«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық


Стерильді емес араласуларға арналған эндоскоптарды механикалық өңдеу тәсіліне қойылатын талаптар



бет12/23
Дата29.09.2023
өлшемі148,42 Kb.
#183045
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
!

Стерильді емес араласуларға арналған эндоскоптарды механикалық өңдеу тәсіліне қойылатын талаптар

ЖДМ пайдалану тұйық циклде стандартталған және валидациялық өңдеу процестерін жүргізу, ЖДД сыни параметрлерін бақылау және құжаттау мүмкіндігі, ЖДД кейін автоматты режимде микробқа қарсы сүзгілерде сумен және ауамен тазартылған эндоскоп арналарын шаю және кептіру кезеңдерін қамтамасыз ету есебінен эндоскопиялық араласулар кезінде пациенттерге инфекция жұқтыру тәуекелдерін төмендетудің негізгі шарасы болып табылады.


ЖДМ-да әрбір өндеу циклі алдында эндоскоп, егер машинаны пайдалану нұсқаулығында басқа нұсқаулар болмаса, қол тәсілімен щетканы пайдалана отырып түпкілікті тазартуға ұшырайды.
Бірінші пайдалануға енгізу алдында, жөндеуден кейін немесе ұзақ уақыт (1 айдан артық) тұрып қалғанда ЖДМ-да түпкілікті тазарту процесі Қазақстан Республикасының аумағында осы мақсаттар үшін рұқсат етілген тестілерді пайдаланумен жүргізіледі.
ЖДМ-ның автоматты циклі алдында қол тәсілімен түпкілікті тазарту жүргізу үшін пайдаланылған қосалқы құрылғылар, режимі бойынша, тиімді вирустарға, бактерияларға және Candida түріндегі грибоктарға қатысты (туберкулез бейіні бойынша медициналық ұйымдарда – туберкулоцид режимі бойынша дезқұралдар, Mycobacterium terraeтестіленген) дезинфекциялық құралдар ерітіндісінде дезинфекциялауға жатады.
Тыныс алу жолдарын зерттеуге арналған эндоскоптар және мынадай шарттар сақталған кезде дәйекті бір ЖДМ-да өңделуі мүмкін:

  • ЖДМ-ды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ЖДД құралдары өндірушілермен ұсынылады (олар үшін автоматтандырылған циклінің тиімділігі дәлелденген);

  • жоғарыда аталған құралдар ЖДД бір рет немесе бірнеше рет қолданылады. Бұл ретте, ЖДМ, көп рет қолданылатын ЖДД құралдары, дайын құралдарда/жұмыс ерітінділерінде ДЗ концентрациясындағы химиялық бақылау құралдарымен және ерітіндіні өңдеу/ қолдану күндері циклінің ең көп санын индикация функциясымен қамтамасыз етеді.

  • ЖДМ эндоскоптың өңделетін барлық арналарын қосуға арналған бірегей адаптерлері бар.

Бронхоскоптарды өңдеу үшін, жоғарыда аталған жағдайлардың тіпті біреуін орындау мүмкін болмағанда, жеке ЖДМ бөлінеді.
Бір циклда бронхоскопты және асқазан-ішек эндоскоптарын бірлесіп өңдеуге тыйым салынады.
Бронхоскоптарды өңдеу үшін өлшемі 0.2 микроннан асатын микроағзалардың кідіруін қамтамасыз ететін суды тазалауға арналған микробқа қарсы сүзгісіз ЖДМ пайдалануға тыйым салынады.
Егер ЖДМ-да 70% -дық этил немесе изопропил спиртімен қосымша кептіру мүмкіндігі болмаса, бұл қадам эндоскопты машинадан шығарғаннан кейін қолмен жүзеге асырылады.
ЖДМ өзін-өзі дезинфекциялау машинаны қолдану нұсқаулығында көрсетілген мерзімдерде, құралдармен және режиммен жүзеге асырылады. Мұндай нұсқаулар болмаған жағдайда, өзін-өзі дезинфекциялау процедурасы ЖДД үшін құралдар ертіндісін ауыстырғанда жүргізіледі. Бұл мақсатта эндоскоп ЖДД үшін пайдаланылған ертіндіні қолдануға рұқсат етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет