайман Райымбек халықаралық сайыста III орын алып дәрежелі дипломдармен марапатталған. Копбаева Камила – 2012 жылы КИТА Қазақстандық инновациялық технологиялық академияда өткен республикалық жоба сайысы бойынша академияның грант иегері.
Оқушы қандайда бір тақырыпты өз дәрежесінде меңгере алмай, өтілітін материалды түсінбей қалуы мүмкін, осыған орай, бағдарламадағы тақырыптардың әр-қайсысын оқушының қалай меңгергенін тексеру және бақылау керек.
Дусипов Мереке Кипрде өткен Халықаралық жоба «Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын физика–географиялық модельдеу»
Оқушыға ғылыми-зерттеу әрекетінде берілген тақырыптың мәселесі мен зерттеу мақсаттарын жете ұғыну, физикалық құбылыстардың байланыстары туралы,ғылымға әлі де белгісіз білім жаңалықтарын болжауға мол мүмкіндік береді.
деңгейі жоғары болу талабын ескерсек, физика пәні мұғалімдерінің өз тәжірибесінде, оқушылармен бірге жаңа технологиялар негізінде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздейді.
Сондықтан жоғары білікті мұғалімге мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне ғылыми-зерттеу жұмыстарымен толықтыруға негіз болатын педагогикалық бағыттағы теориялық және практикалық даярлық беру көкейкесті мәселе болып отыр.
Әдебиеттер тізімі.
«Білім туралы» ҚР-ның 2007 жылғы 27 шілдедегі заңы.
«ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» // Егемен Қазақстан, 26 тамыз, 1994ж. – Б.3-4.
Интеллектуальная элита. Журнал малой академии наук РК. Алматы: 2005, №1 – С. 40-42.
Исаева Г.Б. Физика. Электрондық оқулығы. Алматы. 2007.
Башарұлы. Т., т.б. Физика және астрономия. 9-сынып оқулығы. Алматы, Мектеп баспасы. 2005.
Оқушылардың жетістіктері
Мұғалім жұмысының нәтижелері
Дүсіпов Мереке -2011 жыл 13 қаңтарда өткен Халықаралық жоба сайысында «Қазақ халқыаралық мәдиниеті мен тұрмысын модельдеу» тақырыбы бойынша 2-ші орын иегері. Xenion High School, Paralimni, Cyprus. The subject of Physics and achieving 2-nd place. Xenion Summer school English Language Course. The certificate confirms.
Алғыс хат 2011 жыл мектеп директоры атынан Білім күніне.
Мадақтама 2011 жыл мектеп директоры атынан Ұстаздар күніне.
Алғыс хат ҰБТ –дайындауда қалалық білім беру бөлімнен.
Мадақтама қалалық кабинет байқауынанда «Ең үздік кабинет-2011»
Алғысхат Білім беру бөлімінің тамыз мәжілісі 2012- «Білім беру жүйесін жаңғырту-адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты»
Мадақтама Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
«Шығармашылық ізденісі инновациалық идеясы мен кәсіби шеберлігі үшін» 2012 жыл
Грамота Павлодар қаласының білім беру бөлімі
«Әдістемелік құрал байқауында»2-ші орын алған үшін.
«Табыс-2011 жыл» кітабына еңгізілген.
«Табыс-2012 жыл» кітабына еңгізілген.
«Білім Көкжиегі» кітабына еңгізілген.
“Озық педагогикалық тәжірибе” -2013
“Адам ағзасындағы құбылыстардың физика заңдарына негізделетінін зерттеу арқылы оқушының танымдылығын дамыту ”
Алғыс хат Қала мектептерінің түлектерінҰлттқ бірыңғай тестілеуге сапала дайындағаны үшін
Ибраев Мақсат -2011 жылы 6-13 мамыр айында Грекияда өткен «Гибридті альтернативті жүйені жоспарлау зерттеулері» тақырыбы бойынша 2-ші орынға ие болды. Diploma I degree, for the project in the section “Physics”. Сертификат участника международного фестиваля «Дети Интеллект.Культура»
КопбаеваКамила -2012 жылы КИТА Қазақстандық инновациялық технологиялық академияда өткен республикалық жоба сайысы бойынша академияның грант иегері. Мектеп оқушылары ғалыми жарысының қалалық турына қатысу сертификаты, КИТА Қазақстандық инновациялық технологиялық академияда өткен республикалық жоба сайысы бойынша академияның грамотасы берілді. “Павлодар облысының радиациялық маниторингі”
2012 жыл.
Тасболатов Аскар -2012 жылы өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулердің VIII Халықаралық ғалыми жарыстарының жүлдегері, III дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Шайман Райымбек -2012 жылы өткен «Ғалым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулердің VIII Халықаралық ғалыми жарыстарының жүлдегері, III дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Диплоп 2013жыл “XIII Сәтбаев оқулары” атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысқаны үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Диплом 52 қалалық пәндер олимпиадасында физика пәні бойынша Қабды I дәрежелі дипломмен марапатталды, облыстық олимпиадаға қатысушысы 2014
Диплом 52 қалалық пәндер олимпиадасында физика пәні бойынша Букурова Әлия III дәрежелі дипломмен марапатталды, облыстық олимпиадаға қатысушысы 2014