«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық


Стерильді емес араласуларға арналған эндоскоптарды тасымалдау және сақтау шарттарына қойылатын талаптар



бет13/23
Дата29.09.2023
өлшемі148,42 Kb.
#183045
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
!

Стерильді емес араласуларға арналған эндоскоптарды тасымалдау және сақтау шарттарына қойылатын талаптар
Эндоскоптар эндоскопиялық бөлімше арасында, орталықтандырылған стерилизациялау (ОСБ) бөлімшелерінде, медициналық ұйымның басқа да бөлімшелерінде, сондай-ақ медициналық ұйымнан тыс жерде медициналық көмек көрсетілгенде жабық түрде лотокта немесе контейнерде тасымалданады. Қаптама ретінде таңбаланған полиэтилен (стерильді және стерильді емес) кірістер (сына), маталар және материал (өңделген эндоскоптар үшін стерильді қаптама) пайдаланылады.
Тасымалдау кезінде таза және ластанған эндоскоптар ағындарының араласуына жол бермеу үшін таңбалаудың әр түрлі нұсқалары қарастырылады: лотоктарды таңбалайды, түрлі түсті полиэтилен сыналары немесе бір рет пайдаланылатын биркалар және басқалар пайдаланылады.
Лотоктар пайдаланғаннан кейін сүрту тәсілімен вирустарға, бактерияларға және Candida түріндегі грибоктарға (туберкулез бейіні бойынша медициналық ұйымдарда - Mycobacterium terrae тестіленген туберкулоцидті режимі бойынша дезқұралдар) қатысты тиімді режимі бойынша дезқұралдармен өңдейді.
Ауысымдар арасында өңделген эндоскоптарды сақтау бөлшектелген түрде стерильді материалмен қапталған немесе тіркеу куәлігі бар арнайы (сақтау/сақтау және кептіру үшін) шкафтарда қапталмаған асептикалық жағдайда жүзеге асырылады. Эндоскоптарды асептикалық ортада кептіруге және сақтауға арналған шкафтардағы сақтау мерзімі шкафты пайдалану жөніндегі нұсқаулықта\әдістемеде көрсетіледі. Стерильді маталы қаптамада оралған эндоскоптардың сақтау мерзімі 72 сағаттан аспайды. Сақтау мерзімі өткеннен кейін эндоскоп қайтадан ЖДД жатады.
Эндоскоптарды сақтау/сақтау және кептіруге арналған арнайы шкафтарда ауаның рециркуляциясы ультракүлгін сәулесімен және/немесе микробқа қарсы сүзгілермен зарарсыздандыруы қамтамасыз етіледі.Алмалы -салмалы бөлшектер эндоскоптан бөлек сақталады, бірақ олардың белгілі бір бұйымға тиістілігі қамтамасыз етіледі.
Эндоскопты өңдеу циклы аяқталғаннан кейін, кезекті пайдалану алдында жиналған түрде стерильді қаптамада лотокта 3 сағатқа дейін сақтауға болады. Егер эндоскоп белгіленген уақыт ішінде пайдаланылмаса, ол қайталанатын ЖДД және кептіруге жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет