«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық


Эндоскоптар мен олардың құрал-саймандарын өңдеу циклінің талаптары



бет5/23
Дата29.09.2023
өлшемі148,42 Kb.
#183045
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
!

Эндоскоптар мен олардың құрал-саймандарын өңдеу циклінің талаптары
Эндоскоптар пайдалану процесінде шырышты қабықтармен байланысады және стерильді органдар, тіндер мен ағза қуыстарына енеді. Тағайындауы бойынша олар эндоскопиялық араласулар жүргізу үшін стерильді емес және стерильді эндоскоптар болып бөлінеді.
Стерильді емес эндоскопиялық манипуляциялар кезінде пайдаланылатын эндоскоптар (меншікті микробтық пейзажы бар ағза қуысы арқылы эндоскопты енгізу) және олардың керек-жарақтары (клапандар, бітеуіштер, қалпақтар), пайдаланылғаннан кейін тікелей дәйекті:
-алдын ала тазалауға;
-түпкілікті тазартуға (дезинфекциялаумен үйлескен түпкілікті тазарту);
-жоғары деңгейдегі дезинфекциялауға;
-микроорганизмдермен қайталама контаминацию болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады;
Эндоскопиялық жабдықтар және стерильді эндоскопиялық араласулар үшін эндоскоптар, оларға арналған стерильді және стерильді емес араласуларда барлық құрал-саймандардың түрлері, тікелей пайдаланғанан кейін дәйекті:
- алдын ала тазалауға;
-дезинфекциялаумен үйлескен стерильдеу алдындағы тазалауға;
- стерилизациялауға;
- микроорганизмдермен қайта контаминацию болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады.
Эндоскоп әр пайдаланудан кейін, оның барлық кезеңдерінде өңдеу толық көлемде жүргізіледі. Оларды қолданған кезде эндоскопиялық араласуы немесе жоқтығына қарамастан эндоскоптың барлық каналдары өңдеуге ұшырайды.
Герметикалығы бұзылған кезде, өндірістік ақаулар, жағымсыз тазарту және/немесе тиімсіз жоғары деңгейдегі дезинфекция, арналарын жеткіліксіз кептіру кезінде эндоскоп инфекция қоздырушысының таратушы факторы бола алады. Эндоскопта биопленканың түзілуімен микроорганизмдердің көбеюіне және жинақталуына қалдық органикалық ластанулар (сапасыз тазарту кезінде) және дымқыл күйде сақтау ықпал етуі мүмкін. Биопленкалардың ішіндегі микроорганизмдер дезинфекциялау құралдарының қолдану әсерінен қорғалған.
Барлық пациенттер инфекция қоздырғыштарының әлеуетті көздері ретінде қарастырылады, осыған байланысты барлық эндоскоптар мен олардың керек-жарақтары пайдаланғаннан кейін бірыңғай стандарт бойынша өңделеді.
Әрбір эндоскопқа жеке код беріледі, ол оның моделі мен сериялық нөмірі туралы мәліметтерден тұрады. Код бөлімде, бөлімшеде, эндоскопия кабинетінде орындалатын зерттеулерді тіркеу журналында ерекше белгілер бағанасында және эндоскопиялық зерттеулер хаттамасында көрсетіледі.
Эндоскоп және олардың керек-жарақтарын өңдеуді орындайтын медицина қызметкері жеке қорғаныш құралдарын киеді, оларға мыналар жатады: химиялық төзімді материалдан жасалған бір рет қолданылатын қолғап; қорғаныш көзілдірік, бетперде немесе бетке арналған қорғаныс экраны; халат немесе жамылғы (ұзын жеңді, ылғал өтпейтін) немесе бір рет қолданылатын су өткізбейтін жеңі бар (жеңқап) алжапқыш.
Эндоскоптарды және оның арналық құралдарын өңдеу кезінде микробты аэрозольдің түзілуі мен тозаңдануының алдын алу үшін қолмен тазалау процедуралары бұйымдар ерітіндіге толық батырылғанда, оның ішінде сұйықтық қысымы ең аз жеткілікті деңгейде қойылған жуғыш пистолеттерді қолданғанда жүргізіледі. Стерильді емес араласулар үшін эндоскоптардың арналарын кептіру түпкілікті тазарту жүргізуден кейін ауаны аспирациялау немесе арналардың шығу орнын майлықпен жабылғаннан кейін ауамен үрлеу әдісімен жүргізіледі.
Персоналға жұқтыру тәуекелін азайту және стерилді емес араласулар үшін иілгіш эндоскоптардың өңдеу сенімділігін қамтамасыз ету үшін жуғыш-дезинфекциялық машиналарды пайдалана отырып, механикаландырылған тәсіл қолданылады. Эндоскоптардың үлкен айналымында (бір мезгілде үш және одан да көп эндоскоптардың бір түрін өңдеуден өткізу) механикаландырылған тәсілмен өңдеу міндетті болып табылады.
Құралдардан жарақаттанудың алдын алу үшін шаншып-кесетін беттері бар эндоскоптарға перфорирленген төсемелері бар контейнерлерді, жуғыш-дезинфекциялық машиналарын және ультрадыбыстық тазалағыштарды пайдалана отырып, персоналдың өңделмеген құралдармен байланысын азайту қажет.
Браншейбиопскопиялық қысқыштан патологиялық материалды алу үшін инъекциялық инелерді пайдалануға жол берілмейді
Стерильді емес эндоскопиялық араласуларды жүргізу үшін көп рет қолданылатын бұйымдар болып табылатын эндоскоптар, бір және/немесе бірнеше рет пайдаланылатын құралдар, қосымша эндоскопиялық құрал-жабдықтар (жарық бергіш, инсуфлятор, эндовидеосистема, монитор, аспиратор-ирригатор және басқалар) пайдаланылады.
Стерильді емес эндоскопиялық араласуларды жүргізу үшін эндоскоптар әрбір пайдаланғаннан кейін дәйекті өңдеу процестеріне ұшырайды: алдын-ала тазалау (ААТ), өзіндік түпкілікті тазарту (бұдан әрі – ТТ) немесе дезинфекциялаумен үйлескен (бұдан әрі – ТТ+Д), жоғары деңгейдегі дезинфеккциялау (бұдан әрі – ЖДД).
Эндоскоптың сыртқы беттерін алдын ала тазалау жуу құралының ерітінділерінде батырылған сулықтармен немесе бір рет пайдаланылатын губкамен сүрту тәсілімен жүргізіледі. Арналар жуу құралының ерітіндісімен және/немесе сумен жуылады.
Түпкілікті тазарту келесі ЖДД тиімділігі байланысты болатын эндоскопты өңдеудің маңызды сатысы болып табылады. Ол өзіндік процесс ретінде немесе дезинфекциялауды үйлесе отырып жүргізіледі, бұл осы мақсаттарда қолданылатын құралдар (жуу немесе жуу-дезинфекциялық) үшін анықталады.
Ферменттер және/немесе беттік-белсенді заттар негізіндегі (бұдан әрі – ББЗ) жуғыш құралдарда микробқа қарсы компоненттер болмайды, сондықтан олардың ерітінділері эндоскоптарды түпкілікті тазарту мақсаты үшін қатаң бір рет қолданылады.
Шағын көбік түзетін дезинфекциялау құралдары пайдаланылатын концентрацияда тіркейтін қасиеттерге ие емес, ластанудың бірінші визуалды белгілері пайда болғанша дейін дезинфекциялаумен қоса тазалау үшін қолдануға болады, бірақ бір жұмыс ауысымы кезінде, бұл кезде эндоскопта қиылысты контаминацияның алдын алу үшін асқазан-ішек жолдарының (бұдан әрі -АІЖ) жоғарғы, төменгі бөлімдерін зерттеу үшін арналған эндоскоптар тыныс алу жолдарынан бөлек өңделеді.
Жуу/жуу - дезинфекциялау ерітіндісін ағызғаннан кейін жуу ваннасы вирустардың, микобактериялардың және Candida түріндегі грибоктардың режимі бойынша тиімді дезинфекциялау құралымен сүрту тәсілімен тазартылады және дезинфекцияланады және кез-келген үлгідегі эндоскоптарды (гастроскоп, колоноскоп, бронхоскоп және басқалары) өңдеу үшін қайта қолданылуы мүмкін.
Жоғары деңгейдегі дезинфекциялау қолмен (ерітіндіге толық батырылған кезде) немесе механикаландырылған тәсілдермен орындалады. Эндоскоптарды жоғары деңгейдегі дезинфекциялауды сүрту тәсілімен жүргізуге жол берілмейді.
Өңдеудің қорытынды кезеңінде қатты және иілгіш бронхоскоптарды зарарсыздандырудың жол берілетін деңгейі жоғары деңгейдегі дезинфекция болып табылады, сонымен қатар, медициналық ұйымда қажетті жағдайлар мен жабдықтар болған жағдайда стерилизация өткізілуі мүмкін. Асқазан-ішек жолдарын (ректоскоптар), ЛОР-органдарын (риноскоптар, ларингоскоптар, отоскоптар және басқалары) зерттеуге арналған қатты эндоскоптар өңдеудің қорытынды кезеңінде сондай-ақ ЖДД-ға немесе стерилизациялауға (әдетте, өндірушілердің ұсынымдарына сәйкес қаныққан бу қысымымен) ұшырауы мүмкін.
Эндоскоптардың құрал-саймандары эндоскопиялық араласу (стерильді, стерильді емес) түріне қарамастан стерильді болады. Олар пайдаланылғаннан кейін, дәйекті алдын ала тазартуға, дезинфекциялаумен үйлескен стерильдеу алдында тазартуға, стерилизацияға ұшырайды.
Алдын ала тазарту эндоскопиялық манипуляциялық бөлмеде тіркеу қасиеттері жоқ жуу/жуу-дезинфекциялау құралының ертіндіге толық батыру тәсілімен жүргізіледі. Сулау кезеңі аяқталғаннан кейін ерітінді төгіледі, құралдар перфорирлі төсемде сумен (эндоскопиялық манипуляциялық бөлмеде құралдарға арналған жуу ванналары болған жағдайда) жуылады. Ерітіндіні ағызу және құралдары шаю үшін жағдай болмаған кезде оларды жабық контейнердегі ерітіндіде жуу-дезинфекциялық үй-жайына немесе орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесіне (бұдан әрі - ОСБ) тасымалдауға рұқсат етіледі.
Дезинфекциялаумен қоса стерильдеу алдындағы тазалау, қолданылатын концентрацияда тіркеу қасиеттері жоқ дезинфекциялау құралдарының ерітіндісінде жүргізіледі.
Бұйымдар дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту және жақсы кептірілу жағдайында, эндоскоптарға құрал-саймандарды стерильдеу жүргізуді келесі ауысымға дейін кейінге қалдыруға жол беріледі.
Құралдарды, әдістерді және стерильдеу режимін таңдау құралдарды өндірушінің ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады. Эндоскоптарға құрал-саймандарды механикаландырылған тәсілмен стерильдеу жақсырақ болып табылады, егер басқа да әдістер қол жетімді болмаса, химиялық құралдардың ерітінділерімен стерильдеуге рұқсат етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет