Өңдеу тәртібі. Құжат және мазмұн талаптары. ПӘҚС даму тарихы
Дәріс мақсаты: түсініктемелерді анықтау: программа, программалау деңгейлері және категориялары (бағыттары), программаны өңдеу және аспаптары туралы мағлұматтар беру.
Кіріспе. Аспаптар - ол жұмысты орындау үшін арналған құралдар, яғни программаны өңдеу және тарату екі топқа бөлінеді: аппараттық және программалық. Аппараттық – микропроцессорлар және қосылатын (сыртқы) құрылғылар. Программалық – олар жобалау әдістемелігімен анықталған, барлық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін программалар. Беріліп отырған пән негізінен, компьютерге программаларды орнату және өңдеу үшін қолданылатын программалық аспаптық құралдарды оқып үйренуге арналған.
Программалық өнімді (ПӨ) өңдеу көптеген бір-бірімен байланысқан әрекеттерден тұрады, олар:
- деректер моделін құру және есептеу әдістемесі;
- есептеуді қамтамасыздандыратын, функционалдық сипаттамасы;
- деректер құрылымын анықтау – компьютерде және алгоритмде көрсетілу моделі;
- есепті тарату әдістерін сипаттау және анықтау (тестер және шешу алгоритмі);
- пайдаланушы интерфейсін сипаттау және анықтау;
- ПӨ қолдау құралдарын анықтау;
- есеп спецификациясы;
- тестілеу программасын қоса отырып, программа мәтінін жазу;
- программаның тестіленуі, трансляциясы және жөнделуі;
- қолдау кітапханаларын қосу және байланыстыру;
- орындау ортасын құру; орындамалық модульді орналастыру және жүктеу;
- орнатылған көмекті құру және өңдеуді құжаттау;
- орнатылатын (инсталляциялық) ПӨ пакетін құру.
Rational Unified Process (RUP) аймағында программаларды өңдеуге арналған әрекеттер жиыны келесі кезеңдерден тұрады: - талаптарды анықтау; - жобалау; - программалау; - тестілеу; -ендіру.
Көрсетілген жұмыстарды орындау үшін көптеген программалар жиынтығы үнемі өңделіп және толықтырылып отырады – ол аспаптар, программаның өңделу процесін автоматтандыру және қалыптастыру үшін мүмкіндік береді. Бұл құралдарды қолдану өңдеу және программалық өнімді енгізу уақытын азайтады.
Компьютер үшін программа – бұл программалау тілінде құрылған немесе жазылған, тәртіптер тізімі. Программалау тілі берілген есепті шешу үшін және тиімді, жылдам, сапалы, үнемді жобалау мақсатында таңдалады.
Тіл деңгейі – программалау деңгейі.
Төменгі деңгейлі программалау – бұл микропроцессор деректер форматын және командаларын кодтық немесе мнемоникалық формада (ассемблер) қолданатын программалау. Проблемалы-бағытталған программалау – бұл деректер форматын және командаларын проблемалы- бағытталған тілдерде программалау. Визуалды программалау – бұл деректер форматын және командаларын программаларды өңдеудің визуалды құралдары арқылы программалау. Объектілік немесе компоненттік программалау әртүрлі конструктивтерді бірлік элемент ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Командалық (атомарлы), құрылымдық, модульдік программалау – категориялары, программаларды өңдеу кезінде қолданылатын тілдің типтік конструкциясымен анықталады. Құрылатын программа үшін, проблемалы аймақ, программалаудың бағытын анықтайды – ғылыми түрде, бизнес есептерін шешу үшін, объектілер мен процесстерді басқару үшін, ақпараттарды көрсету және басқару үшін, Интернет пен қарым-қатынас жасау үшін, деректер қорымен қарым-қатынас жасау үшін және т.б. қолданылады.
Құрылымдық программалау концепциясы.
«Құрылымдық программалау – программалау әдістемелігі, жүйелік түрдегі талдауға негізделген, ПҚ тарату және жобалау. 70-жылдардың басында пайда болды және соншалықты өміршең, сондықтан да осы күнге дейін пайдаланылады. Бұл технологияның негізі келесі тәртіптерден тұрады:
1) Қиын есептер кішірек бөліктерге бөлінеді, функционалды түрде негізінен басқарылатын есептер дұрыс. Әрбір есептің бір кірісі және бір шығысы болады. Бұл жағдайда программа ағымы көптеген есептер тобынан және түсінікті функционалдық тағайындамасынан құралады.
2) Есепте қолданылатын, басқарылатын құрылымның қарапайымдылығы және атомарлығы. Бұл, логикалық есеп минималды, функционалды толық қалыптасқан қарапайым басқарылатын құрылымнан тұруы керек екендігін көрсетеді.
3) Программаның өңделуі кезең бойынша орындалады. Әрбір кезеңде шектелген есеп саны, нақты қойылған тапсырмасымен және есеп барысындағы оның атқаратын мәнімен, түсінікті қойылымы шешілуі керек. Егер ондай шамаға жетпесе, онда ол бұл кезең өте үлкен және оны тағы басқа қадамдарға бөлу керек екендігін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |