Дезинфекция (залалсыздандыру) – қоршаған ортадағы адам үшін бактериалды споралардан басқа патогенді микроорганизмдерді жою үдерісі; бұл термин жансыз нәрселерге негізделген, биологиялық тіндер үшін «антисептика» термині қолданылады [6, 7]


Дезинфекциялық ерітінділердің жіктелуі (химиялық құрылымына байланысты)



бет4/11
Дата19.09.2022
өлшемі47,75 Kb.
#149996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 сабақ

3.3.5 Дезинфекциялық ерітінділердің жіктелуі (химиялық құрылымына байланысты) [7].

  1. Йод, бром негізінде галлоидтан тұратын препараттар: хлордан тұратын: хлор ерітіндісі, кальций гипохлориді, хлорамин Б, диохлор, пантоцид; йод негізінде: спиртті йод ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, йодинол, йодокам, йодоформ, йодонат; бром негізінде: аквабор.

Айқын бактерицидті, спороцидті, фунгицидті және дезодорир-леуші әсерге ие, бірақ респираторлы жүйені, көзді тітіркендіреді, токсикалы, утилизацияны дұрыс жасамаса қоршаған ортаға зиян, коррозия шақырады, иісі тұрақты. Кемшіліктеріне қарамастан, бұл топ заттарын медициналық мекемелерде кеңінен қолданады. Олар қол жетімді, тиімді, бірақ қолдану және утилизация ережелерін қатал қадағалауды талап етеді.

  1. Көмірқышқыл газынан тұратын: калий перманганаты, сутегі асқын тотығы ерітіндісі. Бұл топтағы препараттардың әсер ету принципі мкроораганизмдердің протоплазмасынан органикалық компоненттердің қышқылдану және көмірқышқыл газының бөлініп шығуына негізделеді. Сутегі асқын тотығы жараларды тазалауда және қан тоқтатуда қолданылады. Улылығы аз, табиғи орта үшін қауіпсіз, арнайы иісі жоқ.

Олардың басты кемшілігі – жоғары коррозиялық белсенділігі бар, сондықтан олар металды инструменттерді өңдеу мен тазалауда қолданылмайды.

  1. Альдегидтен тұратын: формальдегид, глиоксаль, сайнекс, деконекс, лизоформин-3000, глутарал, бианол және т.б.

Кешенді бактериоцидті, споралы, вирулентті әсер көрсетеді, микроорганизмдердің барлық түріне жоғары антимикробты белсенділік танытады. Медициналық инструменттер мен бұйымдарға коррозия тудырмайды, оларды пластикалық линзаларды және резеңке бұйымдарын тазалауда, сондай-ақ қиын конфигурациялы (мысалы, эндоскоп) технологияны дезинфекция жасауда қолданылады.
Бірақ тыныс алу жүйесіне тітіркендіргіштік әсер береді, адамдар арасында қолдана алмайды.

  1. Құрамында спирт бар заттар: 70% этил спирті, изопропанол, пропанол, октенисепт, изосепт, предез, инцидинликвид, микроцид және т.б.

Бактериоцидті, туберкулоцидті, фунгицидті қасиет көрсетеді. Улылығы аз, дақ қалдырмайды және экологиялық қауіпсіз болып саналады. Спиртті заттарды теріге антисептик ретинде қолды тазалауда, иньекция жасағанда көп қолданады. Стетоскопты, қайшыны, термометрлерді дезинфекция жасауда пайдаланады.
Бірақ дезинфактанттардың бұл түрі микроорганизмдердің вегетативті формалары мен спораларына байланысты әсерсіз. Эндоскоп, хирургиялық материал, құрал-жабдықтарды спиртпен өңдеу эффективтілігі төмен және инфекциялардың таралуына алып келуі мүмкін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет