Күйдіру мен тесу. Бұл әдісті лабораториялық инелер, мақта пробкалары, пробиркаларды және т.б. зарарсыздандыру үшін қолданады. Ол үшін спирттік, газ көгілдір шамдары, күйдіру шамы мен арнайы факел отынымен күйдіру пайдаланылады.
Су буы. Су буы өңделуші заттардың тереңіне енуі арқасында ең нәтижелі дезинфекциялық құрал болып табылады. Автоклавтағы дезинфекция тәртібі (бикстерде) t - 110°С температурада, 0,5 атм. қысымында, экспозициясы 20 мин.
Құрғақ ыстық ауа, немесе құрғақ ыстық. Оның микроб клеткасына әсері - клетканың сусыздануы мен бүрісіп қалуына алып келеді. Құрғақ ыстық ауаны ылғалдандыру кезінде оның бактерицидтілігі барынша ұлғаяды. Органикалық заттармен ластанбаған әйнек, металл, температураға төзімді металлдар үшін құрғақ ыстық шкафта t 120°С, экспозициясы 45 мин.
Ультракүлгіндік сәулелендіру. Инфекциялық стационар, балалар ауруханасы, босану үйлері, ота бөлмелері, бокстар мен басқа да бөлмелерде аурухана ішілік жұқпалардың алдын-алуы мақсатында бактерицидті сәулелеуші аппараттар қолданады. Сәулелендіру салдарынан ауадағы патогенді микроағзалар жойылып, басқа микроағзалардың туындауы 80-90%-ға төмендейді.
3.3.4 Дезинфекцияның химиялық әдісі
Дезинфекцияның химиялық әдісі ауру туындатушы микроағзаларды жою мен дезинфекциялық заттармен токсиндерді құлдыратуына бағытталады. Химиялық заттар әсері - жоғары температура әсерімен салыстырғанда тым беткей келеді. Дегенмен, қолжетімді болуы себебінен бұл әдіс жиі қолданысқа түседі. Жоғары температурадан құртылатын көптеген заттарды дезинфекциялық құралдармен зиян келтірмей өңдеуге болады [7].
Дезинфекциялық заттарға қойылатын негізгі талаптар:
жоғары бактерицидтілік;
адамдарға зиянсыз болуы;
өңделуші заттардың құртылуын болдырмауы;
суда еруі;
сақтаудағы тұрақтылығы;
қолданудағы ыңғайлылығы;
органикалық заттардың қатысуымен бактерицидті әсерінің сақталуы;
өндірісінің арзандылығы.
Тәжірибеде дезинфекция үшін көптеген химиялық заттар, олардың қосындылары қолданылады. Дезинфекциялық заттар қоздырғыш түріне, өңделетін зат құрылымына, қоршаған орта шарттарына байланысты таңдалады [6].
Достарыңызбен бөлісу: |