Дезинфекция (залалсыздандыру) – қоршаған ортадағы адам үшін бактериалды споралардан басқа патогенді микроорганизмдерді жою үдерісі; бұл термин жансыз нәрселерге негізделген, биологиялық тіндер үшін «антисептика» термині қолданылады [6, 7]



бет3/11
Дата19.09.2022
өлшемі47,75 Kb.
#149996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 сабақ

Күйдіру мен тесу. Бұл әдісті лабораториялық инелер, мақта пробкалары, пробиркаларды және т.б. зарарсыздандыру үшін қолданады. Ол үшін спирттік, газ көгілдір шамдары, күйдіру шамы мен арнайы факел отынымен күйдіру пайдаланылады.



  • Су буы. Су буы өңделуші заттардың тереңіне енуі арқасында ең нәтижелі дезинфекциялық құрал болып табылады. Автоклавтағы дезинфекция тәртібі (бикстерде) t - 110°С температурада, 0,5 атм. қысымында, экспозициясы 20 мин.



  • Құрғақ ыстық ауа, немесе құрғақ ыстық. Оның микроб клеткасына әсері - клетканың сусыздануы мен бүрісіп қалуына алып келеді. Құрғақ ыстық ауаны ылғалдандыру кезінде оның бактерицидтілігі барынша ұлғаяды. Органикалық заттармен ластанбаған әйнек, металл, температураға төзімді металлдар үшін құрғақ ыстық шкафта t 120°С, экспозициясы 45 мин.




  • Ультракүлгіндік сәулелендіру. Инфекциялық стационар, балалар ауруханасы, босану үйлері, ота бөлмелері, бокстар мен басқа да бөлмелерде аурухана ішілік жұқпалардың алдын-алуы мақсатында бактерицидті сәулелеуші аппараттар қолданады. Сәулелендіру салдарынан ауадағы патогенді микроағзалар жойылып, басқа микроағзалардың туындауы 80-90%-ға төмендейді.


3.3.4 Дезинфекцияның химиялық әдісі
Дезинфекцияның химиялық әдісі ауру туындатушы микроағзаларды жою мен дезинфекциялық заттармен токсиндерді құлдыратуына бағытталады. Химиялық заттар әсері - жоғары температура әсерімен салыстырғанда тым беткей келеді. Дегенмен, қолжетімді болуы себебінен бұл әдіс жиі қолданысқа түседі. Жоғары температурадан құртылатын көптеген заттарды дезинфекциялық құралдармен зиян келтірмей өңдеуге болады [7].
Дезинфекциялық заттарға қойылатын негізгі талаптар:

  • жоғары бактерицидтілік;

  • адамдарға зиянсыз болуы;

  • өңделуші заттардың құртылуын болдырмауы;

  • суда еруі;

  • сақтаудағы тұрақтылығы;

  • қолданудағы ыңғайлылығы;

  • органикалық заттардың қатысуымен бактерицидті әсерінің сақталуы;

  • өндірісінің арзандылығы.

Тәжірибеде дезинфекция үшін көптеген химиялық заттар, олардың қосындылары қолданылады. Дезинфекциялық заттар қоздырғыш түріне, өңделетін зат құрылымына, қоршаған орта шарттарына байланысты таңдалады [6].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет