География сабақтарында проблемалы оқыту технологиясын пайдалану



Дата27.11.2016
өлшемі129,33 Kb.
#2577
ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ

Назарова Гульмира Асылбековна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорлда мемлекеттік университеті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ


Аннотация

Мақалада проблемалы оқыту технологиясын география сабақтарында пайдалану ерекшеліктері мен әдістемесі қарастырлаған.



Аннотация

В статье рассматривается особенности и методика использование проблемного обучения на уроках географии.



Annotation

The article discusses the features and methods of use of problem-based learning in geography lessons.


Қазіргі заманғы педагогика үнемі даму процесінде болады: адамның мәдениетте, экономикада және қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы ролінің өзгеруіне қарай, білімнің алдына қойған мақсаттары да өзгереді, педагогикалық әдістер жетілдіріледі, жаңа идеалар пайда болады, ескілері кенеттен өзектіге айналып жанданады. Сонымен бірге, білім берудің нақты саласы жаңашылдықтарға жеткілікті бейім, бір жағынан, бұл педагогика теориясын дамытуға үлес қосатыны белгілі екінші жағынан, жағымды тиімділігі де бар.

Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана қоймай, ол өзгеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатын, түрлі ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы. Мұғалімдер съезінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді.

Ендеше бүгінгі мектеп партасында отырған оқушыларға ғылыми білім беру оларды әлемдік мәдениет жетістіктерімен сусындату шығармашылық қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. География ғылымы өте қызықты да күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника заңдылықтарын, яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.

Қазіргі кезде педагогика теориясы және практикасында қандай болмасын білім мақсаттарына негізделген сан алуан көптеген тұжырымдамалар бар. Олардың ең теориялық негізделгені және методологиялық дамығандары педагогикалық технологияларды құрайды.

Проблемалық оқытуды ауқымды әзірлеу ХХ ғасырдың 70 жылдары басталған, проблемалық оқыту тұжырымдамасының өте ежелгі және бай тарихы бар. Проблемалық оқытудың толық құқылы өкілі ретінде Сократты (б.д. 469-399 жж) атауға болады, әңгіме түріндегі оқытудың эвристикалық әдісін кеңінен қолданды. Платон (б.д. 427-347) педагогикалық қызметте де, ғылыми еңбектерінде де сұхбат әдісін пайдаланды, оның пікірінше, оқыту және таным қуанышы, біртұтас, ажырамайтын болуы тиіс «мектеп» ұғымының өзі латын тілінен аударғанда «ойын-сауық» дегенді білдіреді [1].

Кейінірек бүкіл қоғамдық құрылымды шіркеу мен идеаландыру нәтижесінде педагогика құлдырауға ұшырады. Алайда, Қайта Өрлеу дәуіріндегі ғалымдар, жазушылар мен философтардың еңбектерінен проблемалық оқытудың жекелеген аспектілерін табуға болады. Мәселен, француз философы М.Монтень (1533-1592) гуманистік әдістер енгізу қажетілігін атап көрсетті. Оқу қуанышты, ерікті, саналы процесс болуы тиіс деп есептеді. Білім берудің аса маңызды және әділетсіз ұмытылған мақсаттары ретінде Монтень оқушылардың ақыл ой қабілеттері мен өз бетімен ойлау дағдыларын айрықша атады. Ол қайтыс болған жылы көрнекті чех философы және педагог-гуманист Ян Коменский (1592-1670) дүниеге келді. Я.Коменский білімнің қазіргі заманғы теория мен практика үшін орасан істер атқарды. Тіптен 17 ғасырдың басында-ақ, бірнеше жүздеген жылдардан соң ғана практикалық педагогикада жалпыға мойындатылған кейбір идеаларды айтты. Я.Коменский оқу процесін белсендіру үшін оқу ойындарын пайдалануды ұсынды, бұл мақсаты жағынан проблемалық оқытуға өте жақын [2].

Оқушыларға өзгеше формада берілген проблемалық тапсырма жасау, соның негізінде сабақтарда әртүрлі ойындық жағдайлар, «саяхат»- сабақтар өткізу- географияны оқытуда проблемалық тәсілді дамытудың перспективті бағыттарының бірі болып саналады.

Осындай тапсырмалардың бірнеше нұсқасы Оңтүстік Американы оқыту мысалында келтіріледі. Материктің табиғатына адамның шаруашылық қызметінің ықпалын қарастыра отырып, «Робинзонның аралын құтқарыңдар!» деген шартты атаумен , ал табиғат ерекшеліктерін, Бразилия мен Перу халқын оқығанда «Амазонкаға саяхат» сабағын өткізуге болады.

Мұғалім жекелеген басқа тапсырмаларды тақырып бойынша қайталау барысында қолдана алады.

1 тапсырма.

Робинзон Крузо тап болған иесіз арал қандай климаттық белдеуде орналасқан? Ол арал туралы төмендегідей мәліметтерді баяндайды: «Менің бақылауым бойынша, менің аралымдағы жыл мезгілдерін бізде Еуропада бөлетіндей суық және жылы деп емес, жаңбырлы және құрғақ деп бөлу керек, шамамен былай:

Ақпанның ортасынан сәуірдің ортасына дейін – жаңбыр, күн көкжиекте; сәуірдің ортасынан тамыздың ортасына дейін – құрғақшылық; тамыздың ортасынан қазанның ортасына дейін – жаңбыр, күн тағы да көкжиекте; қазанның ортасынан ақпанның ортасына дейін – құрғақшылық.»

(Ескерту. Жылдың жаңбырлы мезгілі жел бағытына байланысты ұзағырақ немесе қысқарақ болуы мүмкін, бірақ келтірілген бөлу жалпы дұрыс)



2 тапсырма

О. Игнатьев «Амазонка мәскеуліктің көзімен» деген кітабында былай деп жазды: «Бұрын үндістердің үлкен қаласы болған деген жерді өз көзіммен көру маған қызық болып еді. Дегенмен, Нилтон мырзаның Беленде «жаңбырдан кейін» кездесуі жоспарланғандықтан, осы қызық жерге барудан бас тартуға тура келді. Және бізге кем дегенде бір сағаттан соң ұшуымыз керек болды.»

-Кездесу қандай уақытқа белгіленген?

Сұраққа жауап бере отырып, оқушы атлас картасымен жұмыс істеп және төмендегідей жұмыстарды орындайды:

1. Оңтүстік Американың физикалық картасы бойынша Белен қаласының географиялық орналасуын анықтайды.

2. Климаттық карта бойынша Беленнің қандай климаттық белдеуде жатқанын анықтайды.

3. Климаттың осы түрінің ерекшеліктерін атайды.

4. Сұрақтарға жауап береді.

Жауаптың мысалы. Әдетте, климаттың экваторлық типінде таңертең күн ашық болады. Күндіз күн сәулесі жер бетін қатты ысытуына байланысты ауа массалары ылғалданып жоғары көтеріледі де – бұлттар пайда болады. Түстен кейін жауын жауады. Кешке тағы күн ашылады. Жылда әрбір күні осылай болады. Демек, кездесу күндізгі 4-5 сағаттар шамасына белгіленген.

3 тапсырма

« Робинзон аралын құтқарыңдар!»

Робинзон аралы Чили жағалауына жақын Хуан-Фернандес аралдар жүйесінде орналасқан. Бәрімізге белгілі, британ теңізші Александр Селкирк осы аралға 1704 жылы тап болған, және оның оқиғалары Даниел Дефоның атақты романының желісіне алынған. Аралдың 1935 жылы-ақ ұлттық саябақ деп жариялануына қарамастан, бұрынғы таңғажайып көрінісінен ештеңе қалмаған. Тау-кен өндірісі, әскери құрылыстар және әскери жаттығулар аралдың табиғатының құлдырауына соқтырды.

Экологиялық проблемалар Латын Америкасының көптеген елдері үшін өзекті мәселеге айналған.

1. Атластың кешенді картасы бойынша адам қызметі нәтижесінде көбірек өзгеріске ұшыраған аудандарды анықтаңдар. Атластың қандай мәліметтері негізінде осындай қорытынды шығардыңдар?

2. Бұл аудандарға қандай өткір экологиялық проблемалар тән?

3. Қандай табиғат құбылыстары, жер құрылысының ерекшеліктері, климаттық жағдайлар адамның шаруашылық қызметінің табиғатқа кері ықпалын одан әрі өршітеді?

4. Қышқылды жаңбырлар дамыған елдердің проблемасы болудан қалды. Қоршаған орта үшін қатерлі осы құбылыс енді Латын Америкасында да байқала бастады. Бразилияда қышқылды жаңбыр Кубатан қаласында үнемі жауатын болды. Лас-Вентанас қаласы маңында қышқылды жаңбырдан бидай егіні мен үй жануарлары қырыла бастады. Чили солтүстігіндегі шаруалар жүзімдіктерді синтетикалық материалдан жасалған пленкалармен жауып қояды. Осы аудандарда қышқылды жаңбырлардың жаууы себебі неде? Осы сұраққа жауапты атлас картасы бойынша табуға болады ма? Сендерге тағы қандай қосымша ақпараттар қажет?

5. Оңтүстік Американың кез-келген табиғи кешенін мысалға алып адамның шаруашылық қызметының табиғатқа жағымды (жағымсыз) ықпалын көрсетіңдер. Ол қандай өзгерістер әкеледі? Экологиялық проблемаларды (оны өздерін белгілендер) шешудің қандай жолдарын ұсынасыңдар? Латын Америкасының үкіметі қоршаған ортаны қорғау бойынша қандай шаралар қолдануда?

Қазіргі таңда Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын оқыту барысында бұрынғыдай сандар мен фактілерді айтып шығу жеткіліксіз. Енді олар сабақтарда Қазақстанның халық шаруашылығы жүйесінің, оның жекелеген салаларының жетілдірілуі, елдің экономикалық дамуы туралы толығымен зерттелуі үшін, проблемалық оқыту көмегімен проблемалар көтеріліп және оларды шешудің мүмкін жолдарын көрсету үшін себепші болуы қажет.

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытуды проблемалық тәсіл арқылы жүзеге асыру Қазақстанның экономикасының алдында тұрған көптеген проблемаларды шешу үшін оқушылардың қажетті ойлаудың жаңа стилін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы курсы бойынша проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар қатары проблемалық сұрақтар мазмұнына қойылатын талаптар негізінде анықтаймыз (қосымша А).

Бұл сұрақтар мен тапсырмаларды проблемалық деп атауға болады, егер:

►Сұрақ пен тапсырманың негізінде сабақта проблемалық жағдаятты жасау мүмкін болып, осы проблемалық жағдаятты шешу оқушылардан дербес шешу жолын іздеуді талап етсе;

►Сұрақ пен тапсырмалар зерттелуші ғылымның басты идеяларымен, ұғымдарымен, заңдылықтарымен байланысты болса;

►Оқу материалын, соның ішінде дәйекті деректерді бөлшектелген проблемалар маңына топтау мүмкін болса.

Мысал ретінде берілген кейбір сұрақтар мен тапсырмаларды қарастырып көрелік.

1 тапсырма. Елдің еңбек ресурстарының олардың шаруашылығының дамуы мен қозғалысына ықпалын анықтаңдар.

Тапсырманы «Еңбек ресурстары» тақырыбын оқыту барысында негізгі танымдық сұрақ ретінде қолдануды ұсынады. Мұғалім тақырыпты оқытудың ретті міндетін белгілегеннен кейін, сабақ барысында проблемалық жағдаят тудыруға әкелетін негізгі танымдық міндетті анықтайды. Сабақтағы проблемалық жағдаят елдің еңбек ресурстарының олардың шаруашылығының дамуы мен қозғалысына ықпалын ашу тапсырмасының талаптары мен оқушылардың оны шешу үшін қажетті білімдерінің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылық негізінде туады. Мұғалімнің міндеті оқушылардың осы білімдерді іздеу қызметін ұйымдастыру болып табылады. Олардың қызметі әр түрлі болуы мүмкін: Бұл оқулық мәтінімен дербес жұмыс істеу, қажетті карталарды талдау, сұрақтың жауабының логикасы ашылатын мұғалімнің түсіндіргенін игеру, эвристикалық әңгімеге қатысу, негізгіге қатысты жеке сипаты бар проблемалық сұрақтарды дербес шешу.



2 тапсырма. Оның географиясына әсер ететін металлургия ерекшеліктерін анықтаңдар.

Бұл тапсырма оқушылар үшін төмендегідей шарттарды сақтаған жағдайда проблемалық болып табылады:

►Егер тапсырма негізінде сабақ барысында проблемалық жағдаят туып және оны оқушылар шешуге тырысса;

►Проблемалық жағдаятты талдау нәтижесінде оқушылар өздеріне интеллектуальды тұрғыда қиындық туғызған элементті дербес таба алса; ондай элемент проблема болып табылады;

Оқушылар өздері немесе мұғалімнің көмегімен проблеманы қоя алса: металлургиялық кешен кәсіпорындарының орналасу ерекшеліктері мен өндіріс ерекшеліктері арасында қандай байланыс бар?

Мұғалім содан кейін оқушылардың проблеманы шешу жолдарын іздестіру қызметін ұйымдастырады. Оқушылардың қызметінің сипаты кестеде көрсетілген.



3,4 тапсырмалар өздерінің мазмұны мен талаптары бойынша проблемалық сипатқа ие. Олардың біреуі химия өнеркәсібінің дамуындағы қарама-қайшылықты табу және ашуды талап етсе, екіншісі – Қазақстанның ауыл шаруашылық кешенінің дамуындағы негізгі қарама-қайшылықты көрсететін проблеманы көтеруді талап етеді. Тапсырмада проблемалық оқытудың негізгі белгісі - қарама қайшылықтың бар болуы оны түсінікті етіп, мұғалімдер арасында көп кездесетін сұрақ: проблемалық па, емес пе? деген мәселенің алдын алады.

5 тапсырма. АӨК территориялық ұйымдасуына қандай себептер әсер етеді?

Бұл тапсырма пікірталас тудыратын сұрақтар қатарына жатады: мәселе проблемалық па әлде емес пе? Егер проблемалық болса, онда қандай жағдайда?

Сұрақ тақырыпты қорыту үдерісінде шешіледі. Психология тұрғысынан қорыту дегеніміз бұл ұқсас заттар, құбылыстарды олардың ортақ белгілері бойынша біріктіру болып табылады. Қорыту ақпараттар санын азайтады, көптеген ұқсас заттар мен құбылыстар білімін бір ұстаным немесе бір заңдылық білімімен алмастырады, яғни, құбылыс пен затты бөлектенген емес, белгілі бір сыныптың айқындаушысы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Ғылымда белгілі заңдар, ұстаным, ережелер – бұлар қортындылар немесе тұжырымдар деп аталады. Ұғымдар да ой қорытындысы болып табылады. Қорыту заттардың мәнін зерттелуші құбылыстар мен объектілер арасындағы байланыс орнатуға мүмкіндік беретін олардың дамуының заңдылығы ретінде ашып көрсетеді. Осылайша, қорыту– шығармашылық ойлаудың қажетті және маңызды компоненті, ол адамның ақыл ойының дамуына жағдай жасайды.

Осы негізде өткен материалдың қорытуды талап етуші сұрақтар мен тапсырмалар проблемалықтар категориясына жатады. Аталған нақты мысалда оқушылардан агроөнеркәсіптік кешені туралы бұрын алған білімдерін қорыту, кешеннің өндірісінің орналастыруына ықпал етуші себептерді табуды, оларды өздері дербес түсіндіріп жалпы қорытынды шығаруды талап етеді.

Белгілі бір дәрежеде бұл тапсырманы оқушылардың тақырыптың негізгі мәселелерін игеру деңгейін анықтау үшін пайдалануға болады, өйткені, өткен материалды қорытындылай білу оқушылардың ақыл ойының дамуының белгілі бір деңгейін, олардың бұрын алған білімдерін жаңа жағдаятта пайдалана білуін дәлелдейді.

6 тапсырма. Елдің экономикасында көліктердің атқаратын рөлі қандай?

Оны оқушыларға «Елдің көліктік кешендері» тақырыбын өздері дербес оқуы үшін негізгі танымдық тапсырма ретінде ұсынуға болады. Тақырып бойынша екінші сабақта оқушылар оны дербес оқығанының нәтижесін көрсетеді: Мұғалімнің тапсырмаларын, соның ішінде проблемалық тапсырмаларын орындайды, эвристикалық әңгімеге қатысады, хабарламалар жасайды.



7 тапсырма. Қазақстанның дамуы мен жалпы халық шаруашылық проблемаларды шешудің арасындағы байланысты дәлелдеуді талап етеді. Тапсырманы жаңа тақырыпты өту процесінде негізгі танымдық тапсырма ретінде қолдану ұсынылады. Сұраққа толық жауап беру үшін балалардың білімі жеткіліксіз болғандықтан, мұғалім түсіндіру барысында осы байланысты өзі ашып көрсеткені дұрыс болады. Дегенмен, мұғалімнің түсіндіруінде оқушылар оқулық мәтінімен, картамен және статистикалық мәліметтермен өздері жұмыс істеу барысында шешуге қол жетімді проблемалар қойылуы қажет. Осы жұмыс барысында оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен Қазақстанның экономикалық дамуы проблемаларын анықтайды, оларды шешудің мүмкін жолдары бойынша болжамдарын айтады, өз жауаптарын нақтылайды және толықтырады.

8 тапсырманың мазмұнында оқушылардан өз пікірлерін білдіріп дәлелдеуді талап ететін шарттар бар. Мұндай тапсырмалар әдетте проблемалық тапсырмалар қатарына жатады.

9 тапсырманы оқушылар проблеманы анықтап, оның мәнін ашу және шешу жолдарын көрсетуі қажет хабарламалар жасауға дайындық кезінде проблема ретінде қолдануға болады.

10 тапсырманың мазмұнында оқушылардың бұрынғы білімдерімен жаңа ақпараттар арасындағы қарама-қайшылық айқын көрінеді. Оқушылар физикалық география курсынан Қазақстанның далалық зоналарының жалпы ерекшеліктерін жақсы біледі. Дегенмен қарастырылып жатқан аудандар бір табиғат зонасында орналасқанымен, олардың ауыл шаруашылық мамандануы бірі-бірінен өзгешеленеді. Картамен жұмыс істеу барысында оқушылар осы қарама-қайшылықты анықтап, шешеді. Аталған сұрақ барлық оқушылар үшін проблемалық сипатта болмайтынын айта кеткен жөн. Қазақстанның далалық зонасының климаттық ерекшеліктерін жақсы білетін оқушылар жаңа оқу материалын қиындықсыз игеріп, сұрақтарға жауап бере алады.

11, 12, 13 тапсырмалар сәйкес тақырыптар бойынша білімдерді игеру деңгейін тексеру үшін қолданылады. Олар ақыл-ой қызметінің әр түрлігін талап етеді: белгілі бір жағдайды дәлелдеуді, өз пікірін білдіру, оны негіздеу, салыстыру, яғни, ойлаудың әртүрлі операцияларын орындауды талап етеді.

14 тапсырма оқушылардан ТӨК мәні, оның ерекшеліктері және нақты Павлодар ТӨК құрылымының ерекшеліктері туралы теориялық білімдерін жаңа жағдаятта: Солтүстік шығыс экономикалық аймағының келешекте дамуын оқу барысында қолдануды талап етеді.

15 тапсырма

Мысал ретінде келтіріген сұрақтар мен тапсырмалар мұғалімге өзінің проблемалық сұрақтар мен тапсырмалары жүйесін, атап айтқанда біз қозғаған тақырыптар бойынша жасауға көмектеседі.

Жұмыс нәтижелері эвристикалық әңгіме барысында ұжымдық түрде талқыланады. Мұғалімнің жетекшілігімен оқушылар сұраққа жауап беруге тырысады: анықталған ерекшеліктер кешеннің салаларының орналасуынан қалай көрінеді?

Кешенді зерттеу әрбір оқушының контурлы картамен, оқулық мәтінімен жеке жұмыс істеуін де талап етеді. Контурлы картада оқушылар елдің негізгі металлургиялық базаларын белгілейді. Оқулық мәтінімен, атлас картасымен жұмыс істеп салыстырады, әрбір металлургиялық базаның ерекшелігін анықтайды. Ұжымдық әңгіме барысында қара және түсті металлургия өндірісі кезінде туындайтын экологиялық проблемаларды талқылайды.

Кешендерді оқыту шамасына қарай оқушылардың сабақтардағы өзіндік жұмысының көлемі артады. Біз төменде мұғалім оқушылардың өзіндік танымдық қызметін ұйымдастыру үшін қолдана алатын сұрақтар мен тапсырмалар мысалдарын келтіреміз.

1.АӨК-нің салалық құрамын зерттеңдер. Оның маңызды салаларының географиясын анықтаңдар. ҒТТ ықпалымен АӨК-нің орналасу ұстанымы өзгереді ме? Кез келген АӨК мысалында осы өзгерістерді көрсетіңдер.

2.Атлас картасы (қандай?) еліміздің АӨК территориялық құрылымдарының келешекте өзгеруінің басты бағыттарын анықтаңдар. Осы бағыттарды анықтау үшін қандай қосымша ақпараттар қажет?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар келесі бағыттарды анықтайды:

Азық түлік өндірісінің келешекте қолайлы топырақтық-климаттық жағдайларлары бар аудандарда шоғырлануы;

Тез бұзылатын өнімдердің, әсіресе сүт, көкөніс пен жемістер өндірісінің дамыған өнеркәсіптік аудандар мен ірі қалалар маңына территориялық шоғырлануы.

«Агро өнеркәсіптік кешен» тақырыбын оқыту барысында оқушылар екі практикалық жұмыстарды орындайды: «Агро өнеркәсіптік кешенінің типтік сызбасын жасау» практикалық жұмысы және «Тамақ өнеркәсібінің өңдеуші өндірісінің ауыл шаруашылық кәсіпорындарына жақындатудың тиімділігін анықтау» практикалық жұмысы. Оқушыларға бағдарламалық практикалық жұмыстарды орындау үшін төмендегідей күрделендірілген сұрақтар мен тапсырмаларды беруге болады.

1.Мақта өнеркәсіптік АӨК нің құрылымдық сызбасын құрастырыңдар. Құрастырылған сызба, атлас картасы, статистикалық мәліметтер бойынша кешеннің дамуын қамтамасыз ететін қандай салалар бірінші кезекте дамытылуы қажет. Олардың қайсысы жоғарғы қарқынмен жеткіліксіз дамуда? Бұл бүкіл мақта өнеркәсіптік АӨК дамуына әсерін тигізуде?



2.Контурлы картаға Қазақстанның негізгі мақта өндіруші ауданын белгілеңдер. Статистикалық мәліметтер негізінде соңғы 15 жыл көлемінде мақта өндірісі қалай өзгергенін анықтаңдар. Процестің динамикасы қандай, оның келешегі қандай? Мақта өндірісінің дамуының қандай проблемалары жедел шешуді талап етеді?
Әдебиеттер тізімі

  1. История педагогики: Учебник для студентов пединститутов / Н. А. Константинов, Е. Н Медынский, М. Ф. Шабаева, - М.: Просвещение, 2002. - 447с.

  2. Коменский Я.А., Локк Д., Руссо Ж.-Ж., Песталоцци И.Г. Педагогическое наследие. – Москва, 1987.

  3. Понурова Г.А. Проблемный подход в обучении географии в средней школе. –М., 1991.- 192 с.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет